З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет14/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Интеграция (шоғырлану, бiрiгу) - мектепке дейiнгi балалардың дамуына 
бала туғаннан кейiнгi тұзету жұмыстарын алға қою; «Интеграция» термині 
әдебиеттерде XIX ғ. бастап кездеседі және қайта құру, толықтыру ретінде 
түсіндіріледі. Мұндай түсіндіру адам білімінің әртүрлі салаларында кеңінен 
қолданылуды қарастырады. Бұл ұғымның педагогикада пайда болуы және оның 
дамуы білім кеңістігінде жүріп жатқан объективті процестермен байланысты. 
Қазіргі уақытта интеграция шешуші мәнге ие болып, білім беру жүйесі 
дамуының басым бағытына айналды. Біріншіден, бұл бағытта жүріп жатқан 
өзгерістер ғылыми талдаудың жаңа пәндерінің пайда болуы ғылымның жүйелі 
түрде дамуының сәті болып табылады. Пайда болған құбылыстар әртүрлі 
ғылымдар үшін зерттеудің жалпы пәндерін анықтай отырып, шын мәнінде 
ықпалдастық сипатында болады. Екіншіден, педагогика ғылымының 
дамуындағы іріктеу процестері педагогикалық шынайы болмыстың жаңа 
феномендерін табу және зерттеу, олардың қасиеттерін белгілеу және зерттеудің 
ғылыми объектіне сәйкес келетін өзіне тән ерекшеліктері бар теориялық 
принциптер мен әдіснамалық құралдарды анықтау бойынша күш-жігердің 
көрінісі болып табылады.


48 
Рухани және дене тәрбиесін интеграциялаудың мақсаты: педагогикалық 
іс-әрекет арқылы жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайларды 
жасау. Интеграция компоненттері: мақсаттық компонент, басқару компоненті 
(педагогикалық ұжым, педагог), интеграт (құндылықтар жүйесі), оқу пәнінің 
мазмұны (дидактикалық бірліктер), ықпалдастық процесі (кезеңдер, формалар, 
әдістер, тәсілдер және т.б.), ықпалдастық іс – әрекеті, ықпалдасу нәтижесі. 
Интеграция механизмдері: метатіл, мазмұнның, тапсырманың, мінез-құлық 
ережелерінің акцентуациясы, оқу тілдерінің креолдануы. Интеграция 
процесінің тәсілдері: жалпылаудың, экстраполяцияның, нақтылаудың түрлері, 
әртүрлі құбылыстар мен процестердің салыстырмалы талдауы, ғылыми 
параллельдер мен ұқсастықтарды пайдалану, әртүрлі объектілерді талдауға 
жалпы тұрғыдан келуді ашып көрсету, себеп-салдардық байланыстарды басқа 
пәндерден алынған білімдерге сүйене отырып біріктіру. Интеграция іс-әрекеті:
ойындардың түрлері – шапшаң, спорттық, іскерлік, рөлдік, дидактикалық, 
педагогикалық. Ойын іс-әрекетінің элементтері – оқу іс-тәжірибесі процесіндегі 
педагогикалық 
міндеттердің 
теориялық 
шешімдері, 
педагогикалық 
жағдайларды модельдеу, өзін-өзі талдау, педагогикалық іс-тәжірибе кезеңіндегі 
тапсырмаларды өз бетінше шешу және т.б. Нәтиже: студенттің педагогикалық 
мәдениеті деңгейінің жоғарылауы. 
Италиядағы білім берудегі интеграциялау қиындықтары бірнеше 
себептерге байланысты. Интеграциялау үрдісі аймақтың қажеттіліктеріне 
зерттеу жұмыстарынсыз, қажетті мамандар бар-жоқтығы анықталмастан 
басталды. Жалпы білім беретін мұғалімдерді оқыту шектеулі ғана болды. 1 ай 
ішінде арнайы сабақтар ұтымды нәтижелер бермеді, көптеген мұғалімдер 
тіптен оқытылмады. Қолдаушы мұғалімдер мен сынып мұғалімдерінің бірлесуі 
қиындықтар туғызды. 
Үлкен қиындықтарды ойлау қабілетінің дамуында ауытқуы бар 
балалардың жалпы білім беру үрдісіне енгізілуінен туындады. Көптеген 
мамандар мұндай балаларға арнаулы сыныптар ашу керек деп санайды. Алайда, 
бұл ұсыныс Италияда қаралмай отыр, ол тағы да өзін «төмендету» ретінде 
көрсеткен арнайы білім беру жүйесін құруға әкеледі деп қауіптенеді. 
Италиядағы интеграциялауды кең тұрғыда қарағанда бұл мәселеде 
мақсатқа жетті деп есептеуге болады. Бірақ, бұл сұрақ бойынша жүйелі 
орталықтанған өңделген көрсеткіштердің жеткіліксіздігінен білім берудегі 
интеграциялау үрдісінің нәтижелері жөнінде өте аз белгілі.
Білім берудегі интеграция түрлері :


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет