З. А. Мовкебаева (қолы)



бет44/85
Дата29.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#144999
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   85
Өзін-өзі бақылау – бұл өзін жеке тұлға ретінде ұғынумен байланысты өзін-өзі реттеу қасиетінің жиынтығы. Осы блок басқа блоктар өсіріледі (над) және олардың үстінен бақылау жасайды, яғни іс-әрекетті күшейту немесе кеміту, әрекеттерді түзету, іс-әрекетті біліп қою және жоспарлау т.б. (Ковалев А.Г., 1965)
Жеке адамның барлық одақтары өзара әрекет етеді және тұтас жүйелі қасиеттерді құрайды. Олардың ішінен аса маңызды орынды жеке тұлғаның экзистенционалды- тұрмыстық қасиеттері иеленеді. Бұл қасиеттер жеке тұлғаның өзі туралы (өзіне қарым-қатынасы), өзінің “Мені” туралы, тұрмыс (болмыс) мағынасы (мәні) туралы, жауапкершілік, бұл әлемдегі белгілеп қоюы туралы тұтас білімдермен (бейнелермен) байланысты.
Тұтас қасиеттер жеке тұлғаны ақылды, мақсатқа бағыттандырады. Экзистенционалды- болмыстық қасиеттері айқын жеке тұлға рухани әлемі бай, бүтін және дана боп табылады.
Соған орай, іс-әрекеттік ықпал бойынша жеке тұлға – бұл қоғамда арнайы бір орын иеленіп, әлеуметтік қоғамға пайдалы роль атқарып жүрген саналы субъект. Жеке тұлғаның құрылымы- бұл белгілі бір блок, қасиеттердің күрделі құрылған және жеке тұлғаның жүйелі экзистенционалды- тұрмыстық қасиеттерінің иерархиясы.
“Бір адамдар басқа бір адамдарға қарағанда неліктен агрессивті болып келеді?” деген сұрақтарға бұл теорияның өкілдері: себебі бұл адамдардың арнайы әлеуметтік ортадағы іс-әрекет үрдісіне (оқу, еңбек т.б.) басқа адамдарға денелік (физический) немесе психикалық залал жасауға деген мақсат қатып ұғынылған тілегі жатыр, ал өзін-өзі бақылау механизмдері дамымай қалған, - деп жауап береді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Іс-әрекеттік теорияның мінез-құлықтық теориядан
айырмашылығы неде?
2. Мотивация, темперамент, мінез, қабілет, өзін-өзі бақылау ұғымдарына сипаттама беріңіздер.


14 тақырып. Тұлғаның диспозициялы теориясы
Жоспары:
1. Тұлғаның диспозициялы теориясына түсінік.
2. Э.Кречмердің типологиясы.
3. Г.Айзенк тұлғаның ми құрылымының ерекше қызметі туралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет