Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Шетелдегі мүгедектердің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін
қорғау саласындағы шетелдік заңнама.
2. Шетелдегі инклюзивті білім берудің деңгейі?
3. Ресейдегі инклюзивті білім беру?
4. Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту?
5. Арнайы білім беруді Швецияда ұйымдастыру?
6. Арнайы білім беруді Францияда ұйымдастыру?
7. Арнайы білім беруді Италияда ұйымдастыру?
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ж.Жанділдаева. Инклюзивті білім беру мазмұны. // Қазақстан мектебі, 2011,
№7, 60-61 б.
2. Дзюбаева Т.В., Бердалина А.У., Хафизова К.М. Особенности обучения
вклассах ЗПР. // Психология в школе 2010, №5(29) 34-37 б.
3. Н.С.
Грозная, координатор редакционно-издательской деятельности
Даунсайд Ап.
4. Руководящие принципы политики в области инклюзивного образования.
Париж, ЮНЕСКО, 2009г
5. http://www.stat.kz/digital/Pages/default.aspx
3-дәріс. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балаларға
мінездеме беріп, инклюзивті білім беруге енгізу.
Жоспар:
1. Мүгедек балалар мен кемтар балалардың қоғамдағы көрсеткіші
2. Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы.
3. Естімейтін және нашар еститін балаларды оқыту жүйесі.
4. Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің мұғалімдері
мен тәрбиелеушілердің негізгі міндеттері
16
Дәріс тезисі: Мүгедек балалар мен кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу және
түзеу, оларды оқыту мәселелері ҚР Білім және ғылым министрлігінің
қарауында орналасқан.
Қазақстанда кемтар 120665 бала бар. Олардың ішінде 19047 кемтар бала 102
арнаулы (түзеу) білім беру ұйымдарында арнаулы біліммен қамтылған, оның
ішінде: 9 ұйымда – соқыр және нашар көретіндер үшін (1392 адам); 20 –
саңыраулар мен нашар еститіндер үшін (2944 адам); 5 – 868 сөйлеу қабілеті
нашар балалар үшін; 4 – 460 жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған
балалар үшін; 56 – 11673 ақыл-есі кем балалар үшін; 8 – 1710 психикалық
дамуы кем балалар үшін.
Дегенмен, арнаулы білім беру мекемелері әр түрлі мүгедектік топтарындағы
балалардың білім алудағы қажеттілігін қамтамасыз етпей отыр. Осылайша,
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар тіркеген 10788
саңырау және нашар еститін балалардың 2944-і (27%-ы) ғана арнаулы білім
беру ұйымдарында білім алады. Жалпы білім беретін мектептердің 425 арнаулы
сыныптарында 5167 оқушы оқиды; 36 арнаулы мақсаттағы балалар бақшасында
және 236 көпшілікке арналған балалар бақшаларының арнаулы топтарында
9906 мектеп жасына дейінгі бала бар.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылдаудың
типтік ережесінде І және ІІ топ мүгедектерінің көрсеткіштері бірдей болған
жағдайда, жастайынан мүгедектерді Сонымен бірге мүгедектердің осы
санатында бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына түсу
кезінде орталық атқарушы органның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы
аумақтық бөлімшесінің таңдалған мамандық бойынша білім беру ұйымдарында
оқуға болатыны туралы қорытындысы болу керек.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында туа біткен жүрек
кемістігі, көру қабілетінің нашарлауы, туа біткен соқырлық, ревматизм, есту
қабілетінің нашарлауы, олигофрения және басқадай аурулармен ауыратын 540
мүгедек оқиды.
Әрбір мүгедек оқушымен мамандық таңдау және оқу орнын бітіргеннен кейін
одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігі жөнінде жеке жұмыс жүргізіледі.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарына мүгедек
балалар медбикелердің тұрақты қадағалауында болады, қажеттілігіне қарай
алдын ала емдеуден өтеді. Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салты
бойынша ұйымдастыру жұмысы (спорттық секциялар, арнаулы үйірмелер,
диспуттар), жылына 2 рет тұрақты түрде оңалту курстары, мүгедек балаларды
кәсіптік мектептердің (лицейлердің) және колледждердің қоғамдық қызметіне
араластыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
АСТАНА және Алматы қалаларының психологиялық-медициналық-
педагогикалық консультацияларына (бұдан әрі – ПМПК) қосымша 18 жасқа
дейінгі 60 мың балаға арнап 17 қалалық және аудандық ПМПК, 7 оңалту
орталықтары, 20 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері ашылды.
Кемтар адамдарды оқытудың әр түрлі кіріктірілген нысандарының саны елеулі
түрде артуда. Арнаулы білім саласындағы инновациялық процестер кемтар
балаларды дені сау балалар білім алатын ортаға кіріктіруге бағытталған.
17
Алайда кемтар балаларға білім беру мәселелері әлі де толыққанды
шешілуден көш алыс.
Кіріктіріп білім беру ішінара формальды сипатқа ие, мұны жалпы білім беретін
мекемелердің бағдарламалары растап отыр, олар кемтар балалардың даму
ерекшеліктерін жете ескермейді.
Инклюзивті білім беру мектептерді білікті кадрлармен қамтамасыз етуді,
педагогтардың түзеу педагогикасы және арнаулы психология саласында
қосымша білімдерінің болуын көздейді. Шындығында мұндай педагогтар
әзірше жетіспейді.
Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының
ауытқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық
көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала
басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың
жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген
семьяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы
деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген
мұңдай қамқорлық оған күішгі әсер етіп, ол өзін басқа балалардан
бөлексіткендей сезінеді. В.Г.Короленко өзінің «Соқыр музыкант» деген
шығармасында соқыр баланың семьяда ерекше саналып, оның айтқандарын екі
етпей бұлжытпай орындал отыратындықтары туралы жазады.
Кемтар адамдардың әсіресе сипау сезімдері мен иісті түйсінулері әлдеқайда
жетілген дейді. Алайда арнайы жүргізген зерттеу нәтижелері соқырдың сипау
сезімі мен саңыраудың көру сезімінің бірқалыпты дамыған дені сау адамдардың
сезімімен салыстырғанда, олардың арасында айтарлықтай айырмашылығы жоқ
екендігін көрсетеді.
Осы мәселеге мылқау мен саңыраулардың көру қабілеті сау адамдардікінен
кем емес, кейде ондай адамдар біздердің көрмеген нәрселерімізді көре алады,
ол көру арқылы қабылдауы сау адамдардан әлдеқайда төмен немесе олардан
артық деуге болмайды. Саңырау көзінің көрегендігі нашар болса да, ол бара-
бара жетілуі мүмкін, бірақ дені сау адамдардікінен артық емес дейді
Н.М.Поговский. Соқыр адамның сипау түсігінің жақсы жетілуі және
саңыраудың көру қабілеттілігі сол сезім мүшесінің құрылысы нерв жүйелерінің
айрықша жетілуінде емес, ондай адамдардың тиісті нәрселерді сезіп білуде
үнемі қолданып, тұрақты түрде жаттығуына байланысты.
Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л.Браиль әрпімен
жазылған шығыңқы ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу
тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп, сол дыбыстардан сөз құралады. Сөздер
сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдрдың Браиль Луи (1809-1852) -
әлемге әйгілі француздың соқырларды оқыту жөніндегі педагогі. Соқырлар
үшін өз атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан. Үш жасынан соқыр.
Л.С.Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі әріптерден
айырмашылығы жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанына ұқсас және психологиялық
жағынан олардың бірінен-бірінің ешқан дай айырмашылығы жок. Керең мен
мылқау балалар тәрбиесіндегі күрделі мәселе педагогиканың қиын да, әрі
қызықты тармашның бірі. Соқырға қарағанда керең-мылқау өмірге араласуға
18
және оны тез танып білуге бейімдірек. Бірақ онын сезім мүшесіндегі кемшілігі
өз денесін еркін билеп, әрқилы әрекеттер жасауына кедергі етпейді, олардьщ іс-
әрекеті дені сау адамдардікіндей болуы. Керең-мылқау өз қимыл-қозғалысын
бақылай алады. Керең-мылқау өз қимыл-қозғалысын бақылай алады. Керең-
мылқаудың дене бітімі дені сау адамдардікімен бірдей екендігін Н.А.Попов
айрықша атап көрсетеді. Сондықтан олардың еңбек ету қабілеті мен үйренуі
айтарлықтай қиындық тудырмайды. Соқырдын айырмашылығы еңбектін,
қандай түрі болса да (музыкадан басқасы), оған үйренуге оңай.
Сурдопедагогика осы уақытка дейін ешқан-дай қажеті жоқ қол еңбегімен шұ
ғылданып келді, бұған кінәлі болжамсыздык және керең-мылқаудың тәрбиесіне
кемтар деп санап, оған аяугершілік көзқарастын ірге тебуі. Өмірдің келешегін
ойламай, ұсак-түйек нәрселерді жасау және оларды сатумен шұғылдану
ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген өткендегі өнімсіз тіршіліктің қалдығы.
Құлақтың естімеуі көзге қарағанда жеңілдеу. Мұндай жағдайда адам сана-
сезімімен тіршілік еткен ортаны аңғарып, соған орай бейімделе алу ерекшелігі.
Адам табиғатында дыбыстық алатын орны өзгешелеу. Керең-мылқау соқырға
қарағанда жағдайы біршама жеңілдеу.
Естімейтін балалардың алғашқы мектебі Алматыдағы арнайы мектеп интернат
болып табылады. Ол 1931 жылы Қазақ СССР Министрлігінің бұйрығымен
ашылды. Естімейтін балалардың алғашқы жылдары, дамуында күрделі және
қиын жолдарды басынан өткізді. Ал қазіргі кезде естімейтін балалардың
мектеп- интернаты мықты материалдық базасы бар, өздерінің оқу корпустары,
жатақханалары, жаңа заманға сай құралдары, есту аппаратары және басқа да
құралдармен қамтамасыздандырылған. Арнайы мектепте жүргізетін тәрбие
жұмыстары балалардың жеке ерекшеліктерін танып білуден басталады.
Естімейтін және нашар еститін балалардың конденсаторлық мүмкіндіктеріне
байланысты.
Кеміс баланың әлеуметтік жағдайын жәбірлеп, оны өз құрдастарынан бөлектеп
тастау бала психикасының дамуына теріс әсер етуіне жол бермеу, әлеуметтік
сарыны кемтар балалардың қалайда кемістіктерін жою, оларды әр тарапты
дамыған қоғамның толық мүшесі етіп даярлау. Кемістікті туғызатын
жағдайларды жою және оны бір қалыпқа келтіру.
Естімейтін және нашар еститін балаларға тәрбие жұмысында әдістерді таңдап
алу оқушылардың жас және психологиялық, дене, дербес ерекшеліктеріне, өмір
тәжірибесіне, кемістіктің күрделілігіне, құрамына тәуелді. Сондықтан
естімейтін және нашар еститін балаларға тәрбие жұмысында әр баланың жеке
даму ерекшелігін еске алған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |