3. Тұлға туралыВюрцбургтік психологиялық мектеп өкілдерінің көзқарастары. Вюрцбургтік психологиялық мектептің негізін Освальд Кюлпе (1862-1962жж.) қалаған. Кюльпе Вундтың шәкірті болғандықтан алғашында соның идеяларын ұстанады, алайда кейінірек студенттердің тобымен бірге Вундтың шектеулеріне (жоғары психикалық қызметтер, атап айтқанда ойлау эксперимент жүзінде зерттеліне алмайды) қарсы шықты. 1896 жылы Вюрцбург университетінде Кюльпе Вундтың ғылыми көзқарастарына қарсы келген психология лабораториясын ашады. Вюрцбург мектебі он төрт жыл тіршілік етіп Кюльпенің алдымен Боннға кейін Мюнхенге жер аударына байланысты тіршілігін тоқтатты. Зерттеулер негізінен жүйелі экспериментті интроспекция немесе ретроспективті интроспекция әдісінің көмегімен жүргізілді. Нақты тапсырманы шешкен сыналушы (мәселен, ұғымдардың арасында қисынды байланыстарды жасайды), шешу процесі жайында реторсективті есеп береді.
Осылайша Вюрцбург мектебінің ғалымдары ойлау процесіне жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Олар ойлау обьектіге бағдарланады, таңдамалы және мақсатты сипатқа ие, онда сыртқы орта заттарының арасындағы қатынастар сипатталады. Ойлау механизмдерінің субьектімен сезілмейтіндігі анықталды.
3.Семинар сабақтарының қысқаша сипаттамасы (семинар сабақтарының жоспары, МОӨЖ, МӨЖ)
1-Тақырып. Қазіргі психологиядағы ғылыми мектептер және теориялар пәні мен міндеттер
Отандық және шетелдік психологиялық мектептер және олардың даму беталыстары. Қазіргі тұлға теорияларына сипаттама. Тұлғаның психологиялық құрылымы.
2-Тақырып Тұлғаның психологиялық сипаттамасы Тұлғаның қажеттіліктер мен мотивтері. Тұлғаның мотивациялық құрылымдары мен мотивациялық қылықтары. Тұлғаның бағыттылығы.
3-Тақырып Тұлғаның дамуы туралы зерттеулер Тұлғаның дамуына ықпал етуші негізгі факторлар туралы түсінік. Адамның табиғатына қатысты негізгі тұрғыларға сипаттама. Жасөспірім және жастық шақтың психологиялық ерекшеліктері. Жасөспірім шақтағы даму заңдылықтары. Жасөспірім шақ кезеңі.. Типтерге жіктеудің соционикалық тұрғылары. Тұлғаның студенттік шақтағы бағыттылығы. Кәсіби жетілудегі акме-деңгей (А.А. Бодалев, А.Н. Деркач).