З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет34/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48
Интерактивтік - (ағылш. тілінде іпіегасііуе) - өзара әрекеттесуші. 
Интериоризация - сыртқы іс-әрекеттердің ішкі іс-әрекеттерге өту процесі. 
К 
Катамнез (гректің kata - кейін, mnesis – еске түсіру деген сөзінен алынған) – 
ауруға қойылған диагноздан, қорытындыдан, медициналық-педагогикалық іс-
шаралардан кейінгі арнаулы білім беру мекемесін аяқтаған соң аурудың жағдайы 
мен организмдегі ауру динамикасы туралы мәліметтердің жиынтығы. Мектеп 
бітірген түлекке бақылау үш жыл бойы жүргізіледі.
Коррекция (латын тілінен аударғанда сorrеctio түзету) дамудағы психофизикалық 
кемшіліктерді түзетуге бағытталады. Коррекциялау терминін қолданған кезде, 
жеке кемшіліктерді (көру, есту) түзету деп қабылдағандай, аномальды баланың 
жеке тұлға ретіндегі қалыптасуына біртұтас әсер ету арқылы оларды оқыту мен 
тәрбиелеу кезінде жетістіктерге жетуді мақсат етіледі.
Компенсация (латын тілінен аударғанда Compensatio организмдегі бұзылған 
немесе кемшіліктері бар функцияларды теңестіру, алмастыру дегенді білдіреді. 
Бұл туа пайда болған немесе жүре пайда болған аномалиялардың әсерінен 
организмнің қалыптасуын анықтайтын күрделі процесс. Компенсациялау процесі 
жоғары нерв әрекетінің резервтік мүмкіндіктеріне сүйенеді. Аномальды балаларда 
компенсациялану процесі кезінде шартты байланыстар арқылы жаңа динамикалық 
жүйелер,бұзылған немесе әлсіреген функциялардың қызметі жүзеге асады.
Кәсіби беталыс - балалармен жұмыстағы психологиялық нұсқаулардың, кәсіби 
бағытталған себептер мен қабілеттердің, кәсіби мүдде мен жеке қасиеттердің, 
сондай-ақ кәсіби сана-сезімнің жиынтығы. 
Кәсіби қарым-қатынас мәдениеті- "ұстаз бен бала ", "ұстаз бен ата-ана", "бала 
мен бала", "ұстаз бен ұстаз" жүйесіндегі қарым-қатынастардың дұрыс 
ұйымдастырылуы, бала мен айналадағылардың арасындағы түсіністік, сыйластық 
және ұнамды микроклиматтың пайда болуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет