З. С. Алканова, М. С. Комаева, Г. К. Сарсекова, М. А. Тусупова педагогикалы



Pdf көрінісі
бет66/76
Дата23.06.2023
өлшемі1,84 Mb.
#103141
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76
Байланысты:
Пед.этика

Бекіту сұрақтары мен тапсырмалар
1. Мұғалімнің этикалық жəне адамгершілік дамуының тұрғысынан
қарағанда қандай кəсіби қасиеттері ең маңызды болып саналады?
2. Профессиограммаларда педагог тұлғасының қандай қасиеттері
қамтылуы керек?
3. В.И. Журавлевтің жіктеуі бойынша педагог тұлғасының кəсіптік
маңызды қасиеттері қандай?
1-тапсырма. Жағдаятқа талдау жасаңыз.
Сабақ басталды. Үй тапсырмасы тексеріліп жатыр. Балалардың
барлығы кітаптан бастарын алмай үй тапсырмасын қайталап отыр. Бір 
бала жауап беруге шақырылды. Дәл осы сәтте Арман деген оқушысабаққа 
кешігіп кіріп, рұқсат сұрап соңғы партадағы орнына отырды. Біраздан соң 
ол шытырлатып пакетін ашып тамақ жей бастады. Барлығы арттағы 
балаға бастарын бұрып қарап қояды. Бұл шуды байқаған мұғалім ол баланы 
кластан шығарып жіберді. Оның қасындағы отырған бала:
- Сіз оны не үшін шығарып жібердіңіз? Ол біз барлығымыз асханаға
тамақ ішуге бара жатқанда бір бастауыш сынып оқушысы құлап 
қалыпмұрнын қанатып алған екен, соны дәрігер бөлмесіне апарып көмек 
көрсетті. Ол бізбен бірге тамақ ішіп үлгерген жоқ. Сондықтан жаңа біраз 
тамақтанып алғысы келді ғой? - деді.
1
Бұл жағдайдың себебінтүсінгеннен соңпедагог ретінде қандай
шешім қабылдайсыз?
2) Ол оқушыдан кешірім сұрап қайта шақырып кіргізесіз бе, əлде
оқушыдан кешірім сұрау педагог беделін төмендетеді деп ойлайсыз ба?
3) Ол оқушыны басқаларға үлгі тұтуға бола ма?
Өз ойыңыз. Өз жауабыңызды негіздеңіз.
2-тапсырма. «Адамгершілік ұраны». Топ болып өз адамгершілік
əндеріңізді жазыңыздар. Кез келген əуенге салуға болады. 
7.2. Педагогтың кəсіби этикасының нормативтік сипаттамалары
Кодекс-заңның белгілі бір салаларына жататын нормаларды жаңа 
талаптар мен жағдайларға сəйкес, ішкі мазмұны жағынан күшейтіп, өзгертіп,


105
толықтырып бір жүйеге салу арқылы жасалған заң актісі.
Педагогтың кəсіби этикасының кодексі мазмұнында педагогтың кəсіби 
тəртіп ережелері қамтылған, педагогтың білім беру процесінің барлық 
қатысушылармен қарым-қатынасын реттейтін негізгі адамгершілік талаптар 
жүйеленген.
Кодекс педагог қызметінің ішкі реттегіші қызметін атқарады. Ол 
адамның мұғалімдік қызметі мен қабілет мүмкіндігі арасындағы сəйкестікті 
анықтап береді [26].
Педагогтың кəсіби этикасының кодексінің негізгі бөлімдері:
- педагогтың өз еңбегіне деген көзқарасы;
- педагогтың оқушыға деген көзқарасы;
- педагогтың оқушылар ұжымына деген көзқарасы;
- педагогтың оқушының ата-анасына деген көзқарасы;
- педагогтың əріптестеріне деген көзқарасы;
- педагогтың педагогикалық ұжымға деген көзқарасы;
- педагогтың өзіне деген көзқарасы;
- педагогтың білім беру ұйымының басшысына деген көзқарасы;
- педагогтың қоғамға деген көзқарасы;
- педагогтың өз еңбегіне деген көзқарасы;
- білім беру ұйымы басшысының педагогикалық ұжымға деген
көзқарасы;
- білім беру ұйымы басшысының өз қызметіне деген көзқарасы;
- білім беру ұйымы басшысының өз-өзіне деген көзқарасы.
Кодекс педагогикалық мамандыққа дайындық кезеңінде жалпы
моральдық қағидалар негізінде əр мұғаліммен жеке құрылуы керек.
Балалық шақтағы естеліктеріне негізделген педагогтың кəсіби 
этикасының жеке кодексі болашақ мұғалімнің баланың моральдық əлемін 
түсінуге мүмкіндік береді.
Егер оқытушылар мен студенттердің жасаған жеке кəсіби кодекстерді 
талдайтын болсақ, олардың жалпы сипаттамаларын бөліп көрсете аламыз 
жəне мұғалімдер үшін əмбебап мінез-құлық кодексін жасай аламыз:
- оқушыларға олардың шамасы жететін талаптарды ғана қою;
- өзіне-өзі сын көзбен қарауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тəрбиелеу;
- оқушылар ұжымының пікіріне сенім арту, олардың талап-тілектерін
ескеру; 
- оқушылар арасында өзін өзі басқаруға қатысты əртүрлі жұмыс
формаларын орнымен пайдалана білу; 
- кісілікті, ілтипатты, қайырымды болу, балалардың бойында да осы
қасиеттерді дамыту; 
- қайшылықтарды алдынала көре білу жəне оларды мəмілеге, келісімге
келу жолымен шешіп отыру, күйгелектік пен үзілді-кесілділік адамгершілік 
атмосферасында теріс зарядтардың күшеюіне себеп болатынын есте ұстау;
- балалармен қарым-қатынас кезінде педагогикалық тактикаға сəйкес
ортақ та, дербес те тіл таба білу.
Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті педагогика манифесінде мұғалім - нұр 


106
себуші, нұр таратушы бала сол нұрды іздеуші, сол нұрға ұмтылушы деп 
жазылған. Ал, нұрлы балаларға қандай педагогика қажет. Оларға 
сүйіспеншілік, мейірімділік, түсіністік, шабыттандыру, құлшындыру, 
жанашырлық, қорғаныш педагогикасы керек. Мұндай педагогика 
оқушыларды тектілікке, бекзаттыққа, кеңпейілділікке, олардың танымдық 
белсенділіктерінің өсуіне, сонымен қатар өздерінің өмірлік бағытын іздеуіне 
бағыт-бағдар береді [27].
Педагогикалық процесс балалармен қарым-қатынасымызға негізделген. 
Бұл қарым-қатынастар білім беру материалын немесе педагогикалық талапты
сезінудің қайталанбас бірегейлігімен бейнелейді, онсыз бала рухының 
құпияларын түсінуге болмайды.
Төменде заманауи оқытушының этикалық ережелері келтірілген, 
оларды қарым-қатынас барысында басшылыққа алу қажет. Бұл ең тиімді 
нəтижеге қол жеткізуге көмектесетін іс-əрекетке нұсқаулық: 
- мейірімділік, оқушылардың жағдайын түсіну (ауырсыну, қуаныш,
қайғы, жəне т.б.);
- өзгелердің қателіктері мен кемшіліктерін əшкерелемей айту;
- педагогикалық ұстамдылық, оқушының пікірін құрметтеу;
- тəрбиеленушінің кемшіліктеріне шыдамдылықпен қарау;
- əділдікке негізделген талапшылдық;
- жағдайды ескере отырып, наразылық сезімдерін ұстай алу;
барлық оқушыға бірдей қарау;
- оқушылардың, əріптестерінің жеке ісіне шамадан тыс қызығушылық
білдірмеу;
- оқушылар алдында қателескен жағдайда кешірім сұрау;
- басқа педагог қызметкердің кəсіби біліктілігіне көпшілік алдында
күмəн келтірмеу. 
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас 
жеткіншек ұрпақтарды құндылық жəне адамгершілік идеалдарға баулу
оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы 
мақсаттарын түсінуі іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет