96
6.1-кесте
Жалпыадамзаттық құндылықтар
Ақиқат құндылығы
интеллектуалды аспекті
Қиянат жасамау құндылығы
рухани аспекті
Сүйіспеншілік құндылығы
адамгершілік аспекті
Ішкі тыныштық құндылығы
эмоциялық аспекті
Дұрыс əрекет құндылығы
физикалық аспекті
С.А. Назарбаева «Өмір əдебі» атты кітабында былай деген: «Бір
минутқа да күмəнданбаймын: осы бір болмыстың мəңгілік сұрақтарына (Мен
кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? Қазіргі сəтте қалайша толық өмір сүре
аламын? Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?) жауап беру үшін
жалпыадамзаттық
құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа
оралуың қажет» [24].
Адамгершілік тəрбиенің ауызша формалары тəрбиелік əсерін жоғалтты,
олардың орнына баланың өмірлік тəжірибесіне негізделген жеке тұлғаға
бағытталған тəсілдер пайда болды. Оқушыларға қоғамдық мінез-құлық
нормалары мен ережелерін үйретудің дəстүрлі əдістері бүгінгі күні қатаң
сыртқы бақылаумен ғана жүзеге асады (мұғалім, ата-аналар, ересектер,
қоғамдық пікір, жазалау қаупі жəне т.б.) Еркін,
демократиялық қоғам
жағдайындағы бүгінгі күннің міндеті – тұлғаның адамгершілік-этикалық
нормалар мен мінез-құлық ережелерін іштей қабылдауы жəне сақтауы.
Адамның бүкіл психикалық өмірі «норма», «бұзу», «патология» шектерінде
анықталуы мүмкін. Норма - адамдардың қарым-қатынасын реттейтін
жетекші принцип, ереже, үлгі, мінез-құлық стандарттары.
Бірақ қоғамда белгілі бір моральдық идеалдың жетіспеушілігінен жəне
моральдық
білім
беру
критерийлерінің
«бұлыңғырлығы»
мен
«анықсыздығынан» норманы сақтау қиындықтар туғызады. Алайда бүгінгі
күні білімалушыларды адамгершілікке тəрбиелеуде мұғалімдер (ата-аналар,
бұқара жəне т.б.) алдында ғаламдық міндеттер тұр. Олар:
- адамгершілік сананың қалыптасуы, оның негізгі санаттары:
моральдық идеал, этикалық құндылықтар мен нормалар, моральдық
ынталандыру, этикалық бағалау;
- адамгершілік сезімдердің дамуы: гуманизм, ар-ұждан,
қадір-қасиет,
борыш, жауапкершілік, мейірімділік, адамға құрмет, мейірімділік;
- қабылданған этикалық нормалар мен дəстүрлерге сəйкес мінез-құлық
тəжірибесін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді дамыту (шындықты
айту, қиянат жасамау, жақсылық жасау).
Оқушы есейген сайын, оның күрделі психологиялық мотивтері өзінің
қалауын жəне сезімін бақылайды.
Егер бірінші сынып оқушыларының ойындар мен сыныптағы бірлескен
жұмыс ережелерін білуі жеткілікті болса, 3-4 сынып оқушыларында
зияткерлік, эмоционалды жəне ерікті үдерістердің бірлігіне негізделген өзінің
97
мінез-құлқын басқарудың күрделі тəсілдері қалыптасады.
Оқушыларға
педагог тарапынан оң не теріс бағаланбайтын мінез-құлық жолдарын таңдау
мүмкіндігі бар болған жағдайда адамгершілік нормалар табысты
қалыптасады. Норма - тəрбиеленушіні өзіндік өмірлік позициясын құруға
бағдарлайды, ішкі дербес бақылауын қалыптастырады. Ішкі бақылау
адамның моральдық қасиеттерін қалыптастырудың маңызды көрсеткіші
болып табылады, оның əрекеті өз тəжірибесімен тексерілген қоғамдық
өмірдің ережелері бұзылған жағдайда эмоционалдық жайсыздыққа, өзіне-өзі
қанағаттанбауына əкелуі мүмкін.
Ішкі бақылау интеллектуалды, қимыл-
қозғалыс, эмоционалды жəне ерікті салаларда оқушының белсенді əрекеті
арқылы қалыптасады. Мотивтерін моральдық идеяларға бағындыруға дайын
болу тұлғаның өзін-өзі бағалауын арттырады, өзін-өзі құрметтеуін дамытады.
Айналадағы шындыққа жəне өзіне қатысты қарым-қатынастың дамып келе
жатқан тəжірибесі тұлға құрылымындағы басымдылыққа байланысты, ол -
жас ерекшелік дамуының түрлі кезеңдеріндегі шешім қабылдау кезінде ең
бастысы болып табылатын сезім немесе ақыл-ой. Әлеуметтік жағдайға
байланысты адамның моральдық тəрбиесі (немесе тəрбиесіздігі) əртүрлі
сапалы жағдайларда көрінуі мүмкін:
-
«төмен деңгейдегі» моральдық тəрбие - оқушы қоғамдық мораль
нормалары мен талаптарын жеткілікті түрде білмейді;
-
«жоғары деңгейдегі» моральдық тəрбие - адамгершілік тəрбиенің
бірлігін көрсетеді: сана, ойлау, ерік, сезім мен мінез-құлық [25].
Қазіргі білім беру ұйымдарының міндеттерінің
бірі - білімалушыға
білімді меңгерту ғана емес, оның рухани қасиеттерін танып, ішкі жан
дүниесіне əсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жол көрсету.
Сондықтан да рухани құндылық білімі жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі
болып табылады. Дүниені өзінше түсіну, сезіну, өзінің мүмкүндіктерін
толықтай пайдалана алу, өз бетімен білім алып, өзінің еркін дамуына жол
ашатындығы туралы тұжырымдар Л.Хей, Ш.Амонашвили, Ошо, С.А.
Назарбаева т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Әлемдегі қайғы қасіреттердің болу себебі адам өмірінде адамгершілік
құндылықтардың жəне арман-мұраттардың болмауынан екен. Сондықтан да
ізгіліктің ең үлкені - адамдарға жақсылық жасау деп түсінсек,
мұның өзі
адамның бойында ізгіліктің болуынан бастау алады. Адамда адамгершілік
қасиеттер болмаса, жеткен жетістіктері түкке тұрмайтын болып шығады.
Қоғамды ізгілендіру - XXI ғасырдың өркениетті дамудың талабы,
мұның өзі əлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына
қол жетуіне байланысты болып отыр, əрі бұл қатынастарда алдымен əлемнің
тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру
мақсатына жету құралы зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй
мəдениетін тəрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір
жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс болып табылады.
Өйткені, біздің ертеңгі күні осы қазіргі мəдениетті, бүгінгі білім, тəрбие
берудің аясында өзіміз қалыптастырған қоғамға қадам басатындығымыз
айқын.
98
Сонымен, заманауи қоғамның жағдайында
тұлғаның этикалық-
адамгершілік қалыптасуы адамның өзін-өзі айқындау құндылығы арқылы
жүзеге асады. Ол өз бойындағы жəне басқалардың адамгершілік
құндылықтарын салыстырады, əрекеттер мен мінез-құлыққа талдау жасау
барысында адамгершілік құндылықтарды анықтап, өзін-өзі айқындайды.
Өзін-өзі айқындаудың алғашқы кезінде оқушы игеретін құндылықтардың
мəнін аша келе, адамгершілік құндылық бағдарына ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: