З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет9/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
 
?! 
1) С.Мұқановтың «Қазақтың ХҮІІІ–ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан
очерктер» еңбегі қандай бөлімдерден тұрады? 
2) ХІХ ғасырда қандай айтыс түрлері дамыды? 
3) Айтыс қандай тұрмыс-салт жырларынан бастау алады? 
4) ХІХ ғасырда пайда болған ақындар айтысының түрлерін атаңыз? 
5) ХІХ ғ. дәстүрлі айтыстың жүйріктері кімдер болды? 
6) Т.Тебегенов зерттеуінше, ақындар айтысының түрлері қандай?
 
 
3 Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрінің көріністері 
 
М. Әуезовтың «нәзира» дәстүріне берген анықтамасы: «... бір 
тақырыптың әр ақында қайталауы еш уақытта аударма деп танылуы керек 
емес. Ол өзінше бір қайта жырлау, тыңнан толғау немесе ақындық шабыт-
шалым сынасып, жырмен жарысу есепті бір салт еді. Шығыс поэзиясы бұл 
салтты заңды деп біліп, осы дәстүрге «нәзира», «нәзирагөйлік» деп атау да 
берген» (Әуезов М. 11-том). 
Қазақ жерінде нәзира дәстүрімен жырланған шығармалардың авторлары: 
Т. Ізтілеуов, Ш. Жәңгірұлы, Ш. Құдайбердіұлы. 
Физули нұсқасы бойынша Ш. Құдайбердіұлы «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасын 
жазды. 
Шығыс хикаяларының желісіне құрылған қисса-дастандар: Бозжігіт, 
Сейфүлмәлік, Таһир-Зүһра, Жүсіп-Зылиха. 
«Нәзира» сөзі араб тілінен аударғанда «жауап» деген мағына береді. 
«Бозжігіт» дастаны өзінің тақырыбы, оқиғасы, құрылысы жағынан «Қозы 
Көрпеш-Баян-сұлы» жырына жақын. 
Мақсатқа жету жолында жасалған қажымас қайсарлықтың үлгісі ретінде 
жырланатын дастан- «Сейфүлмәлік». 
«Сейфүлмәлік» дастанының қазақша нұсқасына тән ерекшелігі: эпикалық 
дәстүр мен ертегі дәстүрі өзара ұштасып жатады. 
«Таһир-Зүһра» дастанында жырлаған ең басты нәрсе – махаббатқа адал 
болу, достықты аялау, мақсатқа жету, қиындықтармен күресе білу. 


15 
«Мұңлық-Зарлық» дастаны мен Абайдың «Ескендір» поэмасы арасындағы 
байланыс: «Қалтаға бір уыс топырақ әкеп салғанда қалтадағы алтын-күміс 
асып-тасып төгіле бастайды». // «Таразының сүйек тұрған жағына топырақ 
шашқанда ғана таразы басы «солқ» етіп жоғары шығып кетеді».
?! 
1) ХІХ ғ.аяғы мен ХХғ. басында қазақ әдебиетінің, фольклорының дамуына 
үлес қосқан ақындарға қандай атаулар берілген? 
2) Нәзирагөйлік дәстүрде қайта түлеген шығармаларды атаңыз? 
3) Нәзирагөйлік дәстүрдің әдеби байланыс түріндегі көрінісі жайлы қандай 
зерттеушілер пікір айтқан? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет