З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы


немесе бәдік жар-жар, мал мен адам, өлі мен тірі, салт, қыз бен жігіт, ру



Pdf көрінісі
бет7/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
немесе бәдік жар-жар, мал мен адам, өлі мен тірі, салт, қыз бен жігіт, ру, 
совет дәуіріндегі деп жіктегенін, М.Жармұхамедов еңбегінде айтыстың он төрт 
түрі бар деп көрсетілгенін ескертіп айтады.
М.Жармұхамедов айтыстағы ақындық тәсілге, айтыстың дәстүрлі 
сипаттарына кең тоқталады. Қазақ айтыстарының жанрлық табиғатын 
белгілейтін басты ерекшелігінің бірі деп, белгілі бір айтыстың қайта жырлануда 
өсіп, түсіндірме қосыла отыратындығын айта отырып, оған «Бақтыбай мен 
Мәйкі қыздың айтысын» мысалға келтіреді. Сондай-ақ ғалым айтыстың мұндай 
түрлері «Мансұр мен Дәме», «Түбек пен Қарқабат», «Біржан мен Сара», 
«Ыбырай мен Доскей», «Әсет пен Ырысжан» айтыстарында көп кездесетіндігін 
айтады.
Ал, Сыдиқов болса, XIX ғасырдағы ақындардың дәстүрлі айтыс 
өнеріндегі өзіндік өрнегіне тоқтала отырып, айтыстың жанрлық, даралық 
сипаттарын айқындай түсер толғамдар жасады. Оған сөз жүйріктері Абыл, 
Нұрым, Қашаған сынды ақындардың айтыстарын мысал етті.


11 
Темірхан Тебегенов әдеби шығармашылық жөнінен зерттеуде ақындар 
айтысын үш түрге бөліп қарастырады: 1) Мұсылмандық ағартушылық 
айтыстар; 2) Еларалық-ұлтаралық айтыстар; 3) Жазбаша айтыстар.
Жалпы, айтысты зерттеушілер XIX ғасырдағы айтыс үлгілерін, сипаттау 
қисындарын әлі де жан-жақты ойластыра, тереңдете қарастыру керектігін 
айтады.
Қазақтың төл мұрасы – айтыс жанры бойынша үлкенді-кішілі зерттеулер 
жасағап, еңбектер жазған С. Мұқанов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е.Исмайылов 
сынды зерттеушілеріміздің айтуынша, айтыс – екі адамның өзара сөз 
қағыстыруы, сөзбен тартысуы, жарысуы, дауласуы, сынасып-мінесуі, өнер 
салыстыруы сияқты ұғымдардың жиынтығын қамтиды. Айтыс екі түрде, 
яғни сөз түрінде және өлең түрінде кездеседі. Қазақ әдебиетінде, жалпы әдебиет 
көлемінде өсіп-өрбуге, әдебиет жанры ретінде қарастырылатыны да – өлең түрі 
болып табылады.
Айтыс өлеңдерін, әдебиеттік жағынан қарастырғанда, мазмұны мен 
тақырыбына қарай екі түрге бөліп қарастыруға болады. Оның біріншісі – қазақ
халқының тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, әдет-ғұрпына қарай бөлінеді. 
Ал, екіншісі – ақындардың шын мәніндегі өзара айтысы. Қазақ айтысының 
күрделі де қомақты бөлігін осы айтыс түрі құрайды. 
Алғашқы үлгідегі айтыс өлеңдері халқымыздың тұрмыс-салты мен әдет-
ғұрпына сай туындаған. Ол міндетті түрде халықтың жиналған жерінде, яғни 
той-тамаша, ойын-сауық үстінде шығарылатын болған және оны шығарушы 
ақындар болған. Бұл айтыстардың өзіндік ерекшелігі болған, себебі, ол жалпы 
айтыс өлеңдерінің алғашқы, бастапқы үлгісі болып табылады. Бастапқыда ол 
ойын-сауық ретінде жиналған халықтың көңілін көтеру, күлдірту мақсатынан 
туындаған. Өлең құрылысы жұрттың жаттап алып айта беруіне ыңғайлы 
болған. Айтыстың мұндай түрінде, нағыз ақындар айтысының үлгісіндегідей, 
тың тақырып, күрделі де көкейкесті әңгімелер, көкіректі жарып шыққан ой 
түйіндері мүлдем кездеспейді, керісінше, жеңіл-желпі сөз, әзіл-оспақ, ойын 
түрінде болып келеді. Тағы бір ерекшелігі – бұл айтыста халықтың тұрмыс-
тіршілігі, салт-санасы, әдет-ғұрпына байланысты туған әртүрлі ұғымдар мен 
түсініктері біте қайнасқан.
Әрине, бұны сол кездегі халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-санасына, 
әдет-ғұрпына байланысты туған айтыстың кемшілігі деп қарастырмау керек. 
Керісінше, ол – айтыс өлеңдерінің дүниеге қалай келіп, өзінің алғашқы 
қалыптасу барысында нендей тақырыпқа тоқталып, нені сөз еткендігі жайында 
аңғартып, мағлұмат беретін басты ерекшелігі деп қарастыру керек. Айтыстың 
дәп осы түрін - жалпы айтыс өнерінің әдебиеттен алар орнын көрсетіп, ақындар 
айтысының өніп, өрбіп шығуына себеп болған, үлкен жанр ретінде танылудың 
негізін қалаушысы, бастамасы болған түйткі ретінде бағалау қажет. 
Айтыстың бұл түрін мазмұнына қарай бірнеше салаға бөліп қарастыруға 
болады. Олар: «жар-жар», «бәдік айтысы», «қыз бен жігіт айтысы», «дін 
айтысы», «жұмбақ айтысы» деген бастапқы тақырыптарға бөлінеді. Мұндағы 
«жар-жар» мен «бәдік айтысы» айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең көне, ескі 
үлгілері қатарында болып саналады. 


12 
Қалған «қыз бен жігіт айтысы», «дін айтысы», «жұмбақ айтысы» болып 
саналатын айтыс түрлері халықтың жиналған жерінде жұртты көңілдендіру, 
сергіту, ән мен жыр қызығына толтыру мақсатында көбірек қолданылған айтыс 
түрлері болса керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет