З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет22/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Педагогикалық этиканың ұстанымдарын сипаттап кестеге түсіріңіз.
2. Педагогикалық этиканың ұстанымдарын қалыптастырудың жолдары
жайлы ақпараттық жоба қорғау. 
1-тапсырма. Ең алдымен сүйікті адамды көз алдында елестетіп, оған
бір немесе бірнеше ізгі-тілек тілеу. Содан кейін тілектерді жұп немесе топ 
ішінде өзгелерге айту керек.
2-тапсырма. Тақырып мазмұны бойынша ойыңызды білдіріңіз:
Қандай жаңа білім 
алдың?
Алған біліміңді 
қолдана аласың ба?
Саған қиындық тудырған 
түсініктер
3-тапсырма. Әр қатысушы өзінің өмірдегі ұранын қағазға жазып,
қағаздар араластырылады. Содан соң біртіндеп оқылады. Басқалар оқылған 
ұранның кімнің өмірлік ұстанымы екенін табу керек. 
- Бұл жаттығудың мақсаты не?


31
2.7. Педагогикалық этиканың категориялары
Этика категориялары - моральдың ең мəнді жақтары мен тұстарын 
көрсететін, ғылым ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы 
түсініктер. Этика категориялары - адамгершілік сананың теориялық 
деңгейінде өмір сүреді. Олар - рухани, идеалды тəртіптің құрылымдары, 
болмыстың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, əлеуметтік 
құбылыс ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген, 
теориялық білімдер жиынтығы.
Этикалық категориялар туралы сөз қозғай отырып, олардың ғылымның 
кейбір функцияларын да атқаратынын атап өткен жөн. Біріншіден, олар 
қоғамдық қатынастардың саласы ретіндегі моральды танудың таусылмас 
баспалдақтары. Екіншіден, олар танымның дербес құралы болып табылады. 
Үшіншіден, этика категориялары моральдық танымның бірінші тəртіптегі 
мəннен екінші тəртіптегі мəніне ие.
Басқа ғылымдардың категорияларына тəн белгілерді, қасиеттерді 
иеленгенімен, этикалық категориялардың өзіне ғана тəн бірқатар 
ерекшеліктері бар.
Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүріс-
тұрысымен, олардың жақсылық пен жамандық, борыш, абырой, əділдік 
туралы көзқарастарына сəйкес бір-біріне, қоғамға, мемлекетке, отбасына, 
ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді.
Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық аксиологиялық 
сипатқа ие. Басқаша айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, 
қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан бағалауға болады, ал олардың 
өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал, тəртіпті, 
əділ, жауапкершілігі мол адам т.б.
Үшіншіден,
олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен қарым-
қатынастарын реттеу құралы болып табылады, қоғамның адамгершілік 
талаптарын көрсетеді.
Төртіншіден, басқа да адамгершілік құрылымдар: қағидалар, нормалар, 
талаптар, ережелер жəне т.б. сияқты этика категорияларының маңыздылығы 
қоғамдық көзқарастың немесе жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне 
негізделеді.
Бесіншіден
этика 
категорияларында, 
басқа 
ғылымдардың 
категориялары мен түсініктерін салыстырғанда, қоғамдық қатынастардың 
эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан.
Этикалық категориялар саны жағынан өте көп, сондықтан ғылыми 
жəне тəжірибелік мақсаттарда оларды топтарға бөлу орын алған. Барлық 
категориялардың жиынтығын көп жағдайда моральдың құрылымының 
негізінде бөледі. Олар: моральдық сана, адамгершілік қатынастар, моральдық 
тəжірибе.
Этиканың категориялары бір-бірімен тығыз байланысты жəне олар бір-
бірінің мазмұнын ашады. Яғни, белгілі бір этикалық категорияның мазмұнын 
екінші бір этикалық категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы, 
абырой категориясын жауапкершілік, тəртіптілік, батылдық, ержүректілік 


32
категорияларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік 
категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық, 
қайраттылық категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категориясын 
сүйіспеншілік, 
шыншылдық, 
кеңпейілділік, 
еңбексүйгіштік 
категорияларынсыз түсіну мүмкін емес. Жоғарыда аталған үш топтың 
категорияларын жеке-жеке талдап көрейік (2.3-кесте).
2.3-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет