З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



бет39/48
Дата15.12.2023
өлшемі484,69 Kb.
#138762
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Байланысты:
З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева-emirsaba.org

О 
Озық білім - Джон Дьюи ендірген термин. Ол білім беруді өмірге дайындық деп
емес, өмірдің өзі деп қараған.
Онтогенез, онтогенездік жетіспеушіліктер (гректің genesis - өту, даму деген
сөзін береді) – адамның дүниеге келген уақытынан бастап өмірден өткенге дейінгі
организмнің дамуы.
Ойлау - объектілер арасындағы жинақталған, орташаландырылған қарым -
қатынастарды, байланыстарды, елеулі қасиеттерді бейнелеу процесі. Ойлау
қабілеті тілмен міндетті түрде байланысты. Ойлау қабілетінің көмегімен елеулі
жаңалықтар ашылады. Ол сезімдік танымнан іс жүзіндегі әрекеттерде басталып,
оның шегінен шығып кетеді.


88
Ой-пікір - бір нәрсені құптау немесе теріске шығарудан тұратын және объектілер,


белгілер, қасиеттер арасындағы байланысты бейнелейтін логика түрі.
Оқу жоспары - қажетті материалдар мен сабақтарды көрсете отырып, балаларды
оқыту үшін жоспарланған тақырыптар тізімі.
Оқушының өзін-өзі бағалауы - оқушыларға өзінің жетістігін бағалауға, оқуының
соңғы нәтижесіне жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік туғызатын аутентикалық
бағалаудың маңызды бөлігі.
Оқыту- белгілі бір білім, шеберлік, дағды, іс-әрекет, жүріс- тұрыс әдеттері
жиынтығын игеруге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған ұстаз бен
тәрбиеленушілердің арасындағы өзара әрекет процесі.
Оқыту әдісі - дидактикалық міндеттерге жетуге бағытталған өзара байланысқан
ұстаз бен оқушы балалардың жұмыс тәсілдерінің жүйесі.
Оқытуды жекешелендіру (индивидуализациялау) - оқушылардың жеке
бастарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқу процесін ұйымдастыру, ол әр
оқушының барлық мүмкіндігін жүзеге асыру үшін тиімді жағдай туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет