З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы


Абайдың бесінші қара сөзі



Pdf көрінісі
бет41/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Абайдың бесінші қара сөзі 
Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, 
буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: 
«Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. 
Онысы - жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, 
қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі - 
«Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал - 
адамның бауыр еті», «Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық», «Ер 
азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген 
перде бұзар», «Алаған қолым - береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», 
«Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», 
«Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, 
есепсіз толып жатыр. 
Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым 
үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ 
ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ 
яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін 
жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік, 
соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы 
демесек керек екен. 
Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан 
қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене 
жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? 
Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен. 
Іздеген еліміз сол ма? 
 
ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ 
Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ 
түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар. 
Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып 
жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен 
мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, 


99 
біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы 
адамның ісі. 
«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні 
жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын 
табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау 
керек, не аққан терден сұрау керек қой. 
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат? 
«Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-
түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды? 
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай! 
Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны. 
«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал 
тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де 
қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы 
келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма 
қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? 
Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек. 
1895


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет