З. А. Мовкебаева (қолы)


Тұлғаның мінез-құлықтық теориясының негізгі үш блогы



бет41/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85
Байланысты:
З. А. Мовкебаева ( олы)

3. Тұлғаның мінез-құлықтық теориясының негізгі үш блогы.
Егер де мінез-құлықтық теориясын рефлекторлы бағыты шегінде жеке тұлғаның арнайы одақтары болатындығы мүлдем жоққа шығарылса, әлеуметті-үйретілген бағыттың өкілдері осындай одақтардың болуы мүмкін деп есептейді. Мінез-құлықтық үлгіде жеке тұлғаның негізінде үш (3) концептуалды одағы бар:
Негізгі одақ- “жасай аламын-жасай алмаймын” когнитивті конструкты боп табылатын, өзіне қолайлылық. А. Бандура бұл құрылымды болашақ (алдағы) бекітуді алуды күту, сену, көзі жетуі сияқты анықтайды. Бұл одақ арнайы бір мінез-құлықтың табысты орындалуын немесе жаңа әлеуметті дағдылардың табысты игерілуін төмендетеді. Егер де адам “жасай аламын” деп шешім қабылдаса, онда ол арнайы бір әрекетті орындауға кіріседі, ал егер “жасай алмаймын” деген шешім қабылдаса, онда соған байланысты әрекетті орындаудан немесе оны меңгеруден бас тартады. Мәселен егер сіз қытай тілін үйрене алмаймын деп шешшеңіз, онда ешқандай күш сізді оны жасауға итермелей алмайды. Ал, егер мұны қалайда орындай аламын деп шешшеңіз, онда ерте ме кеш пе үйренесіз.
Бандураның ойынша, адамның нені жасай алып, нені жасай алмайтынына байланысты сенімділігінің қалыптасуын анықтайтын төрт негізгі шарт бар екен:
1. Өткен тәжірибесі (білім, дағдылар); мәселен, егер бұрын жасай алсам, қазір де жасай аламын-ау;
2. Өзіне нұсқау (самоинструкция); мысалы “Мен мұны жасай аламын!”;
3. Көтеріңкі эмоция көңіл-күй (алкоголь, ән, махаббат);
4. (Ең басты шарт) Басқа адамдардың мінез-құлқына ұқсағыштық, бақылау, үлгілеу (шынайы өмір үстінде бақылау, кинофильмдер көру, кітап оқу т.б.);
Мысалы: “Басқалар жасай алғанда, мен де жасай аламын!”.
Дж. Роттер жеке тұлғаның негізгі екі ішкі одағын көрсетеді: субъективті маңыздылығы (алдағы бекітуді бағалайтын құрылым) мен қол жетерлік (өткен тәжірибе негізінде бекітуді алуды күтумен байланысты құрылым). Бұл одақтар жеке бөлек қызмет жасамайды, олар мінез мүмкіндігі (шамасы) немесе когнитивті мотивация одағы деп аталатын жалпы одақты құрады (Хъелл А., Зиглер Д., 1997).
Жеке тұлғаның біріңғай қасиеттері субъективті маңыздылық пен қол жетерлік одақтары әрекетінің бірлігінде байқалады. Роттердің пікірінше, өз мінез-құлқы мен (өз күші мен әрекеті) оның нәтижесі (бекітулер) арасындағы байланысты байқамайтын (немесе әлсіз байланысты ғана көретін) адамдарда сыртқы немесе экстернальды “бақылау локусы” болады. “Экстернальдар” – бұл ситуацияны басқара алмай, өмірінде ықтималдыққа сенім артатын адамдар. Өзінің мінез-құлқы мен оның нәтижесі арасындағы байланысты көре білетін адамдарда ішкі немесе интернальды “бақылау локусы” болады. “Интернальдар” – бұлар ситуацияны басқарып, бақылай алатын және сол ситуацияға олар қол жеткізетін адамдар.
Осыған орай, бұл ықпал бойынша, жеке тұлға дегеніміз – бір жағынан әлеуметті дағдылар мен шартты рефлекстердің жүйесі, екіншіден, өзіне қолайлылық, субъективті маңыздылық пен қол жетерлік сияқты ішкі факторлардың жүйесі боп келеді. Жеке тұлғаның мінез-құлықтық теориясы бойынша, жеке тұлғаның құрылымы - өзіне қолайлылық, субъективті маңыздылық пен қол жетерлік жетекші рольді ойнайтын рефлекстер мен әлеуметті дағдылардың күрделі ұйымдасқан иерархиясы.
Бұл теория “Бір адамдар басқа бір адамдарға қарағанда агрессивті болып келуі неліктен?” деген сұраққа, себебі бұл адамдарды тәрбиелеу процесінде агрессивті мінез-құлқы үшін мадақтап көтермелеп отырған, агрессивті адамдар олардың айналасында болған (құралған) және агрессивті мінез-құлықтың өзі олар үшін субъективті маңызды әрі қол жетерлік боп табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет