З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



бет37/48
Дата15.12.2023
өлшемі484,69 Kb.
#138762
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Байланысты:
З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева-emirsaba.org

Л
Лабильдік - өзгерістерге бейім, тұрақты емес.
Лейкоэнцефалит-мидың ақ дақтарының қабынуы.
Логикалық ойлау - түсініктердің арасында байланыс орнату арқылы мәселені
шешуге қол жеткізудегі ойлау қабілеті.
Логопедия - тілдің кемістігі және одан арылу жолдары туралы ғылым.
М
Магниттік жаңғырық (резонанс) арқылы бейнелер алу магниттік жаңғырық
арқылы бейнелер алуды қолдану, адам денесіне магниттік өріспен әсер ету
жолдары арқылы және оның негізінде алынған мағлұматтар бойынша қуатын
өлшеу - адамның денесінің кез келген ішкі бөлімдерінің, миды қоса алғанда, толық
бейнесін жасауға мүмкіндік береді.
Мақсаткерлік - белгіленген мақсатқа жете білу қабілеті.
Манипуляция - қасиеті мен сипатына қарамастан қолдың заттармен байланысқан
жай қимылдары.
Мәселе (проблема) - шешілуге дайын, шешілмеген міндет немесе сұрақ.
Менингит (meninges – ми қабықшалары, гректің «асқынбалы процесс» деген сөзін
береді) – бұл бас миының немесе жұлын миының асқынбалы жағдайға ұшырауы.
Мутизм (латынның mutus – мылқау деген мағынасын береді) – белсенді сөйлеуден
бас тарту. Мутизмнің тотальды түрі (толықтай және әруақыттағы үнсіздік). Көп
жағдайларда мұндай болжамдар жағымды жағдайда өтеді.
Мектепке дайындық - мектептегі жүйелі және ұйымдасқан түрдегі оқуға көшуін
қамтамасыз ететін мектеп жасына дейінгі ересек баланың морфофизиологиялық
және психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.


87
Мектепке дейінгі жастағы баланың жаңа ішкі ұстанымы (позиция) - жаңа,


қоғамда маңызы зор мәселелер іспеттес іліммен байланысты мектепке дейінгі
жастың соңғы жылдарында пайда болатын жаңа мұқтаждар мен қажеттіліктер
жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет