З. А. Мовкебаева (қолы)


тақырып. Психологиялық мектептер – тұлға туралы



бет47/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85
15 тақырып. Психологиялық мектептер – тұлға туралы.


Жоспары:
1. Гештальпсихология тұлға туралы.
2. Ж.Пиаженің тұлға туралы конструктивті тоериясы.
3. Тұлға туралы Вюрцбургтік психологиялық мектеп өкілдерінің көзқарастары.

Психология ғылымының дамуында тұлға туралы мәселелерді түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырған әртүрлі бағыттар мен мектептер көптеп саналады, мәселен, Гештальпсихология, Конструктивизм, Вюрцбургтік психологиялық мектептерінің негізгі идеялары.


1. Гештальпсихология тұлға туралы.
Неміс сөзі «гештальт» құрылымды, ұйымды немесе конфигурацияны білдіреді. Гештальтизм немесе құрылым психологиясы жиырмасыншы ғасырдың басында пайда болған ағым. Осы ілім теоретиктерінің ойынша айналамыздағы қоршаған орта құралған заттар біздің сезім ағзаларымызбен жеке элементтер түрінде қабылданбайды.
Келер (1887-1967жж.) мен гештальтистер үшін бізді қоршаған орта ұйымдасқан формалардан тұрады әрі қабылдауымыздың өзі де ұйымдасқан.
Бірінен кейін бірі тізбектеліп жүретін, нақты ретпен және ұсынылған ырғақта қабылданатын музыкалық тондардың қатары әуенге ұласады; егер наталардың қатары өзгертілсе немесе олардың біреуін өзгертсе тұтастай әуен өзгереді. Яғни біз элементтердің қарапайым жиынтығын емес, сол элементтерден құралған ұйымдасқан тұтастылықты қабылдаймыз.
Гештальтпсихологтардың ұсынған көптеген тұжырымдамалары қабылдауды зерттеуден топтардың динамикасына (топтың өзі құрамындағы индивидуумдардың қарапайым жиынынан ерекше тұтастылық болып табылады) дейін пихологияның әрқилы бөлімдеріне енді.
2. Ж.Пиаженің тұлға туралы конструктивті тоериясы.
Конструктивизм. Пиаже (1896-1980жж.) индивидуумның ақыл-ой дамуына деген коструктивистік тұрғысымен ерекшеленген швед психологы. Ол өзінің ойлау мен сөйлеудің қалыптасуы жөніндегі зерттеулерінің нәтижесінде танымдық даму тізбектелген сатылардан құралған бір ізді процестің нәтижесі екендігін қорыта айтты.
Қоршаған ортаны түсінуге талпынған бала үнемі өзінің әлем жайлы қалыптасқан түсінігін бұзатын жаңа проблемаларға кездесіп отырады. Пиаже жне конструктивистер бойынша баланы сол проблемалардың жаңа жауаптарын іздеуге «теңдестірудің» ішкі процесі итермелейді. Дәл осылайша бала біртіндеп неғұрлым күрделі бөлімдерді «зерттеуіне» мүмкіндік беретін танымның жаңа кезеңдерін өте бастайды.
Баланың осындай жетістігі жүйке жүйесі жетілуінің, әртүрлі заттарды пайдаланудың тәжірибесімен, тәрбие және тіл сияқты әлеуметтік факторлардың біріккен ықпалымен анықталады. Мұнда тумысынан берілген еш нәрсе жоқ. Пиаженің ойынша интеллектінің қызмет етуі ғана тұқым қуалайтындытан барлық адамдарға тән.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет