106
себуші, нұр таратушы бала сол нұрды іздеуші, сол нұрға ұмтылушы деп
жазылған. Ал, нұрлы балаларға қандай педагогика қажет. Оларға
сүйіспеншілік, мейірімділік, түсіністік, шабыттандыру, құлшындыру,
жанашырлық, қорғаныш педагогикасы керек. Мұндай педагогика
оқушыларды тектілікке, бекзаттыққа, кеңпейілділікке, олардың танымдық
белсенділіктерінің өсуіне, сонымен қатар өздерінің өмірлік бағытын іздеуіне
бағыт-бағдар береді [27].
Педагогикалық процесс балалармен қарым-қатынасымызға негізделген.
Бұл қарым-қатынастар білім беру материалын немесе педагогикалық талапты
сезінудің қайталанбас бірегейлігімен бейнелейді, онсыз бала рухының
құпияларын түсінуге болмайды.
Төменде заманауи оқытушының этикалық ережелері келтірілген,
оларды қарым-қатынас барысында басшылыққа алу қажет. Бұл ең тиімді
нəтижеге қол жеткізуге көмектесетін іс-əрекетке нұсқаулық:
- мейірімділік, оқушылардың жағдайын түсіну (ауырсыну, қуаныш,
қайғы, жəне т.б.);
- өзгелердің қателіктері мен кемшіліктерін əшкерелемей айту;
- педагогикалық ұстамдылық, оқушының пікірін құрметтеу;
- тəрбиеленушінің кемшіліктеріне шыдамдылықпен қарау;
- əділдікке негізделген талапшылдық;
- жағдайды ескере отырып, наразылық сезімдерін ұстай алу;
барлық оқушыға бірдей қарау;
- оқушылардың, əріптестерінің жеке ісіне шамадан тыс қызығушылық
білдірмеу;
- оқушылар алдында қателескен жағдайда кешірім сұрау;
- басқа педагог қызметкердің кəсіби біліктілігіне көпшілік алдында
күмəн келтірмеу.
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас
жеткіншек ұрпақтарды құндылық жəне адамгершілік идеалдарға баулу,
оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы
мақсаттарын түсінуі іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: