Оқытудың балаға бағдарланған әдіс-тәсілдері - педагогикалық процесстің
баланың жеке қасиеттерін дамытуға бағдарлануы.
Оқыту принциптері - оқытудың негізінде жатқан және оның жан- жағын:
мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастырудың түрі мен құралдарын анықтайтын
объективтік заңдылықтар, бастапқы ахуалдар.
Окытуды саралау (бөліп қарау, дифференциация) -оқушылардың икемін,
қызығушылығын, қабілетін ескере отырып, оқу жұмысын ұйымдастыру түрі.
Оқыту технологиясы - қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз
ететін, оқытудың түрлері, әдістері, құралдарының жүйесінен тұратын, оқу
бағдарламасында ескерілген, оқытудың мағынасын жүзеге асыру жолы.
Олигофренопедагогика - дамуы артта қалған балаларға арналған педагогика
саласы.
Отбасылар кеңесі комитеті - жоспарлауға және бағдарламаны жүзеге асыруға
байланысты ұсыныстар беру үшін, оқу орнының қызметкерлерімен арнайы
кездесулер өткізіп тұратын, әр топтың ата-аналарының ішінен сайланған ата-
аналар комитеті.
Ө Өзара әрекет - кейбір іс-әрекетті бірлесіп жасау процесі және осы процесстің
субъектілерінің оларға (бірлесіп жасаушылар) тигізетін әсері.
Өздігінен білім алу -адамның білім, ілім және қажетті дағдыларды өз бетімен
игеруі, білімін жетілдіруі.
Өздігінен талаптанушылық- адамның өзінің бастамасы бойынша қандай да бір
іске уақыты мен қайратын жұмсауға ұмтылуы.
Өздік тиімділік - айналадағы дүниеде тиімді түрде тіршілік ету қабілеті, өзінің
мұқтаждығын қанағаттандыруға және өзінің қорларын (ішкі немесе сыртқы) дұрыс
пайдалана білуге қол жеткізу.
Өзін-өзі актуалдандыру – адамның өзінің мүмкіндіктерін айқындап және
дамытуға жасаған талабы.
Өзін-өзі бағалау - жеке адамның өзін-өзі бағалауы (өзінің сырт келбетін,
қабілетін, жеке қасиеттерін т.б.), өзіндік сана-сезім компоненті.