З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет37/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
 
Абай Құнанбайұлы 
1. «Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың 
бір тоқтаусыз кеткені ме?» - Абайдың 
нешінші қара сөзінен? 
A) Бесінші. 
B) Отыз екінші. 
C) Он екінші. 
D) Он бірінші. 
E) Бірінші. 
2. Абай Құнанбайұлы Крыловтан аударған 
мысалын белгілеңіз. 
A) «Күз». 
B) «Жартас». 
C) «Жаз». 
D) «Қыс». 
E) «Шегіртке мен құмырсқа». 
3. Абайдың алғаш рет өз атымен 
жариялаған өлеңін белгілеңіз. 
A) «Өлең сөздің патшасы».
B) «Қалың елім, қазағым». 
C) «Жаздыгүн шілде болғанда». 
D) «Ғылым таппай мақтанба». 
E) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат». 
4. Абай төмендегі ақын-жазушылардың 
қайсысының шығармаларын аударған? 
A) Чехов. 


88 
B) Грибоедов. 
C) Лермонтов. 
D) Брюсов. 
E) Маяковскиий. 
5. Абайдың аяқталмаған поэмасы қалай 
аталады? 
A) «Ескендір». 
B) «Масғұт». 
C) «Әзім әңгімесі». 
D) «Адасқан өмір». 
E) «Медғат-Қасым». 
6. «Жүрегіңмен тыңдамай, 
Құлағыңмен қармарсың. 
Соны көріп соларға, 
Қайтіп қана сарпарсың» - деген өлең 
жолдары Абайдың қай өлеңінен алынған? 
A) «Өзгеге көңілім тоярсың!». 
B) «Кейде есер көңіл құрғырың». 
C) «Заман-ақыр жастары». 
D) «Көзінен басқа ойы жоқ». 
E) «Менсінбеуші ем наданды». 
7. Абайдың алғаш жарық көрген өлеңдері 
кімнің атынан жарияланған? 
A) Уәйістің.
B) Ақылбайдың. 
C) Мағауияның. 
D) Әріптің 
E) Көкбайдың. 
8. Абайдың табиғат пен махаббат сырын 
үндестіре жырлаған өлеңін көрсетіңіз: 
A) «Көлеңңке бойын ұзартып». 
B) «Көк ала бұлт сөгіліп». 
C) «Жаз». 
D) «Желсіз түнде жарық ай». 
E) «Қараңғы түнді тау қалғып». 
9. Абайдың қай қара сөзі тек 
афоризмдерден тұрады? 
A) Он бесінші. 
B) Бесінші. 
C) Он тоғызыншы. 
D) Отыз жетінші. 
E) Үшінші. 
10. Абайдың пікірлес орыс досы кім? 
A) Белинский. 
B) Михаэлис. 
C) Потанин. 
D) Веселовский. 
E) Семенов-Тянь-Шанский. 
11. Абайдың өлеңін көрсетіңіз. 
A) Жазғытұрым». 
B) «Өзен». 
C) «Кедей». 
D) «Замана адамы». 
E) «Бірінші тілек тілеңіз». 
12. «… Бұл – адамға, оның ішінде әйелге 
деген сүіспендік гимні, әйелді жүректер 
табынар махаббат тәңірісіне айналдыру» - 
деген пікірді Ә. Тәжібаев қай өлеңге 
байланысты айтқан? 
A) «Желсіз түнде жарық ай». 
B) «Сегіз аяқ». 
C) «Болыс болдым мінеки». 
D) «Қалың елім, қазағым, қайран 
жұртым». 
E) «Жарқ етпес қара көңілім...». 
13. Абайдың өнер-білім тақырыбындағы 
өлеңін белгілеңіз. 
A) «Интернатта оқып жүр». 
B) «Көзімнің қарасы». 
C) «Бойы бұлған». 
D) «Қыс». 
E) «Ал, сенейін, сенейін». 
14. Абайдың поэмасын атаңыз: 
A) «Ләйлі-Мәжнүн». 
B) «Масғұт». 
C) «Медғат-Қасым». 
D) «Жүсіп-Злиха». 
E) «Еңлік-Кебек». 
15. Мына үзінді Абайдың қай өлеңінен:
«Бас-басына би болған өңкей қиқым, 
Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын?» 
A) «Ішім өлген, сыртым сау». 
B) «Алланың һөзі де рас, сөзі де рас». 
C) «Талай сөз бұдан бұрын көп 
айтқанмын». 
D) «Қалың елім». 
E) «Бойы бұлған». 
16. «Тұл бойын ұят-ар едің» - деп 
басталатын өлеңін Абай кімге арнаған? 
A) Оспанға. 
B) Шәкәрімге. 
C) Әбдірахманға. 


89 
D) Мағауияға. 
E) Көкбайға. 
17. «Жаңа жылдың басшысы ол, мен 
ескінің арты едім», - деген өкінішті Абай 
кімі жайында білдірді? 
A) Әкесі. 
B) Немересі. 
C) Баласы. 
D) Әйелі. 
E) Інісі. 
18. Абай інісі Оспанға арнаған өлеңді 
көрсетіңіз: 
A) «Мал түгіл жанға мырза еді». 
B) «Ғылым таппай мақтанба». 
C) «Сап-сап көңілім». 
D) «Жайнаған туың жығылмай». 
E) «Қансонарда». 
19. Ә. Дербісәлиннің Абай туралы айтқан 
сөздерін аяқтаңыз: «Ақынның жас 
кезіндегі, толысқан кезіндегі, кемелденген 
кезеңдегі творчествосына ортақ, барлық 
тұста бірдей көрінетін ұнамды бейнесі - 
...»: 
A) Өмірге ғашық Адам. 
B) Білімді Адам. 
C) Шын мәніндегі Адам. 
D) Әділетті Адам. 
E) Өнерлі Адам. 
20. Абайдың «Мінез – ақыл мен ғылымды 
сақтайтын сауыт» деген афоризмі қай қара 
сөзінен алынған? 
A) Отыз екінші. 
B) Он бесінші. 
C) Он екінші. 
D) Тоғызыншы. 
E) Төртінші. 
21. Абайды кім «қазақ поэзиясының күн 
шуақты биігі» деп атаған? 
A) А. Байтұрсынов.
B) М. Жұмабаев. 
C) М. Дулатов. 
D) М. Әуезов. 
E) Ш. Құдайбердіұлы. 
22. «Масғұт» поэмасының бас кейіпкері 
алдына таңдау ұсынғанда, нені жоғары 
бағалайды? 
A) Байлық пен асқан дәулетті.
B) Ақыл даналығын. 
C) Әйел жұртын сүюді. 
D) Мәңгілік өмір сүруді. 
E) Даңқ, атақты. 
23. И. Тургеневтің «Восточная легенда» 
әңгімесімен мазмұндас Абайдың поэмасы 
көрсетіңіз: 
A) «Ескендір».
B) «Масғұт». 
C) «Жаз». 
D) «Өлең сөздің патшасы». 
E) «Әзім әңгімесі». 
24. «Адам баласының ең жаманы - 
талапсыз». Абайдың қай қара сөзінен 
алынған?
A) Бесінші. 
B) Он жетінші. 
C) Қырық төртінші. 
D) Оныншы . 
E) Он үшінші. 
25. Абайдың ән құдіретін жырлаған өлеңін 
көрсетіңіз.
A) «Кейде есер көңіл құрғырын». 
B) «Құлақтан кіріп бойды алар». 
C) «Ғылым таппай мақтаңба». 
D) «Бойы бұлған». 
E) «Өлсем, орным қара жер». 
26. Абайдың табиғат лирикасындағы ең 
алғашқы өлеңін көрсетіңіз: 
A) «Жазғытұрым». 
B) «Қыс». 
C) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі 
ай». 
D) «Жаз». 
E) «Күз». 
27. Абай алғаш рет қай орыс классигінің 
шығармасын қазақ тіліне аударды? 
A) А. Пушкин. 
B) М. Лермонтов. 
C) И. Крылов. 
D) Л. Толстой. 
E) И. Тургенев. 
28. «Ашуың – ашыған у, ойын кермек» - 
деген өлең жолы Абайдың қай 
шығармасынан алынған? 


90 
A) «Қалың елім, қазағым».
B) «Әсемпаз болма әрнеге». 
C) «Қартайдық, қайғы ойладық». 
D) «Біреудің кісісі өлсе, сол кінәлі». 
E) «Өкінішті көп өмір өтіп кеткен». 
29. Абайдың қай қара сөзінде қазақтың 
мақал-мәтелдері туралы сын айтылады? 
A) Алтыншы. 
B) Отызыншы. 
C) Бесінші. 
D) Он алтыншы. 
E) Тоғызыншы. 
30. Абай ақындығына әуелгі ықпал еткен 
көркемдік негіз қандай еді? 
А) түркі әдебиеті 
В) дін оқуы 
С) қазақтың халық әдебиеті 
D) ел билеу жолы 
Е) ойын – сауықтар 
31. Абайдың мына өлең шумағында 
бейнелеудің қандай түрі қолданылған? 
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды. 
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. 
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, 
Басқан жері сықырлап келіп қалды. 
А) күрделі айқындау (Эпитет) 
В) күрделі ауыстыру (метафора)
С) күрделі теңеу 
D) күрделі мегзеу 
Е) күрделі астарлау 
32. Абайдың мына өлең жолдарында 
бейнелеудің қандай түрі қолданылған? 
Бұлттай қасы жауып екі көзін, 
Бурадай бұрқ-сарқ етіп долданғанда. 
А) эпитет 
В) теңеу 
С) метафора 
D) символ 
Е) аллегория 
33. Абайдың мына өлең жолдарына 
бейнелеудің қандай түрі қолданылған? 
Болатша дірілдеген жалын көрген 
Бір күңгірт тартып және оттай жанған. 
А) теңеу 
В) эпитет 
С) символ 
D) синекдоха 
Е) метафора 
34. Абайдың мына өлең жолдарында 
бейнелеудің қай түрі бар? 
Қабаған итше өшігіп шыға келер 
"Мен қапсам, тап бір жерін бөксерем" деп 
А) символ 
В) синекдоха 
С) эпитет 
D) метафора 
Е) теңеу 
35. 
Абайдың 
мына 
өлеңіндегі 
метафораның қай түрі қолданылған? 
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар. 
Кәрі құдаң – қыс келіп әлек салды. 
А) жалғаулы метафора 
В) жай метафора 
С) ұлғайған метафора 
D) жұрнақсыз метафора 
Е) көмекші етістік арқылы жасалған 
метафора 
36. Абайдың мына өлең жолдарында 
бейнелеудің қай түрі бар? 
Күшік асырап, ит еттім 
Ол балтырымды қанатты, 
Біреуге мылтық үйреттім, 
Ол мерген болып мені атты. 
А) метафора 
В) метонимия 
С) синекхода 
Д) теңеу 
Е) эпитет 
37. Абайдың мына өлең жолдарында 
бейнелеудің қай түрі бар? 
Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген, 
Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа 
А) эпитет 
В) теңеу 
С) метонимия 
D) метафора 
Е) синекдоха 
38. Абайдың мына өлеңінде бейнелеудің 
қай түрі бар? 
Жартасқа бардым, 
Күнде айқай салдым, 
Онан да шықты жаңғырық. 
Естіп үнін, 
Білсем деп жөнін 
Көп іздедім қаңғырып 


91 
Баяғы жартас - бір жартас, 
Қаңқ етер, түкті байқамас. 
А) символ 
В) синекдоха 
С) теңеу 
D) эпитет 
Е) метонимия 
39. Абайдың мына аударма өлеңінде 
бейнелеудің қай түрі бар? 
Ірімшікті Құдайым, 
Кез қылды бір күн қарғаға... 
Бір қу түлкі сорына 
Жақын жерде жүр еді 
А) аллегория 
В) метафора 
С) метонимия 
D) синекдоха 
Е) эпитет 
40. Абайдың мына өлеңінде бейнелеудің 
қай түрі бар? 
Мұқым қазақ баласы 
Тегіс ақыл сұрапты. 
А) кішірейту (литота)
В) әсірелеу (гипербола)
С) градация 
D) перифраз 
Е) түйдектеу 
41. Абайдың мына өлеңінде айшықтаудың 
(фигураның) қай түрі қолданылған? Қап-
аппақ, бүркіт - қара, түлкі қызыл, 
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға... 
Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш, 
Қара шаш қызыл жүзді жасырғанда 
А) инверсия 
В) дамыту 
С) арнау 
D) қайталау 
Е) шендестіру 
42. Абайдың мына өлеңінде айшықтаудың 
(фигураның) қай түрі қолданылған? 
Балалық өлді, білдің бе, 
Жігіттікке келдің бе 
Жігіттік өтті көрдің бе, 
Кәрілікке көндің бе? 
А) шендестіру 
В) дамыту (градация) 
С) арнау 
D) қайталау 
Е) инверсия 
43. Абайдың мына өлеңінде айшықтаудың 
(фигураның) қай түрі қолданылған? Келдік 
талай жерге енді, 
Кіруге-ақ қалдық көрге енді 
А) инверсия 
В) қайталау 
С) шендестіру 
D) дамыту 
Е) арнау 
44. Мына өлең жолдары Абайдың қандай 
аударма шығармасы? 
Шаң шығармас жол - дағы, 
Сілкіне алмас жапырақ. 
Тыншығарсың сен - дағы, 
Сабыр қылсаң азырақ. 
А) Сұрғылт тұман дым бүркіп 
В) Жалау 
С) Қараңғы түнде тау қалғып 
D) Жартас 
Е) Қорқытпа мені дауылдан 
45. Абайдың мына өлең жолы қай 
шығармасындағы кейіпкер сөзі? 
Қаймақ еді көңілімде, 
Бізге қаспақ болды жем 
Екі сөз жоқ өмірімде, 
Мен де сорлы – бақыты кем 
А) Онегин сөзі 
В) Ленский сөзінен 
С) Татъяна сөзі 
D) Онегиннің өлердегі сөзі 
Е) Татъянаның Онегинге жазған хаты 
46. Мына өлең жолы неше буынды? 
Жарым жақсы киім киіп, 
Келді жанға жылы тиіп. 
Диуана болды бұл көңілім, 
Басылмай бір құшып сүйіп. 
А) он буынды 
В) жеті буынды 
С) сегіз буынды 
D) тоғыз буынды 
Е) он бір буынды 
47. «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері 
және 
Абай 
поэзиясының 
тілі» 
монографиясының авторы кім? 
А) Мұхтар Әуезов 
В) Қажым Жұмалиев 


92 
С) Ханғали Сүйіншәлиев 
D) Әлкей Марғұлан 
Е) Серік Қирабаев 
48 Абайдың мына сөзі нешінші қара 
сөзінде еді? 
«Біздің қазақтың қосқан аты алдында 
келсе, күреске түсірген балуаны жықса, 
салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып 
барып ұстаса, есі шығып қуанады. 
Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма 
екен: Әй, жоқ та шығар!» 
А) отыз екінші сөз 
В) қырық бірінші сөз 
С) екінші сөз 
D) жиырма алтыншы сөз 
Е) жиырма бесінші сөз 
49. 
"Абайдың қара сөздері" деген 
тақырыпта диссертация қорғаған, кітап 
шығарған қай ғалым? 
А) Ханғали Сүйіншәлиев 
В) Қажым Жұмалиев 
С) Мұхтар Әуезов 
D) Әлкей Марғұлан 
Е) Зейнолла Қабдолов 
50."Хакім Абай" атты жаңашыл кітап 
жазған қай ғалым еді? 
А) Мұхтар Әуезов 
В) Сәбит Мұқанов 
С) Ғарифолла Есімов 
D) Қажым Жұмалиев 
Е) Ханғали Сүйіншәлиев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет