З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы


Гипербола (ұлғайту, грекше hyperbole – үлкейтілген, қомақты).  Литота



Pdf көрінісі
бет39/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Гипербола (ұлғайту, грекше hyperbole – үлкейтілген, қомақты). 
Литота (кішірейті, грекше litotes – қарапайым, қораш). 
 
Фигура (айшықтау, латынша figura – келбет, бейне) – сөз тіркестерін 
дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша
айшықпен құру. 
 
Арнау – адамның, яки ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа 
арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі. Ахмет 
Байтұрсынов үш түрге бөлген: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.
Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша 
аударғысы келген нәрсенә не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, 
ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу. Түрлері: жай қайталау, еспе 
қайталау, анафора, эпифора. 
 
Антитеза (шендестіру, грекше antithesis – қарама-қарсылық) – бір-біріне 
кереғар өқбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түрі-түсі әр бөлек 
нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, 
ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару, 
елестету. 
Градация (асқақтату, латынша gradation – бірден-бірге күшейе беру) – 
алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан 
соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу. 
Инверсия (сөз орнын ауыстыру, латынша inversionорын өзгерту
төңкеру) – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі 
грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер 
құру. 
Эллипсис (грекше ellipsis – түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішінде 
немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай 
тастап кету. 
Егіздеу (параллелизм, грекше parallelos – қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай 
нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет