50
өзінің және өзінің жақындарының денсаулығы үшін бос мазасыздана береді.
Сондықтан ең алдымен үйде тыныштық жағдай қажет. Сонымен бірге баланың
баланың алдында оның денсаулығының мәселелері туралы сөз қозғауға,
ұрысып, бостан бос жылауға болмайды.
Мүмкіндігі шектелген балалардың көбісінде ұйқының бұзылуы байқалады:
қиындықпен мазасызданып ұйықтайды, қорқынышты түстер көріп, кейде
ұйықтап жатып жылайды. Бұндай ұйқы ағзаның жүйке жүйесінің тынығуына
мүмкіндік бермейді: таңертен бала босаңсып оянады, мазасыз болып, сабаққа
барудан бас тартады. Сондықтан баланың ұйқысы бұзылса, ата-аналары
дәрігермен кеңескен жөн. Сонымен бірге бұндай баланы тәрбиелеуде күн
тәртібін сақтап, ұйықтар алдында тыныштық жағдайды сақтаған дұрыс: шулы
ойындардан аулақ болу, видео мен телехабарларды көрмеуге тырысу. Бұл
айтылған ерекшеліктер мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу кезінде
белгілі бір ұстанымдардың қалыптасуын жүзеге асырады. Ата-аналар
дәрігерлермен кеңесе отырып, нақты тамақтану мен ұйқы тәртібін ретке
келтіріп, жүйелі емдеу шараларын жүргізу керек. Мұндай балаға отбасында
дұрыс тәрбие берілмесе, баланың жүйке жүйесінде бұзылулар қалыптасады.
Мүмкіндігі шектелген балалардың көбісінде қоршаған орта туралы
көзқарастары шекетулі келеді. Сондықтан баланың дүниетанымын үнемі
кеңейтіп, әртүрлі заттамен құбылыстармен таныстырып, кейбір құбылыстар
мен өмірлік жағдайларға мүмкіндік жасау маңызды. Мәселен, балаға үй
жануарын көрсетпес бұрын, оған сол жануар туралы түсіндіріп, суретін
көрсетіп алған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: