4.Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын – тұлға дамуының негізгі аспектілері туралы.
1. Тұлғаның диспозициялы теориясына түсінік. Диспозициялы (ағылшынша: dіsposіtіon- бейімделушілік) теория негізгі үш бағытқа бөлінеді: “қатты”, “жұмсақ” және аралық-формальды-динамикалық.
Осы ықпалға орай, жеке тұлға дамуының негізгі қайнар көзі генді-ортаның өзара әрекеттесуінің факторлары боп табылады деп санайды және бір бағыт генетика тұрғысындағы тікелей әсерді, енді келесі бағыттар- орта жағынан келетін тікелей әсерді баса көрсетеді. “Қатаң” бағыт, бір жағынан, дене бітімі қасиеттері, жүйке-жүйесі мен ми сияқты адамның белгілі бір қатаң биологиялық құрылымдары арасындағы қатаң үйлесімділікті және екінші жағынан, белгілі бір жеке қасиеттер арасындағы үйлесімділікті табуға тырысады. Сонымен қоса, бұл жерде қатаң биологиялық құрылымдар сияқты, олармен байланысты жеке құрылулар (қалыптасулар) да ортақ (жалпы) генетикалық факторларға тәуелді екендігі ескертіледі. Неміс зерттеушісі Э.Кречмер дене (бітімі) құрылысы мен мінез типі және дене құрылысы мен белгілі бір психикалық ауруға бейімділік арасындағы байланысты тапты. (Кречмер Э., 1924)
Мәселен, дене құрылысы астеник адамдар (арық, қол-аяғы ұзын) басқа типтерге қарағанда жиі “шизоид” мінезді (тұйық) және шизофрениямен жиі ауырады.
Дене бітімі пикник адамдар (өте толықтау, қарны үлкен) басқаларға қарағанда көбіне “циклотимикалық” мінезді болады (көңіл-күй жақсы күйден қайғылыға жылдам өзгереді) және көбіне маникальды-депрессивті психозбен ауырады.
Г.Айзенк сияқты ағылшын зерттеушісі “интроверсия-экстраверсия” деген тұлғаның белгісі (тұйықтық-ашықтық) ми құрылымының ерекше қызметі – ретикулярлы формациямен шарттанған деді. Интроверттердің ретикулярлы формациясы қабықшаның жоғары тонусын қамтамасыз етеді және осыған сәйкес олар сыртқы әлеммен байланысқа түсуден қашады, әрі оларға артық сенсорлық стимуляция қажет емес. Экстраверттер болса сыртқы сенсорлы стимуляцияға қарай ұмтылады (адамдарға, ащы тамаққа т.б.), себебі, олардың қабықшасының (қабығы) тонусы төмен, ретикулярлы формацияның мидың қабық құрылымын керекті қабық белсенділігімен қамтамасыз етпейді.
Диспозициональды теорияның “жұмсақ” бағыты жеке ерекшеліктердің адам ағзасының биологиялық қасиеттеріне тәуелді екендігін мойындайды, алайда соның ішінде, қандай қасиеттерге тәуелді екендігі және қаншалықты тәуелді екендігі олардың зерттеу шеңберіне кірмейді.
Осы бағыттағы зерттеушілер ішінен ең танымалы “нышан” (белгі) теориясының негізін салушы Г.Оллпорт боп саналады. Белгі-түрлі уақыт пен түрлі ситуацияда адамның өзін ұқсас кейіпті ұстауға бейімделушілік. Мәселен, үйінде, жұмысында өзін ашық ұстайтын адамда “тіл табысқыштық” белгісі айқын көрінеді деп айтуға болады. Оллпорттың ойынша белгілердің тұрақтылығы адамның психофизиологиялық сипаттамалары жинағымен шарттанған.
Оллпорт белгіден де басқа, адамдағы ерекше тұлға астындағы құрылым-проприумды да (латынш: proprіum - өздігінен “мен өзім”) бөліп көрсетті. Проприум түсінігі гуманистік психологиядағы “Мен” түсінігіне жақындау боп келеді. Оның құрамына адамның адамгершілікті бағыттары, жоғары мақсаттар, мағыналар енеді. Проприумның дамуында Оллпорт негізгі рольді қоғамға бұру, алайда ол белгілердің проприумның қандай да бір ерекшеліктерінің қалыптасуына жанама әсер етеді деп есептеді. Проприумы дамыған адамды Оллпорт есейген жеке тұлға деп атады (Оллпорт Г., 1998).
Формальды – динамикалық бағыт Ресейлік психологтар Б.М.Теплов пен В.Д. Небылицынның еңбектерімен танылды. Бұл бағыттың бір ерекшелігі, адамның жеке тұлғасында екі деңгей, жеке қасиеттердің екі түрлі аспектілері – формальды – динамикалық және мазмұнды аспектісі болады деген пікірі болды. Жеке тұлғаның мазмұнды қасиеті проприум түсінігіне жақындау келді. Олар тәрбие, үйрену, іс-әрекеттің өнімі боп келеді және білім, ептілік, дағдыны ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой, мінез, мағына, бағыт, мақсат т.б. сияқты адамның ішкі әлемін де қамтиды.
Диспозиционалистердің пікірінше, жеке тұлға бүкіл өмір бойында дамып отырады. Соның ішінде өмірінің алғашқы жылдары, жыныстық жетілу жылдары ең маңызды кезең боп саналады. Бұл теория адамдар өз мінез-құлық құрылымдарындағы үнемі болатын өзгерістерге қарамастан, біртұтас белгілі бір тұрақты ішкі сапаларды игерген деп болжайды (темперамент, белгілер).
Диспозиционалистер жеке тұлға да саналылық сияқты санасыздық та (санадан тыс) бар дейді. Осыған орай, рационалды процестер жеке тұлғаның жоғары құрылымдарына, ал иррационалды процестер төменгі құрылым – темпераменттерге тән деп көрсетеді.
Диспозициональды теория бойынша, адамның ырық бостандығы шектеулі. Адамның мінез- құлқы белгілі бір дәрежеде эволюционды және генетикалық факторлар мен және темперамент пен әрі белгілермен (бітіс) детерминделген.
Адамның ішкі әлемі, соның ішінде темперамент пен белгілер, тікелей объективті және әдістермен тіркелуі мүмкін. Қандай да болмасын физиологиялық көрінулер, сондай-ақ электроэнцефалограмма, сөздік реакциялар т.б., темперамент пен белгінің түрлі қасиеттерін білдіреді. Бұл жағдай жеке тұлғаның биологиялық негізі мен дара-психологиялық ерекшеліктерді зерттейтін арнайы ғылыми бағыт- дифференциалды психофизиологияның құрылуына негіз болды. (Теплов Б., 1990; Небылицын В.Д., 1990).
“Қатаң” құрылымды үлгілер арасынан жеке қасиеттерді темпераменттің қасиеттерімен теңестіретін Г.Айзенк құрған жеке тұлға үлгісі ең танымал үлгі болды. Ол ұсынған үлгіде жеке тұлғаның үш фундаменталды қасиеттері немесе димензиялар берілген, олар: интроверсия-экстраверсия, нейтротизм (эмоционалды тұрақсыздық) – эмоционалды стабильность, психотизм. Нейтротизм- бұл жеке тұлғаның жоғары раздражительность пен және қозғыштығымен байланысты қасиеттері.
Эмоционалды – стабильді адамдар салмақты, байсалды болса, невротиктер (нейротизм мәні жоғары адамдар) үрейге тез енеді, қызба (тез қозғыш), мазасыз боп келеді. Психотизм- басқа адамдарға немқұрайлы, қызығушылығы жоқтық және әлеуметтік нормаларды қабылдамауды бейнелейтін жеке тұлғаның қасиеттерін бейнелейді.
“Жұмсақ” бағыттың өкілдері, соның ішінде Г.Оллпорт белгілердің үш түрлерін бөліп көрсетті.:
1. Кардиналды белгі тек бір адамға ғана тән және бір адамды келесі бір адамдармен салыстыруға жол бермейді. Кардиналды белгі адамды өткізетіндігі соншалықты, тіпті оның барлық әрекеттері осы белгіден алып шығару мүмкін. Мәселен, қайырымды Тереза (мать Тереза) рақымды, басқа адамдардың қайғысына ортақтасушылық сияқты белгілерді игерген.
2. Осы мәдениет шеңберіндегі (аймағында) жалпы белгілердің көптеген (бірнеше) адамдарға тән. Жалпы белгілер ішінен: тез тіл табысқыштық, нақтылық, ұқыптылық, адал ниеттілік т.б. сияқтыларды атауға болады. Оллпорттың пікірінше, адамда осындай белгілердің саны оннан (10) аспайды.
3. Жалпы белгілерге қарағанда, қосымша белгілер өте көп тұрақты емес. Бұлар тағам, киімдегі т.б. қалаулары.