З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет20/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

Педагогикадағы кәсіби ар-ұят – педагогтың моральдық бейнесі, 
сонымен қатар ізгілік пен мейірімді, инабаттылық пен имандылықты 
білдіретін ұғым, қоғамда қалыптасқан нормаларға сай əр адамның өз іс-
əрекетін бақылауы, ойлауы, сезімдері, мінез-құлықтарын бағалауы. 
Мұғалімнің құрметі - оның кəсіби борышын орындау процесінде көрініс 
тапқан нақты кəсіптік еңбегін қоғамдық бағалау.
Мұғалімнің педагогикалық беделі студенттер мен əріптестердің 
тобында оның моральдық мəртебесі, ол беделді жəне құрметті мұғалім 
білімді адамдардың мінез-құлқын реттейді, олардың нанымына əсер етеді. 
Педагогикалық билік мұғалімдердің алдыңғы моральдық-этикалық жəне 
психологиялық-педагогикалық дайындығына байланысты [13]. 
Педагогикалық қарым-қатынас этикасы, демек, педагогикалық 
əдептілік көбінесе таңдалған мінез-құлық стиліне байланысты болады. 
Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Адамгершілік ұстаным ұғымына түсінік беріңіз, педагогикалық
этикамен байланысын анықтаңыз.
2. Мұғалімнің педагогикалық беделі мен кəсіби ар-намысы жайлы
зерттеулерден ақпарат жинақтаңыз.
1-тапсырма. Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап
беріңіз: 
- Маған қажет қасиеттер мыналар: ..............................
- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ......
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім мыналар:.....
-Менің жанымнан ...................... табылғанын қалар едім, себебі .....
Рефлексия: - Жаттығуды орындаған кезде қандай сезімде болдыңыз?


29
2.6. Педагогикалық этиканың ұстанымдары
Педагогикалық қызметтің өз кəсіби «заңы» болғандықтан, біз осы 
қызмет субъектілерінің мінез-құлықтың ерекше этикалық принциптері 
туралы айта аламыз. Бұл жағдайда педагогика адамгершілік құралы 
болғандығына байланысты болады. Педагогикалық этиканың ұстанымдары
тұтастай алғанда маманның мінез-құлқы үшін ең көп таралған негізгі 
нұсқаулар болып табылады. Олар мұғалімдердің кəсіби қызметінің бағытын 
анықтап қана қоймай, бұл қағидалар мұғалімнің кəсіби жəне моральдық 
мінез-құлқының əдіснамалық негізі бола алады.
Педагогикалық этиканың ұстанымдары педагогикалық практиканың 
барлық жағдайларында, мұғалімнің барлық іс-əрекеттерімен, сонымен қатар 
оған жататын кəсіби жəне ізгі қарым-қатынастармен байланысты (2.2-кесте). 
2.2-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет