З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет37/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Кері тізбек - ересек адам балалармен тапсырманың соңғы кезеңімен жұмыс 
істегенде, бүкіл тапсырманы толығымен кері қарай қайталауы. Бұл тәсіл әсіресе 
өзіне-өзі көмек көрсету дағдыларын қалыптастыруда өте пайдалы. 


86 
Қиын-қыстау кезең (критический период) - мидың кейбір бөлімдерінің 
айналаның өзгерістері мен әсеріне көбірек шалдығу уақыты. 
Колданбалы зерттеу - шынайы дүниедегі проблемалар мен ахуалдарды жоспарлы 
және жүйелі түрде оқып-білу. Оның мақсаты- қоғамдық ғылымдарда қабылданған 
зерттеу әдістерінің бірнеше түрлерін қолдана отырып, бұл проблемаларды түсіну 
және шешу жолдарын ұсыну. 
Қорғану рефлексі - нәрестелерден байқауға болатын туғаннан біткен 
механизмдер. Мысалы: жарық қатты түскенде, көзінің қарашығының тарылуы 
немесе көз алдында қимылдаған заттан қорғанып көзін жұмуы. 
Қорыту - жалпы белгілерді, заттардың орнықты қасиеттері және анық 
құбылыстарды ерекшелеу мен бекітуден тұратын ойлау түрі; жеке адамға 
бақылаудың жеке және екінші дәрежедегі жағдайларынан тәуелсіз, заттардың 
қасиеттері мен байланыстарын бейнелеуге мүмкіндік береді. 
Құндылық - жеке адам үшін болмыстың бір белгілі көрінісінің мағынасы. 
Құндылық бағдары - әлеуметтік тәжірибені, эстетикалық, этикалық және субъект 
үшін маңызы зор жеке құндылықтармен бағдарлар болып табылатын басқа да 
айналадағы болмыстың маңызына қарай бағалай білудің негіздерін игеру процесі. 
Құпиялылық - жариялауға болмайтын, өзара сенімділікте жүргізілетін әңгіме. 
Құрақ (коллаж) - көркемөнер туындысы, әртүрлі материалдарда құрап 
орындалған картина. 
Қызмет - субъектінің айналадағы шындықпен белсенді түрде қарым-қатынасы 
мен оның барысында субъектіні және оған бағытталған объектінің психикалық 
қызметінде өзгерістер болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет