Божович Л.И.Избранные психологические труды. М.1995 г.
Выготский Л.С. Мәдени тарихи тұжырымдама. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. І том. Алматы «Таймас» баспа үйі 2005ж.
Зимняя И.А.Педагогикалық психология. Алматы 2005 ж.
Интернет-ресурстардың тізімі www.mirknig.ru
www.kniga.ru
www.psi.ru
Глоссарий Ассоциация –психикалық құбылыстардың белгілі заңдалақтарға байланысты болуы .
Аффект – (лат. affectus – жан толқынысы, құмарлық) – адамның көңіл күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен сыртқа тебуі (долдану, үрейі ұшу, торығу, т.б.). Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл-күйінің айқын көрінісі. Бұрқ етіп бір сәтті сананың бақылауынан шығып кететін күй.
Әлеуметтік қызығушылық – жеке мақсат үшін емес қоғам игілігі үшін өзгелерге деген қатынас пен ынтымақтастық түрінде көрінетін адамзатқа қатысты алынған эмпатия сезімі. А.Адлер бойынша әлеуметтік қызығушылық психикалық критериі болып табылады.
Әлеуметтік психология – адамдардың әлеуметтік топтарға қосылуынан туындаған мінез құлық және қарекет заңдылықтарын, сондай-ақ осы топтардың өздерінің психологиялық сипаттамаларын зерттейтін психология саласы.
Әрекет – белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл-қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл-оймен орындалатын ішкі әрекет.
Бейімделу (адаптация; лат. adaptatio - бейімделу) – организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі. Бейімделу негізіне ішкі ортасының (гомеостаз деп аталатын) тұрақтылығын сақтауға бағытталған организм реакциясы жатады.
Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптаса бастаған теориялық және тәжірибелік бағыт. Адамды мінез-құлқына қатысты бақастыруды негіз етеді.
Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп санайды.
Дағды – санасыз қайталау нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекет түрі. Соның нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып, оңай, шапшаң орындалады. Дағдының физиологиялық негізі – динамикалық стериотип болады.
Деструктивтілік – бұл жатырқаушылықтың белсенді формасы; басқаның тұлғасына нұқсан келтіру қажеттілігі сол адамның талқандай алу мінез-құлқынан қорқыныш негізінде пайда болады. Бұл жатырқаушылықтан қарағанда өнімділіктің өте күшті және аса жалпылай қамтитын қарсылықтарының нәтижелері.