107
- баланы сөзсіз қабылдау;
- баланың тұлғасын жəне өмірлік тəжірибесін құрметтеу;
- өзінің іс-əрекетін құпиялыққа негіздеу;
- кез келген жағдайда баланы жақтау, қорғау, өйткені баланың
үлкендерге қарағанда қателесу құқығы бар;
- жылы, шынайы өзара қарым-қатынастың дамуына ықпал ету;
- баланың сеніміне мұқият қарау. Балалардың құпияларын сақтай алу;
- балалар мен əріптестеріне мейірімді, сабырлы, шынайы бола білу;
- ашық көзқараспен қарап, күлімсіреуді,
мақтауды, қолдауды, жылы
сөздерді, ақыл айтуды пайдалану;
- баланың мəселесін шешуде басымдылық балаға берілетінін есте
сақтау;
- баланың мəселені ұғынып, жағдайдан шығуы үшін, лайықты
жолдарды іздеуі үшін жағдайлар жасау;
- баланың қайталанбас бірегейлігін мойындау, оның өзекті жəне
ықтималды мүмкіншіліктерін ашуға ықпал ету;
- сезімдерді көрсету мен тəрбиешінің
мінез-құлқында шынайылықты,
ашықтықты, адалдықты сақтау;
- тыңдау жəне мəн беру, көру жəне бақылау қабілеті, бағаламай,
сынамай, тек өзінің көзқарасы тұрғысынан (мұғалімнің емес) түсіне алу;
- зиянын тигізбеу.
Болмайды:
- қайсыбір ағымға немесе бағытқа
жататын белгілері бар ала-құла,
ашық-шашық киімдерді киюге болмайды. Киім елеусіз, жылы түстен болуы
тиіс;
- сөйлесу кезінде көзіңізге қара көзəйнек кимеңіз – көздер қарым-
қатынас жасауда маңызды рөл атқарады;
- танысуды жылдамдатпаңыз, алғашқы кездесуде бала туралы барынша
көп біліп алуға тырыспаңыз. Бірден көптеген сұрақтар қоймаңыз – алдымен
өзіңіз туралы, өзіңіздің жұмысыңыз туралы əңгімелеңіз;
- жасөспірімге аяушылық сезіміңізді көрсетпеңіз, бұл кемсітушілік
болып көрініп, сіз бен баланың арасын алшақтатуы мүмкін;
- өтірік
айтпаңыз, алдамаңыз, шынайы емес мəліметтерді ешқашан
хабарламаңыз. Өтірік ерте ме, кеш пе, бəрібір
ашылып қалады, бұл сіздің
беделіңізге нұқсан келтіріп, баламен жəне оның достарымен ара-
қатынасыңызға кері əсерін тигізеді;
- ешқандай «саяси ойындарды» жүргізбеңіз:
біреуге қарсы ешкіммен
бірікпеңіз, əрқашан бейтарап болуға тырысыңыз;
- ешкімді ешқашан кінəламаңыз жəне сөкпеңіз - баланы осы қалпында
қабылдаңыз. Оның көзқарастарына, мінез-құлқына, сыртқы түріне сабырлы
болыңыз. Өзіңіздің пікіріңізді сабырлы жəне дəлелді айтыңыз;
- баланың пікіріне немқұрайлы
қарамаңыз - керісінше, ол сіздің
қызығушылығыңызды, оның пікіріне деген құрметіңізді сезінуі керек;
- азғыруға бой бермеңіз - ауытқушылық, азғындыру мінез-құлқының
себебін түсінуге тырысыңыз;