З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет11/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Жаяу Мұса. XIX ғасыр қазақ халқының рухани өміріне елеулі із 
қалдырады. Саяси-әлеуметтік халдың езгісінде ашылған жұрттың еркіндік 
көксеп, тұтас бір бұқаралық қозғалысқа бет алған шағы болатын 
Халықтың тек тамырындағы рухани күштің, зор бұлқыныстың туын 
көтерген Жаяу Мұса өз заманының асқан күрескері атанды. 
Жаратылыс, Мұсаның таңдайына бояу, санасына ой зарытып туғызған. 
Тағдыр азап жолын ұсынған, жастай анасынан айырып, өгей тіршілік 
санасын қажады. Өксігі мол уақыттың жалғыз аяқ соқпағы ерте жетеледі. Бала 
жүрегі бақыт, қуаныш іздеп шыққан. Азамат болып алғаш түйсінгені - өзі 
дүниеге келген қараша үйді қоршаған қаралы қамыт жалғыз өз мойнында емес 
екенін сезеді. Ендігі мұраты өмір танып, өнер үйрену. Намыстың жыртық 
тесігін жамау болды. 
Қызылжар мен Омбыда өткен аз уақыт Жаяу Мұсаның көп жайға көзін 
ашып еді. Көз құлағы жүйрік қала тіршілігі арқылы өзге дүниенің өзегінде 
болып жатқан жай-күйге қанықты. Елдің иығында жатқан қасиетті бұлттың 


19 
жалғыз қазақ жұртында ғана емес екенін түсінді. Өзіндей көкірегі ояу, арқасы 
жауыр орыс жұмысшыларымен танысты. Солар арқылы орыс халқының тілін 
білуге бар ынтасын салды. Саналы, зерек Мұса олармен тез достасқан. 
Балалайкамен орыс әндерін шырқаса, сырнаймен құйқылжытып татар 
халқының жырын төкті. 
Мұсаның Шоқанмен достасуы, оның дүниетанымына, әлеуметтік халдің 
тек тамырын ажырата білуіне көп әсерін тигізіп еді. Шоқан арқылы өзге елдің 
әдебиеті мен өнеріне жол ашты. Омбыдағы орыс метебінде сауат аша жүріп 
Петербург, Москва тағы басқа ірі қалаларда шығатын газет-журналдарға үңілді. 
Әрине бұл жәй кездесу болмаса керек. Шоқан сынды көреген 
ғұламаның Жаяу Мұса тағдырына зер сала қарағаны анық. Әнші-ақынның 
болашақ өміріне, өнердің идеялық мұрат-мақсатына бағыт беруі сөзсіз. Жаяу 
Мұсаның өз өмірінен күнделік жүргізуі Шоқанның әсерінен, өнеге тәлімінен 
екені байқалады. 
Жаяу Мұса өнерін сала қараған жан әнші-ақынның орыс халқының 
мәдениеті мен өнерінен жақсы хабардар болғанын пайымдар еді. Өлең сөзінде 
Пушкин, Гоголь, Кутузов, Глинка есімдердің аталуы тегін емес. Тіпті мысал 
жырларының формасында Крыловтың ықпалы сезіліп тұрады. 
Жаяу Мұса тек өнер қайраткері емес, үлкен күрескер, жеке бунтарь, 
алған бетінен қайтпаған адам. Оның әдеби, музыкалық мұралары өте бай. 
Жаяу Мұсаның шығармалары совет композиторларының творчествосында 
кеңінен орын алды. Мұса даланың да, қаланың да музыкалық дәстүрін 
зерттеген адам. Ол көп жерлерде болып, басқа халықтардың да музыкалық 
тілдерін есіткен. Ал қала музыкасына еліктегенде, Мұса алдымен орыстың қала 
әндеріне қарайды соның әсерінен келіп ол марш ырғағын меңгереді. Марш – 
татар музыкасының біте қайнаған бөлігі емес, жаңа заман, жаңа қоғамдық 
құбылыс тудырған форма. Өзі тілеп барған болса да біраз уақыт Мұсаның әскер 
қатарында болуы, әскердің жүріс-тұрысындағы ұйымдасқандық, ондағы 
ойналатын марштардың да әсері құлағында қалып, қазақ даласына ала келуі. 
Оның үстіне Мұсаның тек домбыра емес, сырнай, скрипкада ойнауы, оның 
репертуарында татар, орыс және басқа халықтардың музыка үлгілерінің, сөзсіз 
болуын қуаттайды. Нота сауаты жоқ заманда, халық әншілері Мұсаның аузына 
қазақша шығарылған әндерін алып, өздеріне бейтаныс музыка шығармаларын 
ала алмау нәтижесінде ғана бізге Мұсаның бай репертуары жетпей отырған 
сияқты. 
Мұса бұл жағынан Абайдан да өзгеше жәйда. Абай қазақтың халық 
музыкасын бір кісідей-ақ терең зерттеп, сала-салаларын шарлаған 
А.Затаевичтің өзі қазақтың ән формасынан шығап кетті, сол арқылы біздің ән 
қорымыөды мықтап байытты. Мұса болса ол қазақтың халық ән дәстүрінде 
көптеген туынды берді де, екіншіден «ән», «күй» деген екі ұғымнан басқа еш 
нәрсені білмейтін қазақ арасына «марш», «вальс», «мазурка» ырғақтарын алып 
келді. Тек жаңа түр, жаңа ырғақ, сырнай скрипкада ойнау арқылы жаңа, озат 
орындау техникасымен байыту арқылы бірінші тыңдаған кісіге «татарша не 
орысша» болып көрінетін музыка үлгілерін берді. 


20 
Қорыта айтарымыз – Жаяу Мұса музыкалық творчество жағынан аса бай, 
жан-жақты адам болды. Ол бір жағынан Біржан, Ақан дәстүрінде шығарма, 
екінші жағынан қала музыкасының рухында әндер шығарды. Оның кейбір 
әндерінің аяғында сырнай безілдедіп, марш ырғағында құйқылжытып, дауыс 
қоспағанның өзінде, аспаптық жағдайында да әсерлі қайырмалар, аяқтаулар, 
музыкалық тоқетер қорытындылар беруі творчествосын әсерлемесе, қазақтың 
музыкалық тілін байыта түспесе, басқа ешбір жаққа бұрған емес. 
Жаяу Мұса тек өнер қайраткері емес, үлкен күрескер, алған бетінен 
қайтпаған адам. 
«Жаяу Мұса- қазақтың белгілі әншісі, өлең шығаратын ақын, ...., Баянауыл 
ауданы, Павладар уезі, Семейпалат губерниясынікі. Осы кезде тірі болу керек, 
бірақ қартайған. «Жаяу» атанған себебі - өзінің өнерін жаюда ауыл арасында 
жаяу жүрген, ол оның өзі аттан түспейтін, ат қадірлейтін қазақ үшін үлкен 
кемшілік. Солай бола тұрсада оның аты халыққа тез жайылып бай қазақтар да 
құрметті қонағындай қарсы алды. Жамбасовтың сөзіне қарағанда, Мұса - 
көңілді қарт, қазақ ақындарының әдетін қумай, көбіне домбырада емес татар 
әншілері сияқты скрипкада ойнаған. Оның жеңіл, ойсыз, басқаша айтқанда 
көңіл көтеретін мелодиялары бірыңғай екі ширектік өлшеуге сыйып отырады, 
солай аяғына дейін өзгермей, «гатараға лайықты» сүйемел кереккендей және 
биге шақырып тұрғандай болады. Біразды көрген Мұсаға мазырканың 
ырғағыда белгілі болса керек» - дейді А.Затаевич, өзінің «1000 әнге» жазған 
түсінік сөзінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет