З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет8/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
«Қыз бен жігіт айтысы» ақын жігіт пен ақын қыздың арасындағы сөз 
жарысы болып, оны шығарушы да, айтушы да сол қыздар мен жігіттер 
болғандықтан, халық оны осылай атап кеткен. Бұл айтыс әдеттегідей 
амандасудан басталып, әдемі қалжың, жарасымды әзіл-оспақ, елді күлдіруге 
тұрарлықтай күлдіргі жайттарға ұласып отырған. Айтыс барысында қыз бен 
жігіттің бір-біріне айтылған міні неғұрлым көңілді, құлаққа қонымды 
болғандықтан, қарсыласының намысына тиіп, ашу-ызасын шақырмаған. 
Қарсыласын жеңу үшін оның мінін көбірек тауып, сынауға тырысқанмен, ол 
мін мұқату, әшкере ету, бетін қайырып тастау мақсатымен айтылмаған. Ол 
керемет әзіл өрнегімен көмкерілген «мін айту» болған. Мысалы, қыз 
қарсыласының өсіп кеткен сақалына мін тағу арқылы оны ұялтуды емес, дәйім 
жұртты қыран күлкіге кенеп, жігіттің осы әзілге жөнді жауап қайтара алмай, 
тосылып қалар-ау деген мақсатпен:
Қызға барған ел білсін атағыңды, 
Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды. 
Қыздан көңілі қалмаған қу көкірек, 
Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды... 
Сақалыңды айнаға көрші қарап
Ту құйрықтан маңызды төрт-бес қадақ. 
Ауылыңдағы бақалға күзеп сатсаң,
Алты сабын береді, жеті тарақ, - деп келтірсе, жігіт оған лайықты жауап 
ретінде халықтың «Сөздің көркі – мақал, адамның көркі - сақал» деген мақалын 
қолданады және өз тарапынан қыз бойындағы титтей де мінін іздеп табуға 
тырысады. 
Айтыс - кейде осындай сөз сайысына түскен қыз бен жігіттің бір-біріне 
деген ықыластары болса, сол лебіздерін, іштегі көңіл сырларын айтып қалуға 
да үлкен мүмкіндік берген (түсінбегендері әзіл түрінде қарап, түсіне білгендері 
астарлап болса да жауап қайыра білген). Ерте заман айтысына үңіле қарасақ, 
ондағы ақындар тек өз ойларынан шығарған шумақтарды ғана емес, сол 
тұстағы халық өлеңдерін де пайдаланып, әнге қосып отырған. Кейде ол 
қайырма түрінде келсе, кейде тіпті екі ақын да (қыз бен жігіт) өлең 
шумақтарының алдынғы екі жолын қайталап, ал өздерінің негізгі ойларын 
кейінгі екі шумаққа сидырып отырған. Олар көбінесе жатталуға жеңіл, тілге 
орамды, құрылысы он бір буынды өлең түрінде кездеседі.
Жинақтай айтсақ, «қыз бен жігіт айтысы» халықтың ойын-сауық, 
салтанатына байланысты туындап, қазақ ауыз әдебиетіндегі «айтыс» жанрының 
бастапқы үлгілерінің бірін құрап, кейінгі үлкен «айтыстың» негізін салуға 
себепші болған қомақты жанрдың бірі. 
Қазақ даласына ислам діні таралғаннан бастап, (тарихтағы келтірілген 
деректер бойынша XVII ғ. бері) қожа – молдалар, басқа да дін иелері ислам 
дінін уағыздап, үгіт-насихат жасау үшін поэзияның қосар үлесі мол екендігін 


13 
біліп, оны тікелей пайдалануға кіріскен. Осы мақсатпен әсіресе айтысты 
көбірек пайдаланған. Міне осылай «дін айтысы» пайда болған. Әрине ол 
қайсы бір ақынға келіп «дін» туралы айтысасыңдар деп қолқа салу емес, ол 
үшін алдын-ала өздері жалдамалы ақындарға уағыз айтып, көпшілікке ақын тілі 
арқылы діни үгіт – насихат жүргізіп отырған. Олар жұрттың жиналған жеріне 
үгіт-насихатты тереңірек жүргізу үшін екі ақынға да алдын-ала дін жайында не 
айтуды, кімдер туралы және қалай айтудың үлгілерін тапсырып қойған. Міне, 
осындай «саясаттың» негізінде діни тақырыптық айтыс түрі туған. 
Айтыстың бұл түрі екі ақынның сөз жарысынан гөрі бір-біріне берген 
сұрау-жауабына көбірек келеді. Айтыстың аты айтып тұрғандай, оның негізгі 
тақырыбы - дін жайындағы әңгімелер, үгіттер болады. Жиналған барша 
халықты дін жолына түсіру, діни ұғымдарға иландыру, діни наным –сенімдерді 
ұстануға жетелеу, үйрету сияқты мақсаттарды көздеген. Бәріне тек бір ғана 
жаратушы ие «Алла тағаланың» күшіне сену, намаз оқу, ораза ұстау, құран 
жолымен жүру, пітір-садақа беріп тұру керектігі және тек осыны ұстанған 
адамдар ғана «жұмақ төрінен» орын алатынын, ал бұған қарсылық білдіріп, 
сенімсіздік артқан «дінбезерлерді» «тозақ» оты күтіп тұратындығын сөз ететін 
болған. Қарапайым халыққа жай сөзбен үгіт жүргізгеннен гөрі, олардың сүйікті 
поэзиясын қолдану қожа-молдалар үшін дін насихатының құралы ретіндегі 
бірден-бір таптырмас жол екендігі байқалады.
Қазақтың айтыс өлеңдеріне дін айтысы елеулі үлес қосып, оның 
қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізе қоймаған. Бұл тек айтыс жанрының 
алғашқы үлгілерінің қатарындағы бірі болып табылады. Өлеңдік құрылысына 
келер болсақ, дін айтысы айтыстардың үздік шыққан тобына жатпайтын, тіпті 
айтыскерлердің аса қызығушылығын тудырып, жандандырар тақырып болып 
табылмайтын, тек дін тақырыбының аясында ғана сөз қозғалатын бірыңғай, 
қара дүрсінді өлең түрінде кездеседі. 
Халқымыздың тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпына сай туындаған айтыс 
өлеңдерінің тағы бір түрі – жұмбақ айтысы.
Ақынның тапқырлығы мен білгірлігіне тікелей байланысты айтыстың бұл 
түрі айтыс өлеңдерінің ішіндегі ең күрделі, қиындау түрі десе болады. Осы 
себепке байланысты ақынның тек суырып салма болуы ғана емес, оның үстіне 
ол өте тапқыр, көп нәрселерден хабардар, білімді, тез ойлап, табан асты жауап 
беруге дайын болуы шарт.
«Жұмбақ айтысының» қатысушылары жұмбақ қылып жасыратын 
нәрселерін адамзатқа таныс, деректі заттардан алып, сондай-ақ екі затты бір-
бірімен салыстыра білу арқылы жұмбақ шығарған. Дәлірек айтқанда, жұмбақ 
қылып жасыру аясына кіретін тақырыптар көлемі – жаратылыс дүниесі, аспан 
әлемі, жан-жануарлар, хайуанаттар, адам және адамның еңбегі мен кәсіп 
құралы, өнер, табиғат, ілім-білім болған. 
Жоғарыда айтып өткен айтыстың қиындығының салдарынан ба, айтыстың 
басқа түрінен гөрі «жұмбақ айтысына» қатысушы ақындар аз болса керек.
Мұның өзі «жұмбақ айтысындағы» айтыскердің аса тапқыр, білімді болуын 
талап ететіндігінің тағы бір айғағы.


14 
Қалай болғанда да қазақ халқы мұндай айтыскерлерден де кенде емес. 
Олардың қатарында Нұржан, Рысжан, Әсет, Шөкей, Сапарғали, Күңбала т.б. 
сынды айтыскерлеріміздің аттарын атауға болады. Бұлар айтыстың талабына 
сай – білгір ұшқыр ойлы, суырып салма, тапқыр айтыскерлер.
«Жұмбақ айтысы» өз дәуіріндегі айтыстардың ішінде мәні зор, салмақты 
айтыс болған.Оның басқа айтыстан ерекшелігі, ол өз айтыскерін көп білуге, 
ізденуге, жан-жақтылыққа талпындырған. Ал бұл жастардың (тек айтыскерлер 
емес) білімге деген құштарлығын оятуға, білімді болуға жетелеген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет