Детерминизм принципі – философиялық және методологиялық ұстаным бойынша табиғат пен психологиялық құбылыстардың барлығы материалдық себептер мен заңдылықтардың әсер етуінен пайда болады. Детерменизм адамның тіршілігі мен іс-әрекетінің бәрі қоғамның тарихи-дамуының нақты жағдайларымен байланысты, әрбір құбылыс бірлігі себептерінен туындайды деп қарайды.
Интроверт пен экстроверт – кейбір адамдардың тұйық өзімен-өзі болып, өзінің ой-пікірлерін іштей талдайтын мінез ерекшеліктері – интроверттер делінеді. Ал өзге адамдар ішкі дүние сырымен тұйықталып қалмай, жан-дүние сырын ашық-жарқын түрде өзге адамдарға білдіріп отыратындар – экстроверттер.
Интроверсия (лат. intro – ішке, ішіне және versio - өзгеріс) – ішке үңілу. Тұлға теориясында әлеуметтік қарым-қатынастан қашып, өз ойымен өзі болуға ұмтылушылықты белгілеуге қолданылады.
Қажеттілік – адам мен жануарлардың тіршілік етуі мен қажеттіліктерін қанағаттандырудағы белсенді іс-әрекеті мен қимыл-қозғалысына байланысты. Бұл – ағзаның ішкі жағдайы мен күйін сақтауы.
Мінездің өнімділік типі – Э.Фромм теориясында – тұтас, сүюші және шығармашыл индивидуум. Адам дамуында идеалды соңғы мақсатты көрсетеді.
Мен шығармашылығы – әрбір адамның өз дара тұлғасын белсенді қалыптастыруға мүмкіндігі бар екенін көрсетуге арналған А.Адлер тұжырымдамасы.
Өнімділік – бұл эмоционалдық және психикалық ақауы жоқ кезкелген адамның қатынасқа деген қабілеті.
Өзара тәуелділік – Эриксон бұл терминді әр ұрпақтың қажеттіліктері мен қабілеттерінің өзара байланыста екендігін көрсету үшін қолданады.
Өнімді бағдарлануға барлық күштері, тырысулары бағынатын мақсаты ретінде адамның түгелдей потенцияларының өсуі мен дамуы байқалатын тип ерекшеліктері енеді.
Өнімсіз белсенділіктің - мазасыздыққа, гипнозға, беделге негізделеді.
Өмірлік стиль – жеке бас ерекшеліктері, түрткі, когнитивті стиль және шындықты иелену әдістерінің ерекше конфигурациясы. Ол дара тұлға мінезіне сай болып, осы мінездің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Пессимизм (лат. pessimus – ең жаман) – дүниенің игілігіне, болашаққа сенбеу. Ең бірінші неміс философы А.Шопенгауэр (1788-1860) өзінің ілімін пессимизм деп атады.
Психоәлеуметтік дағдарыс – индивидуум өміріндегі физиологиялық даму және әлеуметтік талаптармен негізделетін дағдарыс кезеңі; позитивті де, негативті де аяқталуы ықтимал.
Психоәлеуметтік мораторий – кеш жеткіншек жастағы индивидуумның ересектердің рөлдері мен жауапкершілігін қабылдауында біраз уақыт кейін шегеруге мүмкіндік беру кезеңі.
Регрессия – психикалық дамудың төменгі сатысына, бұрынғы жетілмеген түріне оралуын білдіретін ұғым. Регрессияның түрі түйсіктік құмарлықтың тәсіліне, «Меннің» қызметіне, индивидке тән мұрат пен ардың көрінісіне орай қалыптасады және бөлінеді.
Репродуктивті қатынас – бұл әрқашанда шындықты таспаға түсірілген материалдардың әр бөліктерін үздіксіз қайта жаңғырта отыратын фильм тәрізді қайталанбалы бір образда қабылдау.
Рефлексия (лат. reflexio – бейнелеп көрсету) – субъектінің психикалық актылар мен күйлерді өзінше талдау және тану процесі. Адам санасының өзін-өзі білуге, ішкі жан-дүниесін, психикалық жай-күйін тануға бағытталуы.
Рецептивті бағдар - бір топтың екіншісін эксплуатациялауы қатал заңмен бекітілген қоғамдарда жиі кездеседі. Эксплуатацияға ұшырағандар өз жағдайларын өзгертулеріне не ешқандай күштері жоқ, не тіпті ойлары да жоқ, өйткені оларда біртіндеп өмірлік қажетті нәрселердің барлығын иелерінен алуға болады деген көзқарас қалыптасады. Бейімделу және ұнау қажеттілігі дәрменсіздік сезімін туындатады, ол қазіргі адамның әрең байқалатын рецептивтілік көзіне айналады. Рецептивтіктің жасырын, алайда кең таралған бұл формасы қазіргі «фольклорда», әсіресе жарнамалық орындалуда тіпті қисынсыз форма қабылдайды.
Сана – психиканың тек адамға ғана тән ең жоғарғы формасы, объективті шындықтың адам миындағы бейнесі.
Сәйкестік диффузиясы – бозбала не бойжеткен мамандықты не идеологиялық сенімдерді таңдауға байланысты сәйкестік дағдарысынан өтуі не өтпеуі мүмкін, сөйте тұра ол нақты таңдау әлі жасамаған немесе таңдау жасаудан тым алшақ тұратын эго-сәйкестік статусы.