Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Инклюзивті білім беруді қалай түсінесің?
2. Инклюзивті білім берудің негізгі міндеттері қандай?
3. Инклюзивті білім берудің ерекшелігі бар?
4. Инклюзивті білім берудің мазмұны, құрылымы, қайшылығы және қисынын
дәлелдеңіз?
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011,
№7, 60-61 б.
2. К.Жарықбаев. Инклюзивті білім берудің мазмұны қандай? // Мектептегі
психология, 2010, №5,18-20 б.
3. Мангутова Б.Б. Мүмкіндігі шектеулі адамдар және олардың сипаттамасы. //
Психология, социология, дефектология, 2009, №4, 23-26 б.
4. Мүгедектерді оңалтудың 2005−2008 жылдарға арналған бағдарламасы
//www.enbek.kz
2-дәріс. Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі.
Жоспар:
1. Шетелдегі мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін
қорғау саласындағы шетелдік заңнама.
2. Шетелдегі инклюзивті білім беру.
3. Ресейдегі инклюзивті білім беру.
8
4. Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту.
5. Арнайы білім беруді Швецияда, Францияда, Италияда ұйымдастыру.
Дәріс тезисі: XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ,
Ұлыбритания, Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру
болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін
қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде
интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде
интеграциялаудың жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде.
Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт
жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы
балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді.
Ресейдегі инклюзивті білім беру. 1991 жылдың күзінен бастап Ресейде
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды.
Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап
оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі
балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының
білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына
1996ж 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың
негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері»
деген курстарды енгізді. Ресей Федерациясының білім және ғылым
министрлігінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру
үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген.
Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да
нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер;
«Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық
балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне
белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың
13 желтоқсанында енгізілді.
Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде
білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда:
жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі
балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу
бағдарламалары;
мүмкіндігі
шектеулі
балалардың
психофизикалық
ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90
жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы
бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру
жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім
беруді
дамытудың
2010-2020
жылдарға
арналған
мемлекеттік
бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім
беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2015 жылға мына міндеттерді
шешу көзделген:
9
-
мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік
бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп
оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
- мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары
әзірленеді.
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту. АҚШ-
тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы
оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар
бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл арнайы білім
беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда.
«Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде
оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды
әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді.
«Жалпы білім беру инициативасы» - бұл АҚШ-тың білім департаментінің
арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы -
дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды
өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен.
Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру
инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің
мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер
ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз
тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай
балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша
оқушының жетістігі бағаланады.
Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар үшін
білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру
жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу
мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы
ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арайы білім
алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.
Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру. Бұл елде ерекше қажеттілікке
мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда
қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі
және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған,
ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы
мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Арнайы
мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға кірістірілген
балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады. Ойлауы артта
қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің
ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан.
Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру. Франциядағы арнайы білім
беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушіліктері бар
10
балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар
балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда:
1. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте
немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары,
тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала
қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан
адаптациялық орталыққа барады.
2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады
және қосымша арнайы бағдарлама бойынша қиды. Мысалы, көруі бұзылған
бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек, мұғалімнен
қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.
3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама
бойынша оқиды (әдетте психикалық дамында кешігушілік бар балалар).
Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы
оқушылармен дайындалады.
4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау
қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады:
біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына біріккен қатысу, спорттық және басқа да
іс-шараларға қатысу.
Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру. Өткен ғасырдың 70
жылдарынан бастап арнайы мектептердің арнайы сыныптары оқушыларының
үлкен бөлігі жалпы білім беру жүйесіне енгізіле бастады. Бүгінгі күні арнайы
қажеттілігі бар балалардың 99 пайызы жалпы білім беретін мектептерде оқиды.
Қарапайым сыныпта қолдаушы мұғалімнен арнайы көмек алу үшін дамуында
ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу тек ата-анасының келісімімен
және тек 1 жылға жасалады, мерзім біткеннен кейін арнайы көмекті ұзарту
немесе бас тарту туралы шешім шығарылады. Бірақ, Италиядағы арнайы
қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беру ортасына енгізуді дамыту
бірнеше мәселелерді шешуді қажет етеді. Көптеген мұғалімдер интеграцияны
жоққа шығармайды, тек сынып өміріне енгізуде бірнеше қиындықтар
кездесуде. Олар дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуда жауапкершілікті
қолдаушы мұғалімге артуды ұсынады.
Италиядағы білім берудегі интеграциялау қиындықтары бірнеше себептерге
байланысты. Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне зерттеу
жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-жоқтығы анықталмастан басталды.
Жалпы білім беретін мұғалімдерді оқыту шектеулі ғана болды. 1 ай ішінде
арнайы сабақтар ұтымды нәтижелер бермеді, көптеген мұғалімдер тіптен
оқытылмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі
қиындықтар туғызды.
Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың
жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай
балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс
Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен
арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді.
11
Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа
жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған
өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау
үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі.
Бұл тәжірибелерден көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі
біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім
беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші
мыңжылдықтың басында ғана қолға алына бастады. Европа елерін алатын
болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде
мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары
ұсынылған.
Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай
бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында
алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-
педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында
жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды
білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған.
Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
айқындалды. Қазақстан 2008 жылы БҰҰ-ның «Мүгедектердiң құқықтары
туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға
жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық
конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Сондықтан мемлекеттік
«Білім беруді дамытудың 2011-2020» жылдарға арналаған бағдарламасына
бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бұл бағдарламада
Инклюзивті білім жүйесін дамытудың мына мәселері көрсетілген:
2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:
•мүмкіндіктері
шектеулі
балаларды
біріктіріп
оқытудың
модульдік
бағдарламалары;
•мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту
ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары
анықталады;
•мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары
әзірленеді;
•2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар,
пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен,
арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық
құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады;
•2030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге
тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-
дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің,
арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы);
•Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері
ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету
жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
12
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған бағдарламасында, орта білім жүйесінің ағымдағы жай-күйіне
жасалған талдау бойынша «соңғы жылдары мүмкіндіктері шектеулі балалар
санының өскен, 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149
мыңнан асты. Олардың 41,4%-ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен
қамтылғандығын көрсетті. Аталған категория балаларын оқыту 35 арнайы
балабақшада, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 228 арнайы
топтарында, республика бойынша 101 корркециялық мектепте және жалпы
білім беретін мектептердің 1096 арнайы сыныптарында жүзеге асады». Бұл
дегеніміз өз білім беру жүйемізде мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмысты
ұйымдастырудың өз жолын құруымыз керек деген сөз.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90
жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы
бағдарламаны толық енгізді.
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания,
Швеция, Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды.
Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша
арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың
өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың жан-жақты
үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде. Инклюзивті білім беруді іске
асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру
саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру
үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді.
Ресейдегі инклюзивті білім беру. 1991 жылдың күзінен бастап Ресейде
«Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды.
Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап
оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі
балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының
білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына
1996ж 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың
негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері»
деген курстарды енгізді. Ресей Федерациясының білім және ғылым
министрлігінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру
үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген.
Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да
нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер;
«Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту.
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту. АҚШ-
тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы
оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар
бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл арнайы білім
беру алаңында үлкен дау-дамай тудыруда.
13
«Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде
оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды
әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді.
«Жалпы білім беру инициативасы»-бұл АҚШ-тың білім департаментінің
арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы -
дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды
өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен.
Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру
инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің
мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер
ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
«Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған
жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға
мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының
жетістігі бағаланады.
Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «ауытқулары бар тұлғалар үшін
білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру
жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Ата-анасы баласының оқу
мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы
ауытқуының бар немесе жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арайы білім
алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді.
Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру. Бұл елде ерекше қажеттілікке
мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда
қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі
және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған,
ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінгенарнайы
мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Арнайы
мектептер қазір жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға кірістірілген
балаларды қолдау ресурстарының орталығы болып табылады. Ойлауы артта
қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің
ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан.
Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру. Франциядағы арнайы білім беру
жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушіліктері бар балалардың
санын неғұрлым көбейтуге бағытталған.
Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу
4 нұсқада орындалуда:
1.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе
одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары,
тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала
қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан
адаптациялық орталыққа барады.
2. Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады
және қосымша арнайы бағдарлама бойынша қиды. Мысалы, көруі бұзылған
бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек, мұғалімнен
қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады.
14
3. Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама
бойынша оқиды (әдетте психикалық дамында кешігушілік бар балалар).
Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы
оқушылармен дайындалады.
4. Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау
қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады:
біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына біріккен қатысу, спорттық және басқа да
іс-шараларға қатысу.
Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру. Өткен ғасырдың 70 жылдарынан
бастап арнайы мектептердің арнайы сыныптары оқушыларының үлкен бөлігі
жалпы білім беру жүйесіне енгізіле бастады. Бүгінгі күні арнайы қажеттілігі бар
балалардың 99 пайызы жалпы білім беретін мектептерде оқиды. Қарапайым
сыныпта қолдаушы мұғалімнен арнайы көмек алу үшін дамуында ауытқуы бар
бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу тек ата- анасының келісімімен және тек
1 жылға жасалады, мерзім біткеннен кейін арнайы көмекті ұзарту немесе бас
тарту туралы шешім шығарылады. Бірақ, Италиядағы арнайы қажеттілігі бар
оқушыларды жалпы білім беру ортасына енгізуді дамыту бірнеше мәселелерді
шешуді қажет етеді. Көптеген мұғалімдер интеграцияны жоққа шығармайды,
тек сынып өміріне енгізуде бірнеше қиындықтар кездесуде. Олар дамуында
ауытқуы бар балаларды оқытуда жауапкершілікті қолдаушы мұғалімге артуды
ұсынады.
Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар балалардың
жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген мамандар мұндай
балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, бұл ұсыныс
Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде көрсеткен
арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді.
Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде мақсатқа
жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі орталықтанған
өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі интеграциялау
үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі.
Бұл тәжірибелерден көретініміз шет елдерде инклюзивті білім беру мәселесі
біздің елге қарағанда едәуір жолға қойылған. Бұл елдерде инклюзивті білім
беру XX ғасырдың 70 жылдарынан басталған, ал біздің елде екінші
мыңжылдықтың басында ғана қолға алына бастады. Европа елерін алатын
болсақ, инклюзивті білім беру көптеген мәселелерді шешкен. Бұл елдерде
мүгедек балаларға жалпы білім беретін мектептерде қосымша көмек жолдары
ұсынылған.
Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Өйткені
бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан
балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды.
Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық зағип
балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі шықты.
Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді
болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан.
15
Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік
және
медициналық-педагогикалық
корекциялық
амалдары
амалдары,
психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды
ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында «Білім туралы»,
«Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық
тұрғыдан қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау
туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» заңдарда бекітілген.
Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мәселелерді шешу
қажет. Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман қажет,
сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік, дағды
қалыптастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |