З. ҚҰламанова т. ЖаңАҚҰлов б. Момышұлы шығармашылығындағы топонимикалық атаулар


Б. Момышұлының «Жол үстінде» əңгімесіндегі



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата16.02.2017
өлшемі5,15 Mb.
#4238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Б. Момышұлының «Жол үстінде» əңгімесіндегі 
тағылым мəселелері
«Жол  үстінде»  əңгімесі  Бауыржан  Момышұлы  əңгімелерінің 
ішінде  өзіндік  стилі  бар,  мағынасы  табиғат  пен  дəстүрді  тереңнен 
қамтитын шығарма.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталар алды. Соғыс екі блокқа 
бөлінген.  Бірінші  жағында  Совет  Одағы,  АҚШ  жəне  Англия, 
екіншісінде – Германия,  Жапония  жəне  Италия.  Əңгіме  Бауыржан 
Момышұлының 1935 жылы  Қиыр  Шығысқа  Жапонияның 1 млн. 
Квантун  армиясын  талқандау  үшін  соғыс  қимылдарына  қатысуға 
бара  жатқанда,  көмекшісі  Əзімханның  жол  үстінде  баяндауынан 
басталады.  Əзімхан  мен  Бауыржан  Момышұлы  жол  қысқарсын 
деп  əртүрлі  жайларды  айтып  келеді.  Тайганы  жаңғыртып  Əзімхан 
мына өлеңді айтады:
Шашы бар қолаң қара ашаң жүзді,
Қыр мұрын, қиылған қас, қара көзді,
Толықша сұңғақ бойлы, алма мойын,
Тиісті жауап берер майда сөзді.
Жарасқан барлық келпі денесіне,
Кім болмас риза туған енесіне.
Дəл соны жанға балап жар етпесең,
Өмірдің бұл əйелсіз керегі не.
Қыз  десе,  қай  адамның  делбесі  қозып,  жүрегіне  өрт  пайда  бол-
маған.  Соғыс  заңы  оңай  дейсің  бе,  бала-шағаң,  жылы  төсегің,  дем-
деп,  баптап  ішетін  тамақ-шəйің,  белді  шешіп  өз  төсегіңде  ұйық-
тауың  бақыттың  бір  түрі,  малың-қораң  артта  қалып,  Отаныңа  төн-
ген қауіптің бетін қайтарып, бірақ Жеңіспен оралу түпкі мақсат, де-
генмен де Б. Момышұлы елін-жерін сағынып, Əзімханның аузымен 
былай  дейді: «Осы  Қиыр  Шығысқа  келгелі,  əйелдерді  сыртынан 
анда-санда  бір  көріп  қалғанымыз  болмаса,  қасына  анық  құлаш 
жетер  жер  жақындаған  емеспіз,  бізге  күн  асқан  сайын  орамал  тар-
тып,  юбка  кигендердің  көзімізге  түскені  қор  қызындай  көрініп, 
көбімізді «тап сені...» дегізетін».

50
51
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Жол  ұзақ,  біраздан  кейін  əңгіме  ауылнай  Айнабектің  Əлібегі 
туралы  өрбіді.  Ол  кезде  қоғам  өмірі,  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынастар  келе  жатқан  соғыс  талаптарына  бағындырылған.  Со-
ғысқа  қажетті  қару-жарақпен  қамтамасыз  ету  үшін  ауылға  салық 
мөлшері  ұлғайтылып,  елдің  өмір  сүру  əл-ауқаты  əжептəуір  төмен-
деген.  Сол  Əлібек  үйге  ретсіз  бірнеше  қабат  салық  салғанымен 
тұрмай,  Əзімбектің  бəсіре  қара  дөненін  жайлаудан  ұстап  алып,  лау 
(аттың  күшін  пайдалану)  қатарында  мініп  жүргенін  əкесі  соңғы 
хатында  айтады.  Ауылнайдың  бұл  іс-əрекеті  Əзімханның  намы-
сына  тиеді,  ызаланады,  тісін  қайрайды.  Оңай  дейсің  бе,  қазақ  атты 
адамның  қанаты,  досы,  махаббаты  деп  есептеп  жүргенде,  басы-
нып біреу мініп жүрсе. Екінші жағынан, соғыстың қарсаңында бəрі 
де  соғыс  заңына  бағындырылған  кезеңде,  салықты  дер  кезінде  тез 
жинау  үшін,  басқа  көліктің  реті  болмағандықтан  ат  жарамды,  əрі 
сұлу көрінгендіктен мінген де шығар, кім біледі.
–  Ауданның  орталығы  станция  бойында  еді,  сəскеде  келіп  қы-
зыл  шайханада  отырғанымда,  ауылнай  Əлібек  жетіп  келді.  Сұр 
жыланша  жылмыңдап,  мені  көрісімен-ақ  жалпаңдап,  асты-үстіме 
түсті де қалды.
–  Қарағым,  інішегім,  амансың  ба,  ер  жетіп  жігіт  болды  деген 
осы,  ауыл  тегісімен  аман,  көкемнен  сен  келгенше  деп  айғырыңның 
майын  сұрап  мініп  жүр  едім,  осы  жерге  де  соны  мініп  келдім... 
Ауылға өзің мініп барсаң, мен лажын тауып басқа атқа мінермін, – 
деп Əлібек сөз берер емес.
Шайханашы  тəжік  Əлібектің  ымдауымен  алдымызға  бір  шерт-
пек қымыз əкеліп қойды.
–  Абдрахман  əке,  көкем  мен  жеңгем  шай,  қант  керек  деп  отыр 
еді,  біреуді  жіберіп  дүкеннен  екі  қадақ  қант,  бір  құты  шай  алды-
рыңызшы. Əзімхан ауылға ала кетсін, – деп тəжікке бұйырды.
–  Құп  болады, – деп,  кешікпей-ақ  ол  Əлібектің  тапсырмасын 
орындап келді. 
Ауылнай  Əлібек  ауылдың  кəдімгі  қу  десе  қу,  сұм  десе  сұм, 
парақор,  өзінен  жоғарыларға  қошаметшіл,  төменгілерге  өктем  адам 
еді.
Алдыңғы  жылы  Нуров  дейтін  бір  пұшық  уəкіл  болып  келіп, 
Əлібектің  үйінде  жатып,  арақ  ішіп, 500 сом  пара  алып,  Əлібекті 
ауылнай  сайлап  кеткен  екен  (ол  уақыттағы  ауылдағы  демократия-
дан  хабарыңыз  бар  шығар).  Оны  мен  есіте  салысымен,  аудандық 
орындарға елдің арасында сондай сөз бар деп хат жазып едім, бірақ 
та  ол  хатым  аяқсыз  қалып  кетті.  Біздің  үйге  Əлібектің  қысым 
көрсететіні  содан,  оған  ауданның  бір  қызметкері  сол  хат  туралы 
айтса керек.
Əлібек  залым  да  болса  реңді,  орта  бойлы,  аққұба,  қара  қасты, 
өткір  күлімсіреген  қара  көзді,  жылтыраған  қара  мұртты,  қырыққа 
жетпеген  жігіт  еді,  сондықтан  ба,  естуімше  əйелдерге  өте  жағым-
ды дейтін.
«Ағаш  көркі – жапырақ,  адам  көркі – шүберек»  дегендейін, 
Əлібек  ешуақытта  жаман  киім  киген  емес.  Келбетті  кісіге  өзіне  ла-
йықтап тіккен қазақ киімі өте қонып, жарасып-ақ тұрады ғой. Əсіре-
се, біздің елде, Арқаның қазағындай олбыр-солбыр киінбейді.
Əлібек атты таңдап, жабдықты ер-тұрмандап мінетін. Жазда құс 
салып,  қыста  тазы  жүгірткен,  көкпар  десе  өліп  қалған  шабандоз, 
жүйрікті  салып  бəйгіге  қосқан  атақты  сыншы  саяткерлердің  бірі 
болатын. Ауылда ат, құс, ит қадірін одан асып ешкім білген емес.
Жасөспірім жігіт кезінде тойда өлең айтып, ешбір қыздан жеңі-
ліп көрген емес. Өмірінде аты арып, иті қаңғырып, құсы қашпаған.
Ауылдың  кейбір  бозбаласы  Əлібекке  еліктеп  əсем  киім  киіп,  ат 
жаратып  мініп,  оның  толық  ықпалында  болатын.  Əлібекті  саяткер-
лер,  шабандоздар,  құсбегілер  сияқты  сауықшылардың  серкесі  деп 
айтса да болады.
Əлібек  шайханаға  келген  ауылдың  бір  жігітін  атқа  жұмсады. 
Далаға  шықсам,  əлгі  жігіт  менің  қара  айғырымды  ұстап  тұр  екен. 
Дұрыс  күтіп,  мініп  жүргені  рас  екен.  Айғырым  өмірімде  сондағы-
дай көзіме келбетті, сүліктей сұлу болып ешуақытта көрінген емес. 
Сондағы атыма арнап шығарған өлеңім:
Тік аяқ, бура санды, құйма тұяқ,
Кең маңдай, етсіз жақты, қамыс құлақ.
Омыраулы, жібек жалды, сағақ мойын,
Бұлшық етті, сауырсын, артың талтақ.
Иығың тік, жұмыр палуан келген белің,
Тықыр жүн, майлағандай – жылтыр терің.
Тартыңқы іш, аш бөрінің қарынындай,
Бесіктей ерге жайлы тегіс жоның.
Сағақ қағып адымдап шұлғып жүрсең,
Тұлпарға жеткізбейсің зулап желсең.
Шабысың ұшқан құстан кейін емес,
«Бір қызға» сені қылған қалай өлшем?
Жып-жылтыр, мөлдіреген қара сүлік,
Анадан артық туған сен бір «күлік»
Аттан ассаң дауым жоқ менің сенде,
Теңеру сені қызға шерменделік.

52
53
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Айғырыма  мініп,  біраз  жүрісіне,  біраз  желісіне,  біраз  шабысы-
на салып ауылға бара жатырмын. Көңілім шат, өте қуаныштымын.
Туған  жердің  табиғатының  өте  сұлулығын  бірінші  рет  көрген-
дей,  сол  күні  байқап,  таңғала  қарап,  жол-жөнекей  қызығына  тояр 
емеспін.
Көңілім  көтеріліп,  даланы  жаңғыртып,  айқайлап  өлең  айттым. 
Аттың  үстінен  оңға,  солға  аунап  жигитовканы  мəнеждегіден  артық 
ептілікпен  істедім.  Жол  жағасындағы  қызғалдақты  жұлып  алып, 
жұпар гүлін иіскедім, сүйдім.
Жолда  Қоңыртөбе  дейтін  төбе  бар  еді,  соның  басына  шауып 
шығып, айнала төңірекке көз жеткенше қарадым.
Оңтүстікте  басынан  қысы-жазы  қар  кетпеген,  аспанмен  тірес-
кен  тау  ұлығы  ақбас  Алатау,  басына  қарағанда  өте  жақын,  етегіне 
қарағанда өте алыс, «Биік таудың басын көріп, қасына барма» деген 
халық сөзін ойыма түсірді.
Солтүстікке  қарасам,  аспанға  тірескен  Алатауға  үйренген  кө-
зіме  жартасты  қоңыр  Қаратау  табанымның  астында  жермен-жек-
сен болып майда, соқпырт, адыр жай тізілген төбешіктерге ұқсады.
Батыстағы  Жабағылы,  Шақпақ,  Құлан  таулары  Қаратаудан 
сəл-ақ биік, көркемді көрінді.
Төрт жағын тау қоршаған Алатаудың Ақсай, Көксайының етегі, 
ойпаңның  аты – Мыңбұлақ  дейтін  жер.  Табан  астымдағы  жазық 
ойпаңға  қарасам:  жадыраған  жаздың  ашық  күні  сүйкімді  сəулесін 
жер жүзіне төгіп балқытып, ойпаңдағы қызыл, көк, жасыл, ақ, сары 
гүлдер,  көкорай  шалғын  саз,  бидайығы  қалың  өскен  тың,  гүлдей 
көгерген  жоңышқа,  күздік,  жаздық  тəлімі  бидай  жетіле  өсіп,  күнге 
шағылысып,  масатыдай  түрленіп,  жайқалып  құлпырып,  əдемі,  өте 
көңілді болып жайнап жатыр екен.
Қара  жолдың  сыртындағы  жайлауға  жиі  қонған  ауылдың  ақ 
жұмыртқадай үйлері, өрістегі қара құрымдай жайылып жатқан төрт 
түлікті  малдары,  ойдағы  сирек,  бытыраңқы  əр  бұлақ  басындағы 
қыстаулар да сырлы болып көрінді.
Көз  алдымдағылардың  өте  əсемдігіне,  адам  баласының  еңбек 
сүйгіш  қолы  себеп  болып,  оны  нақыстап  əшекейлеп,  оқалағанын 
бірінші рет ұғынғандаймын. Еңбектің күшін, қасиетін мен сол күн-
нен пайымдап, еңбекті сүйдім.
Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай,
Ішсем суы татиды шекер-балдай.
Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа,
Жазғытұрым құлпырған масатыдай.
Көк орай шалғын, отаным, жерің дəнді,
Жазың салқын, жайлауың малға жайлы.
Сағынып алыс жерден келгенімде,
Көзім тойып көркіңе, мейірім қанды, –
деп,  екі  ауыз  өлең  айтып,  шпорымды  айғырымның  бауырына  қа-
дап,  төбешік  үстінен  шауып  түсіп,  қара  жолдың  шаңын  бұрқырата 
жайлаудағы ауылға қарай тарттым.
Жол  астында 400-500 метрдей  жерде  Тереңсай  атты 5-6 бас-
таулы суат бар. Ауылдың əйелдері суды осы жерден алатын. Еркек-
тің алдын кесіп өтпеу – біздің ел əйелдерінің рəсімі, ізеті (осы кез-
дегідей  əдепсіздік  орнамаған  уақыт).  Мені  көріп  бір  топ  қыз-ке-
ліншектер шелектерін жерге қойып, қатар тізіліп тұра қалды» (Му-
зей апа. 11-15-бб.).
Бұл жерде автор Əлібектің жылпостау, жағымпаздау, өзімшілдеу 
адами  қасиеттерінің  бар  екенін  алғашқыда  сипаттаса  да,  Əлібектің 
«лауға»  мініп  жүрген  атты  бағып,  қағып  əдемілеп  мініп  жүргенін 
көріп,  оған  кешірімділікпен  қарағанын  дəл  келтіреді.  Мүмкін  оған 
баға  беру  үшін  соғысқа  дайындық  кезіндегі  қарбаласты  есепке  алу 
қажеттігін  ойланды  ма  екен?  Бірақ  адамның  бір  жақсы  қасиетінің 
бірі кешірімділік болса керек.
Автордың  адам  таңғаларлық  шығармашылық  (творчестволық) 
шеберлігі,  оның  жер  жанаты  Мыңбұлақты  суреттеуінде  жатса  ке-
рек.  Дүниеге  келіп,  кіндік  қаны  тамған  жердің  қасиеті  болса  керек. 
Ол  Бауыржан  Момышұлының  бойына  ерекше  қуат  беріп,  оның 
қабілеттілігін  арттырады.  Кезінде  жер,  ел,  су,  шөп  қасиеттері  Ба-
уыржан  Момышұлының  ішкі  жəне  сыртқы  дүниесіне  ерекше  нəр 
беріп,  оның  асқақ  тұлғасын  қалыптастырса  керек.  Автор  Мыңбұ-
лақты  төрт  жағын  тау  қоршаған  Алатаудың  Ақсай,  Көксайының 
етегі,  ойпаңда  орналасқан  табиғаты  жағымды,  шөбі  шүйгін,  суы 
бал,  ауасы  жұтсаң  денеңе  қуат  беретін  жерді  еске  салады.  Басқа 
ақын бұл жерді жырға былай қосады:
Мыңбұлақ «Жібек жолын» тұрақтаған,
Байлығы қол жайғызып сұратпаған
Тарихтың сан ғасырлық куəгері,
Жерін еміп бабаларым қуаттаған.
Жағаңда жау атының ізі қалған,
Жемісіңді талай жау үзіп алған,
Бабалар өсиетін қуат етіп
Қас жаулардың жағасын жыртып алған
Суыңды ішіп, керуендер белін шешкен,
Жер қасиетін бағалап уəделескен

54
55
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
Ел тағдырын мойнына арқалатып
Соғыстарды атқарды кескілескен.
Бауыржан  Момышұлының  əңгімелері  бүкпесіз,  көркем  сөзбен 
нақышына  жеткізіп  өрнектелмеген,  бірақ  қарапайым  тілмен  өмір-
ден  үзінді  (фрагмент)  ретінде  сол  күйінде  келтірілуі,  оның  əңгі-
мелерінің  құндылығын  айғақтайды.  Керек  болса  кейіпкерлердің 
аты  да  сол  күйінде  өзгертілмей  нақты  атымен  аталады.  Бұл  деге-
німіз–  автордың  əңгімесінде  қоспа  жоқ  деген  сөз.  Сондықтан  да 
шығарманың  реалды  шындық,  ақиқат  мəні  мен  мазмұны  оқырман-
ның  үлкен  сенімін  тудырады.  Шындықтың  аты  шындық,  өйткені 
ұлы  рухани  жəне  тарихи  дүниелердің  іргетасы  тек  қана  шындық-
тан қаланады. Оның адамдық рухани дүниесін қалыптастыруға рөлі 
орасан зор.
Сол əңгіменің бірегейі «Текебай бидің өкімі» деп аталады. Ав-
тор  былай  дейді: «Менің  бабам – Имаш.  Баба  нағашым – Текебай 
би.  Əкем – молда  Момыш.  Менің  бала  кезім.  Момынқұл  дейтін 
əкемнің  інісі  кенже  болғандықтан  еркелеп  өскен.  Одан  кейін  менің 
апам (бабушкам) Үбікүл дейтін қыз туыпты. Ол кісі ұзын бойлы, өте 
реңді əйел еді. Она была настоящей красавицей... Одан кейін менің 
апам (бабушкам) бала туудан қалыпты...
Келімбет  дейтін  бір  шалдың  (ол  кезде  жасы 89-да  екен)  бір  ба-
ласына  жаңағы  апамды  (бізше  əкпемді)  беріпті...  Екі  жылдан  кейін 
күйеуі  өліпті.  Жесір  қалыпты...  Əмеңгер  ретінде  қайнысы  алыпты. 
Ол  кісінің  аты  Қыймəділ  екен.  Өзі  шикі  сары,  көсе,  ынжық  кісі 
екені  ойымда...  Менің  əкпем – красавица-царица...  Оны  қалай  мен-
сінсін...  Ілəж  қанша...  Əмеңгердің  аты – əмеңгер...  Байының  қой-
нына жиіркеніп жатады екен... Əйелдің жайы бəрімізге белгілі ғой... 
Шорбайы  жыбырлап,  рахаттанбапты.  Оған  да  жан  керек» (Б.  Мо-
мышұлы. Музей апа. 6 том. 157-б.).
Автор  бұл  əңгіменің  желісін  атадан  балаға  сабақтасып  келе 
жатқан  ескі  дəстүр  əмеңгерлікпен  жалғастырады.  Бұл  институт 
қазақ  ұлтының  дəстүрінде  Октябрь  революциясына  дейін  орын 
алып  келген.  Бірақ  революциядан  кейін  «дəстүрдің  озығы  да,  то-
зығы  да  бар»  дегендей,  əмеңгерлік  дəстүр  кейінгі  заманға  өзінің 
жалғасын  бұрынғыдай  таба  алған  жоқ.  Əмеңгерлік  дəстүрі  əйелдің 
күйеуінің немесе қайын атастырған болашақ күйеуінің өліміне бай-
ланысты  жағдай.  Мұндайда  жесір  қалған  əйел  өз  бетімен,  қалауы-
мен  өмір  немесе  тұрмыс  құруға  моральдық  жəне  конституциялық 
правосының  шектеулі  болғаны  əңгімеге  арқау  етіледі.  Бұл  əйел 
теңсіздігінің  праволық,  əлеуметті,  материалдық,  моральдық,  т.б. 
жақтары  еді.  Жаңа  дəуірде  адам  ең  құнды  құбылыс  деп  табылды. 
Əлемдік  өркениеттік  конституцияларда  барлығы  да  адам  үшін  де-
ген идеядан басталады. Бұл прогрессивтік мəні бар идея, өркениет-
тілікке  қол  созған  елдерде  қоғам  дамуының  мəні  мен  мазмұны 
жəне  өзегі  іспеттес  болмақ.  Сондықтан  да  өркениеттіліктің  бағы-
ты  мен  мазмұны  адамды  дəріптеп,  оның  гармониялы  дамуына  бар-
лық  жағдайдың  жасалуында  болмақ.  Бұл  жөнінде  əмеңгерлік  инс-
титуты  адам  ретінде  əйелдің  праволарын  шектеп,  оның  еркін  да-
муына,  еркін  өмірлік  жолдас  таңдауына,  сол  үшін  іс-əрекет  қимыл 
жасауына  дəстүрлік  шектеудің  қойылуы  əйел  табиғатына  қайшы 
екендігін көрсетеді.
Əмеңгерлік  институты  ескі  заманда  əдет  заңы  ретінде  болған. 
Ол кейбір Шығыс елдерінде кең өріс алған, жесірді күйеуінің туған 
інісіне,  ағасына  не  оның  жақын  ағайындарының  біріне  əйел  болуға 
мəжбүрлейтін,  міндеттейтін  əдет  заңының  ғұрпы.  Əйел  алғашқыда 
қалыңмалға сатылып алынғандықтан, ол сол семьяның, тіпті рулық 
қауымның  меншігі  болып  саналған.  Əдет  заңы  бойынша  «аға 
өлсе – жеңге  мұра,  іні  өлсе – келін  мұра». 1917 жылы  азаматтық 
неке  туралы  жəне  еріксіз  некені  бұзу  туралы  декрет  қабылданды. 
ҚазАССР  үкіметі 1920 жылы  қалыңмал  туралы  декрет  жариялап, 
əмеңгерлік  заңсыз  деп  табылды.  Əмеңгерлік  дегеннен  шығады, 
автор  осы  институттың  тағы  бір  жағымсыз  жағын  көтереді.  Ол 
Үбікүл  əпкенің  қайнысы  Қыймəділге  қосқаннан  кейінгі  оның 
өмірін  ұтымды  суреттейді.  Үбікүл  екінші  күйеуін  менсінбеген  бо-
луы  керек.  Өзі  сұлу,  сұңғақ,  алғыр,  ақылды  болғаннан  кейін,  оны-
мен бірге жүруге қомсынса керек. Онымен бір төсекте жатуға жиір-
кенеді.  Сөздің  қысқасы,  Үбікүл  төсек  қатынасынан  лəззат  алмаған. 
Ол  да  биологиялық  функциясы  толыққанды  жұмыс  істейтін,  алпыс 
екі тамырынан қан жүгірген жан ғой.
Автор  бұл  мəселенің  мынадай  оқиғаға  келіп  тірелгенін  бы-
лай  суреттейді: «Бір  күні  ойнас  істеп  жатқанда,  үстінен  шығып  қа-
лыпты...  Менің  əкем  Момынқұлды  «Таубұзар»  дейтін.  Шынында, 
жынды екені рас еді. Ол кісіні мен «Көке» деуші едім... Жындылық 
жағынан  мен  əкеме  тартпастан, «Көкеме»  тартқам...  Мен  депутат 
емеспін. Көкем депутат болған. Ол рас...» (Сонда, 157-б.).
Əпкесінің  күйеуі  жаман  болса  да,  оның  көзіне  шөп  салғаны 
үшін  Момынқұл  тентек  оны  көкала  қойдай  етіп  сабайды.  Əдетте 
күйеуі  бола  тұрып,  əйелінің  төсектік  опасыздық  жасағанын  қай  ха-
лықта  болса  да  жақсы  деп  есептемейді,  оған  жиіркенішпен  қарай-
ды.  Мұндайда  қазақ  салт-дəстүрінде  талақ  тастатып,  əйелді  елден 
аластап  жіберуге  дейін  барады.  Автор  да  мұндай  оқыс  қылықты 
жақтырмағандық  сыңай  танытады.  Бұл  əдет  Мұхтар  Əуезовтің 

56
57
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
«Абай  жолы»  эпопеясында  Қодар  мен  келінінің  арасындағы  осын-
дай  байланыстың  нəтижесінде,  екеуінің  де  өлім  жазасына  ке-
сілуімен үндесіп жатыр.
«Қоянды  қамыс,  ерді  намыс  өлтіреді»  дегендей,  Момынқұл 
Келімбет  құданың  ауылына  əлек  салып  жүргенде,  апасы  бір  жігіт-
пен  қатын  үстіне  қашып  кетеді.  Қуырдақтың  көкесін  түйе  сой-
ғанда  көресің  дегендей,  Момынқұл  (Таубұзарға)  енді  жынданып 
ашуы  терісінен  шығып,  ауылға  бүлік  салып  жатқанда,  Момыш 
(Момынқұлдың  ағасы)  інісіне  ашуланып: «Аттарымызды  ерттегін! 
Жынды,  мен  сенің  туған  ағаң  боламын.  Оттамағын,  билікті  маған 
бергін,  қарағым», – депті.  Қазақта  аға-іні  дəстүрінде  аға  сөзін  інісі 
тосқан.  Аға-іні  иерархиясы  көптеген  жерде  кішігірім  дау-дамайды 
шешуге үлкен көмегін тигізген. Өйткені, əркім өзінше мəселені ше-
шуге тырысса, одан ол шиеленісе түсуден басқа еш нəтиже бермесе 
керек.
Сөздің  қысқасы,  Момыш  қашып  кеткен  апасы  үшін  намысы 
жанын  қайраған,  аға-іні  шыдамай  ауылдың  болысы  Керімбайға 
жүгінеді: «Біз  шымырмыз.  Шымырлар  екіге  бөлінеді:  Шынқожа, 
Бекболат  деп  аталамыз...  Шынқожадан  дарынды  Керімбай  болыс 
шыққан.  Ол  кісі  дүрілдетіп  елді  билеген,  Абай  Құнанбаевты  əдейі 
іздеп  барып  танысқан...  Келешекте  бізден  Бауыржан  дейтін  батыр 
шығады. Ол Ғайникамал дейтін қызыңды... алады, – деп ескерткен...
– Қарияның алдына жүгініп отырып, былай депті:
–  Құрметті  Кереке!  Намыстанып,  алдыңызға  келіп  отырмын. 
Мен  сіздің  жиеніңіз  боламын...  Ана  жəлеп  те  сіздің  жиеніңіз!  Мы-
нау отырған тентек те сіздің жиеніңіз (Момынқұл)... Ақыл сұрап кел-
дім, ақсақал...
Керімбай  қатты  қиналып,  бір  ауыз  үн  қатпай  отырып,  жерді 
шұқи беріпті...
–  Ия,  қарағым  Момыш,  келгеніңе  рахмет!..  Бір  қатынның  шор-
байына  таласу  біздің  Шынғожаларда  болмап  еді...  Мен  билік  айта 
алмаймын... Менің ағам, сенің нағашың Текебай би тірі... Билікті сол 
кісіге бердім. Бізден ат-шапан айып, оны мен көтеремін...
Əкем  мен  көкем  Текебайдың  аулына  барыпты...  Текебай  би 
құсалап,  жарылайын  деп  отыр  екен...  Қолында  қорғасын  сапты 
қамшысы бар екен... Текебай мықты феодал. Қастасса, ұры жұмсап, 
бір  үйір  жылқысын  тартып  алады.  Оған  көнбесе,  бандиттерін  жұм-
сап, адам өлтіреді...
– Əй! Шіріктер!.. Ағайынды екеуің барып... Ана қаншықты өлті-
ріп, оның басын менің алдыма алып келіңдер! – деп приказ беріпті.
– Я, биеке, мен өзім өлтіремін, – депті Момынқұл.
– Сабыр, тақсыр. Сабыр! Сабыр етіңіз, Таеке! – деп менің əкем 
алдына жүгініпті.
– Айт, айтарыңды Момыш!.. Түрегеп тұрып айт!
–  Тақсыр!..  Біз  өлтірмейміз... «Əкем  байым  болсын  деп  қарған-
ған  əйелдің  екі  ойнасы  болады»  деген  сөзді  мен  шығарған  емес-
пін. Сіздің бабаларыңыз шығарған...
–  Ой!  Иттің  баласы!  Сен  не  деп  оттап  отырсың! – деп  Текебай 
би менің əкеме қамшысын ала жүгіріпті...
–  Алдияр,  тақсыр!  Сабыр  етіңіз!..  Жеңешемнің  де  қойнына 
біреу барған шығар... – дегенде Текебай би күліп жіберіп:
–  Ой!  Иттің  баласы!..  Сөз  тапқанға  қолқа  жоқ  дегендейін,  сен 
мені  оңдыртпадың  ғой... – деп  қорғасын  сапты  қамшысын  лақты-
рып  тастап. – Өзің  біл,  қарағым.  Өзің  біл, – деп  менің  əкемді  құ-
шақтап сүйіп, еңіреп жылапты.
Текебай  биді  жеңген,  Үбікүлдің  жанын  алып  қалған  бір  жапы-
рақ қара шал – Ғайникамалдың туған атасы болады...
Ол  шалдың  баласы  Батыр  Б.  Момышұлы» (Б.  Момышұлы. 
Музей апа. 6 том. 159-160-бб.).
Байқасақ  этика,  оның  ішінде  əйелге  байланысты  жыныстық  қа-
тынастың  айналасындағы  мəселелерге  келгенде,  қанша  лауазымды 
болыс  қызметін  атқарса  да,  Керімбайдың  кесіп  айтар  сөзі  болмай, 
ол  түйінді  мəселені  шешуге  Текебай  биге  бағыттайды.  Алғашқы 
кезде  ет  қызумен  рудың  сүйегіне  таңба  салды  деп  Үбікүлдің  ба-
сын алып келуге аға-ініге тапсырма беруі, бірақ Момыштың ақылға 
салып, бұрынғылардың сара жолын еске алып, Текебай биді тосыл-
туы,  одан  кейін  жеңуі,  əлемдік  еркек  пен  əйел  қатынасында  бұл 
жалғыз оқиға емес, оларға тəн жалпы азаматтық құбылыс екендігін 
байқаймыз,  оның  еркек  пен  əйелдің  отбасылық  қатынасында  бір 
жағының  олқы  немесе  бірін-бірі  сүймей  жатқанда  биологиялық-
физиологиялық қажеттілікті қанағаттандыру үшін, қажеттіліктің тіз-
гінінде  кетіп,  екі  жақтың  бірінің  осындай  оқыс  жағдайларға  жол 
беріп  қалатындығының  тарихи  сілемдерінде  кездеседі.  Екінші 
жағынан  автор  əділ  шешім  қабылдануының  өте  қиын  дүние  екен-
дігін  байқатады.  Қазақ  даласында  Рим  правосы  сияқты,  ондай  кө-
лемде  əділ  сот  болмаса  да,  оған  жақын,  бірақ  қайшылығы  терең-
деп  кеткен  түйінді  мəселелерді  жалпы  азаматтық  құндылықтарға 
сүйене  отырып  шешетін  кариялар  кеңесінің  алқасы  болғандығын, 
Тəуке  ханның  кезінде  Төле  би,  Қазыбек  би,  Əйтеке  билердің  тіке-
лей  қатысуымен  адамдардың  қатынастарын  əділ  реттеуге  тыры-
сатын  «Жеті  жарғының»  сұлбасының  жасалуы,  қазақ  қауымында 
үлкен  оқиға  болғанын  байқаймыз.  Бұл  адамның  дүниеде  ең  ба-

58
59
Т. Жаңақұлов
Б. Момышұлы шығармаларының философиялық сарыны
ғалы  құбылыс  екендігін  оның  өміріне  қатысты  шешімді  жеті  рет 
ойланып,  бір  рет  шешім  қабылдаудың  аса  жауапты  екендігіне  сол 
уақытта да жіті мəн берілген.
Автор  бұл  шығармасымен  əділ  соттың,  өркениеттің  даму  жағ-
дайында  қазіргі  заманда  аса  қажеттігіне  меңзейтіндігін  байқау 
қиын  емес.  Қазіргі  сот  үш  биліктің  маңызды  тармақтарының  бірі 
болғандықтан,  Елбасы  Жолдауында  ылғи  осы  мəселеге  баса  назар 
аударған.  Автордың  əділ  би  туралы  əңгімесіндегі  келтірген  эпи-
зоды,  қазіргі  сот  мəселелерінің  прообразы  деп  айтсақ  қателес-
пейміз.  Бұл  жерде  автор  əділеттілік  мəселесі  (проблемасы)  жеке 
адамға,  жеке  елге  ғана  қатысты  мəселе  емес,  жалпы  азаматтық 
құндылықтардың  аясындағы  мəселе  (проблема)  екендігіне  назар 
аударады.  Оның  əділ  шешімін  табу  қоғамның  дамуына  қатынасты 
барлық  жинақталған  тəжірибені,  білімді,  құндылықтарды  іске  қо-
суды  талап  етеді.  Сондықтан  автордың  көтерген  проблемасының 
(мəселе)  құндылығы,  оның  əлемдік  əділ  сот  мəселелерімен  аста-
сып, сабақтасып жатуында болса керек.
*  *  *

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет