Сәйкестікке жету – мамандық не идеологиялық сенім таңдауға байланысты дағдарыстан өтіп, нәтижесінде нақты таңдау жасалынатын эго-сәйкестік статусы.
Сәйкестікке қажеттілік – Э.Фромм бойынша адамның өзін басқалардан өзгеше қабылдауға ерекше қажеттілігі.
Темперамент (тemperament) – жоғарғы жүйке қызметінің типтік ерекшеліктеріне сәйкес адамның даралық сипатын білдіретін психологиялық ерекшелік. Т. адам мінезінің табиғи негізін анықтайды. Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типінің күшіне, теңдігіне, ауысу ерекшелігіне сәйкес темпераменттің төрт түрі сипатталады, ол: холерик, флегматик, сангвиник, меланхолик. Т.Олпорт бойынша – тұлға қалыптасатын бастапқы материал (интеллект және физикалық көрсеткіштер).
Толымсыздық кешені – басқа адамдармен салыстырғанда өзіндік толымсыз терең толық бойлайтын сезім. Үнемі дефектілі, қате ұстанымдармен және мінез-құлықтарымен бейнеленеді.
Фрейдизм – ХХ ғасырда психологияда кеңінен тараған ағым. З.Фрейд есімімен байланысты. Ағым – мінез-құлықтың негізгі реттеуші күші, қозғаушы факторы – жыныстық еліктеу дейді. Мұндай еліктеу мен сезім әректі санадан тыс табиғи қажеттілік деп саналады.
Функционды финализм – А.Адлер ұсынған, адам мінезі ойдан шығарылған, жалған мақсаттармен бағытталатынын, іс жүзінде дәлелдейтенбейтінін тексеруге келмейтінін көрсететін термин.
Ұнамдылық – жақсылық ойлауда, сәлемдесуінде, қарым-қатынас кезінде туындайтын таңқалушылығында, көңіл аудару, көмектесу және тағы басқа әлеуметтік көріністері немесе топтары, адамның басқа адамдарға тұрақты қолдаулы эмоциялық қатынасы.
Үстемділік кешені – А.Адлер теориясында өзіндегі толымсыз сезімін жою үшін, өзінің мәнділігін үлкен етіп көрсету тенденциясы.
Үстемділікке ұмтылу – өзінің жеке кемшіліктерін жеңуге, өзіндік потенциалын толық ашуға ұмтылу. А.Адлер оны адам мінезі негізінде жатқан орасан қуатты қозғаушы күш ретінде қарастырады.
Эго-психология – адам тәртібін түсіндірудің басқа да жолдарын, бағыттарын қарастыратын, өз бастауын З.Фрейд тұжырымдамасынан алатын тұлға жайлы психоаналитикалық теорияға негізделетін теориялық ілім. Эго-психологияда адам тәртібі мен қызметінің фундаменті ретінде идтен қарағанда эго басымырақ қарастырылады.
Эпигенетикалық тип – адамның өз дамуында өзгермейтін бірізді кезеңдерден өтуі. Әр кезең биологиялық дамумен және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыстармен ерекшеленеді.
Эмоция (франц. emation, лат. enoveo - толғану) – адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым – қатынас негізінде пайда болатын көңіл – күй.
Эмпатия - өзге адамның жан-дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру т.б. ұғымдар. Эмпатияны алғаш американдық психолог Э.Титченер ашып көрсетті.
Ф ҚазҰПУ 711-03-11. Пәннің оқу-әдістемелік кешені (магистратура). Біріншіі басылым.