100
ойластыруға, жасаған əрекеттеріне
талдауға, дұрыс моральдық таңдау
жасауға үйрету керек.
Қоғамда жақсылық пен жамандықты қабылдау белгілі бір қиындықтар
мен ішкі моральдық қайшылықтарға байланысты:
- тұлғаның қанша қаласа да мейірімді іс əрекет жасай алмауы;
- тұлға басқа адамға көмек көрсеткісі келеді,
бірақ оны қалай істеуін
білмейді;
- жағымсыз əрекет екенін біле тұра, тұлға қос стандарттар
тəжірибесімен келіседі.
Әрбір адамда моральдық жəне аморальдық
ұғымдар туралы жалпы
түсінігі бар. Бірақ та, адамды белгілі бір жағдайда бағалау өте қиын.
Көпшілік жағдайда біз əрекетке баға беруде екі негізгі көрсеткішті ескереміз:
- бұл əрекеттердің айналадағы адамдарға пайдасы болды ма, əлде зиян
келтірді ме?
- бұл əрекеттер жалпы қабылданған нормаларға сəйкес пе?
Іс-əрекет пен заңсыз əрекетті талдауда бұл көрсеткіштер жеткіліксіз.
Басқа да факторларды қарастыруымыз қажет. Іс-əрекет мынадай
құрылымдардан тұрады:
Достарыңызбен бөлісу: