З. Е. Колумбаева



Pdf көрінісі
бет14/84
Дата11.12.2023
өлшемі1,01 Mb.
#137523
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84
Ғылым мен білімнің дамуы. 
Ислам дінінің Қазақстанда орнығып дамуы 
қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына ықпал етті. Сайрам; 
Отырар, Тҥркістан т.б. қалаларда діни медреселер салынып ғылым білімге кең 
жол ашылды. Талай тҥркі ғҧламалары алғашқы білімді осы медреселерде алып 
содан кейін Орталық Азия мен араб елдеріндегі ҥлкен ғылым ордаларында 
жалғастырды.
Мұсылмандық Ренессанс ӛкілдері:
Әбу Нәсір әл–Фараби (870–950жж.)
болды. Ол Фараб (Отырар) қаласында ҽскербасының отбасында дҥниеге келген. 
Алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Шаш (Тҽшкент), 
Самарқан, Бҧқара қалаларында білімін жетілдірген. Бағдат, Дамаск (Шам), 
Александрия қалаларында тҧрған. Ҽл-Фараби барлық ҿмірін ғылымға арнайды. 
Дҥние, байлық, мал жинамайды. Қызмет лауазымын қумайды. Оның 
философия мен логика, математика мен физика, социология мен логика
астрономия мен ботаника, минералогия мен лингвистика медицина мен музыка, 
ғарыш, заң ғылымдары саласын қамтыған. 160-қа жуық еңбектері (трактаты) 
бізге жеткен.
Махмуд Қашғари
 
Ыстықкҿл жағасындағы Барысхан қаласынан шыққан 
белгілі ғалым, филолог жҽне географ. Ол Шығыс елдері мен Орталық Азия 
мемлекеттеріне кҿп сапар жасаған. Тҥрік тілдерінің бҽрін дерлік білген араб 
тілін ҿте жақсы меңгерген. 1074 жылы Бағдат қаласында «Диуани лҧғат ат-
тҥрік» («Тҥрік тілдерінің сҿздігі») атты ҥш томдық еңбегін жазған. Ол 
шығармада тҥркі халықтарының тарихы, Орталық Азия географиясы жҽне сол 
жердегі қалалар туралы кҿп мҽліметтер бар. Қолжазбада ҽлемнің дҿңгелек 
картасын жасап кҿрсеткен. Картаның ортасында Қашғар, Жетісу жҽне 
Баласҧғын қалалары орналасқан. КСРО кезіндегі кҿрнекті шығыстанушы 
ғалым, В.В. Бартольдің сҿзіне қарағанда «Қашғари – Орта Азия туралы жазған 
араб авторлары ішінде кітап деректерінің негізінде емес, ҿзінің бҧл елдерді ҿте 
жақсы білетіндігіне, ҿз біліміне сҥйеніп жалғыз ғалым». Еңбектің тҥп нҧсқасы 
бізге жетпеген. Оның жалғыз кҿшірмесі 1266 жылы жасалған. Тҥркияның 
Стамбул кітапханасында сақтаулы. М.Қашғари – тҧңғыш тіл маманы. Барлық 
саналы ғҧмырын тҥркі тілдерін, тарихын, мҽдениетін зерттеуге арнаған. Ал 
тҥркі тілінің бір бҧтағы қазақ тілі екені белгілі. Осыдан он ғасыр бҧрын 
жазылған М.Қашғаридың «Тҥрік сҿздігі» тҥрік тілінің ҧлы ескерткіші, 
энциклопедиялық анықтама деуге болады.
Жүсіп Баласағұн. (1021-1075жж.)
Шу ҿзені бойындағы Баласағҧн 
қаласында туған. «Қҧдатғу білік», дастан 85 тараудан тҧратын (6520 бҽйіт, 
саясат, заң, этика) -философиялық шығарма. Бҧл еңбек алғаш рет тҥркі тілінде 
жазылған. Ол ҿзінің еңбегінде: «Арабша, тҽжікше кітаптар кҿп, ал бҧл – біздің 
тіліміздегі тҧңғыш даналық жинағы»- деп тҥркі тіліндегі кітаптардың 
жоқтығын айтады. Ол ҿз тілін қорсынып араб, парсы сияқты жат елдің тілінде 
сҿйлеу шығарма жазу сияқты ҽрекеттерге қарсы болған. Сондықтан да ана 


24 
тілінде жазылған бҧл еңбектің маңызы зор. Даналық дастанында адамға 
білімнің тірліктегі мҽні адам іс-ҽрекетінің оңы мен терісі тҥрік тілінен келетін 
пайда мен зиян ел билеуші ҽкімдерге қажетті жақсы қасиеттер ҽр текті 
жҧртшылық ҿкілдерінің тілін таба білу туралы ой –толғамдар, отбасы жҽне 
неке, ҧл мен қыздың тҽрбиелі ҿнегесі, бала мен ата – ананың қарым- 
қатынасына байланысты мҽселелер жан – жақты сҿз болады.
Ахмет- Иассауи (1093–1126жж.)
 
де ҿз шығармаларын тҥркі тілінде 
жазғанымен араб алфавитін қолданған. Ол ақын, философ, дін уағыздаушы 
Тҥркістанда ҿзінің шығармашылық, діни қызметін бастаған. Суфизмнің негізін 
салушы. Оның «Қҧран» кітабына жасалған талдаулары «Даналық кітабы» 
арқылы халық арасына кеңінен таралды. Оның ілімі мен ҽулиелілік қасиеті 
Тҥркістанды да ҽйгілі етті. Оның діни рухани ҧстазы ҽулие Арыстан баб болған. 
Бҧл еңбектің бізге жеткені XV–XVI ғасырлардағы кҿшірмелер, тҥпнҧсқасы 
сақталмаған. Бҧл еңбекте адамды даналыққа адалдыққа кішіпейілдікке 
шақырады. Аллаға адал болуға баулиды дін жолында таза болуға ҥгіттейді. 
Ақын ҿз заманының ҽділетсіз билік иелерін қатты сынға алады. Ол 63 жасқа 
келгеннен кейін «Енді былайғы ҿмірін кҥпірлік пайғамбар 10 жылын жер 
астында жасалған мінҽжатханада (қылует) ҿткізеді.
Сүлеймен Бақырғани (ХІІғ. ӛмір сүрген)
артына ҿнеге, насихатқа толы 
ҿлеңдер қалдырған. «Ақырзаман», «Бақырған» деген ҿлең кітаптары кейін 
жарық кҿрген. Ҿмірдің ҿткені екенін сҿз етіп, діни жолымен тағдырға мойын 
ҧсынуды уағыздаған. Бҧл ойшыл халық арасында Хакім ата деген атпен 
танылған.
Ахмет Игунеки (ХІІғ. ӛмір сүрген)
 
де Тҥркістанда туған. Араб, парсы 
тілдерін меңгерген ойшыл, ақын. Бізге жеткен «Хақихаттар хадисі» деген 
шығармасы. Дастанда адамгершілік, ҽділеттік, білімділік, ақыл-парасаттылық 
сияқты ҿнегелі тҽлімдер дҽріптеліп адамшылыққа жат іс-ҽрекет, мінез-
қҧлықтар сыналады. Білім жҿнінде, тіл туралы, сақтылық ҽдептілік, 
дҥниеқорлық т.б. мҽселелер туралы пікір қозғалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет