З.Ү. Адильшинова, А. М. Сугуралиева



Pdf көрінісі
бет35/48
Дата08.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#66320
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
Кескін (проекция) - жеке адамның өзінің ойларын, уайымдарын, қасиеттерін, 
сипаттарын басқа адамға санасыз түрде көшіру механизмі. 
Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу 
арқылы қолдау - кемтар балаларға тұрмыс-тіршілігіндегі шектелуді жою және 
оның орнын толтыру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін және оларға басқа 
азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін жасауға бағытталған 
арнаулы әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерін көрсететін білім 
беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі. 
Кемтар бала (балалар) - белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым 
қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың салдарынан 
тіршілік етуі шектелген, дене және психикалық кемістігі бар он сегіз жасқа дейінгі 
балалар. 
Когнитивтік сала - танымдық сала. 
Когниция  білім, таным. 
Консилиум (латын тілінен алынған consilium – келісім деген мағынаны береді) – 
нақты диагнозды қоюдағы, медициналық-әлеуметтік және психологиялық-
педагогикалық көмек пен болжамдық мүмкіндіктерді анықтаудағы біліктілігі бар 
мамандар мен түрлі саладағы мамандардың бас қосуы.


85 
Конструктивизм - айналамен байланыстыра және оны ұғындыра отырып оқыту. 
Конструктивтік шеберлік - оқыту жұмысының перспективасын есепке ала 
отырып бала тәрбиесін, педагогикалық процессті жобалау үшін ұстазға қажетті 
шеберлік. 
Коррекциялық педагогика - дамуында әртүрлі ауытқулары бар балалар мен 
үлкен адамдарды оқытып, тәрбиелеу және түзетудің теориялық негіздерін, 
принциптерін, тәсілдері мен әдістерін зерттейтін, жетілдіретін ғылым.
Кортизол - адамның есеңгіреу (стресс) деңгейіне сәйкес бөлінетін гормон. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет