З. Раимкуловтың «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» тақырыбы бойынша



бет7/24
Дата07.01.2022
өлшемі395,08 Kb.
#17598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Байланысты:
«Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету» тақырыбы бойынша нұсқаулық

2.3 Күрделі және ағымды жөндеу

Жөндеу жұмыстардың  міндеттері. Жөндеу сипатына және міндетіне  сәйкес күрделі және ағымдағы болып  бөлінеді.

Күрделі жөндеу. Агрегаттарды Күрделі жөндеуоны  толық бөлшектеу, ақауын анықтау, қалпына  келтiру немесе бөлшектерiн ауыстыру, peтіменқайта жинау, реттеу және сынау жұмыстарын қарастырады. Агрегаттың негiзгi және негiзгi бөлшектерi оны толық шешiп қалпына келтiрудi қажет еткенде, сондай-ақ агрегаттың жұмыс қабiлетi ағымдағы жөндеумен қалпына келтiругеболмайтын жағдайда күрделi жөндеуге жiберiледi.

Негiзгi бөлшектер  агрегаттыңжұмыс істеуқабiлетiн  орындауын қамтамасыз етедi және оның пайдалану сенiмдiлiгiн анықтайды. Сондықтан негiзгi бөлшектерiн күрделi жөндеумен қалпына келтiргенде оның сапалық деңғейiн қамтамасыз ету  немесе жаңа жасалымныңсапалылығына жақындату қажет.

Күрделi жөндеумен  сондай-ақ, жаңа жасалымның деңғейiн  немесе соган жуыққалпына келтiрудi қaмтaмасыз eтeдi: саңылауларды жәнебекiтулердi, бөлшеқтердiң өзара орналасуын (жазықтықта, осыбойында, т.с.с.), жұмыс беттерiнiңмикрожәне макрогеометриясын, металдың құрылымы мен Қаттылыгын, жасалымды Құpayшы бөлiктерiнiң пошымы мен сыртқыкөріністерін. Күрделi жөндеу басым Қөпшiлiгiнде арнайыландырылған автожөндеу меқемелерiнде жүргiзiледi. Қозғалыс құpaмынжәне агрегаттарды күрделi жөндеуге жiберудиагностикалық жабдықтарды қолдана отырып, оның техникалық жағдайын талдау қорытындысымен жәнежүрген жолын, сонымен бiрге ТҚ-пен жөндеу шығындарын ескеріп жүргiзiледi.

Жеңiл автомобильдер  мен автобустар күрделi жөңдеуге кузовына күрделi жөндеу қажет болғанда жiберiледi. Жүк автомобильдерi - рамасына, кабинасына, сондай-aқ кемiнде негiзгi үш агрегатына Күрделі жөндеуқажетболған жағдайда жiберiледi. Негiзгi агрегаттарга жататындар: қозгалтқыш, берiлiс корабы, тарату корабы, жетекшi бөлдiк (алдыңғы, ортаңғы, артқы бөлдiктер), алдыңғы бөлдiк және рульдiк механизм.

Күрделi жөндеудiң  бiрден-бiр өpic алуы, жүк автомобильдерiндегi толықбөлшектi агрегаттарды күрделi жөндеуден  еткен агрегаттармен ауыстырып  жөндеу, яғни агрегаттық әдiспен жөндеу болып табылады, кейде ағымдағы жөндеу кезiнде де айналымдағықоймадан алынған, күрделi жөндеуден келген агрегаттардыауыстырып жөндейдi. Айналымдағықор шығарылған, күрделi жөнделген немесе ағымдағыжөндеуден еткен агрегат, бөлшектермен толықтырылып отырады. Кейде АТ мекемесіне айналым қорына орталықтандырылган қоймадан да жаңа немесе күрделi жөндеуден еткен агрегат, бөлшектер келiп толықтырылады.

Күрделi жөндеу үшін агрегатты және автомобильдi бiрiншi және кейiнгi күрделi жөндеулер белгiленедi.

Ағымдағыжөндеу  пайда болған ақауларды жөндеу, қалпына келтiру, сондай-ақ автомобильдер мен агрегаттарда қалыптасқан ереже бойынша күрделi жөндеугедейiнгi жүрiсiн қамтамасыз ету үшінқызмет жасайды.

Ағымдағыжөндеудiн  жұмыс сипаттамасына бөлшектеу, жинау, слесарьлық пiсiру, ақауын аныктау, сырлау, бөлшектерiн және агрегаттарын ауыстырулар жатады. Агрегатты АЖ кезiнде шектiк жағдайга жеткен, негiзгiден басқа бөлшектердi ауыстыруға болады. Автомобильде АЖ кезiнде кейбiр бөлшектердi, механизмдердi, агрегаттарды ауыстыруға болады. АЖ жөндеуден шыққан бөлшектiң немесе агрегаттың кезектi ТҚ-2-ге дейiн ақаусыз жұмыс icтey қабiлетiн қамтамасыз eтyi қажет. Қолданыстағыжүйеережесiмен АЖ үшінуақыт мөлшерiн бөлгiлеу меншiктi еңбек сыйымдылығымен алынады, яғни еңбек сыйымдылыгын автомобильдiңжүрiсiне шаққанда (aдaм.сағ./1000 км).

ТҚжәне жөндеу жөнiндегi ережеде және сейкес практика АЖ жұмыстарының уақыт мөлшерiн бөлгiлеудiңқажеттiлiгiн  көpceтеді (алдын алу жөндеулерi), мысалға,қозғалыс үлкен шығынга ұшырататын болған жағдайда агрегат механизмiнiңістен шығуының алдын алу. Мұндай АЖ процесiнiң кейбiр аз бөлiгiн ТҚ жұмыстарымен бiрiктiруге болады. Басқа жұмыстар өз алдынаавтомобильдi, кузовын және кабинасын техникалық жарамды қалыпта ұстау мақсатында автомобильдiңжұмыс мерзiмi аралығында жұргiзiледi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет