11
1.1-сурет. Этиканың негізгі категориялары
Махаббат - достықтың,
татулықтың шыңы, адам өмірінің ұлы
жарастығы. Онсыз өмірдің мəні, қызығы, құны жоқ. Ақын Абай:
«Махаббатсыз дүние - бос» деп тегін айтпаған. Махаббатпен адамның бүкіл
тіршілігі байланысты. Адам дүниеге келген мезеттен ата-ана махаббатының
жылуына бөленсе, одан кейін дос-жаран,
жора-жолдастарының
сүйіспеншілігін біледі, бірте-бірте сүйіктісінің, жарының махаббатымен
қауышады. Барлық ұлы істерге адамды қажыр беріп бастаушы күш -
махаббат. Адам біреуді сүйгендіктен, біреудің өзін сүйетіндігін немесе
болашақта сүюінен үміттенгендіктен, оның бойын күш-жігер кернеп, биік
мақсаттарға ұмтылады. Ол адам жанының екінші біреуге, адамдар қауымына
немесе белгілі бір идеяға бағытталған сүйіспеншілігі
мен құштарлық
сезімінің аса нəзік түрі. Махаббат ұғымының мазмұны өте кең. Оның адам
жанының махаббаты, белгілі бір идеяға, Отанға, ата-анаға, жалпы адамзатқа
деген түрлері көп. Махаббатта сезім мен ақыл ұштасып,
адам парасатты
табиғи күш ретінде көрінеді. Махаббат адам көңілін шартарапқа желдірер,
көңілін аспанға көтерер, нəзіктік пен құштарлықты тудырар, қорқынышы мен
үрейі, қызғаныш пен қасіреті көп күрделі жағдайларға жол бермейтін ғаламат
сезім.
Достарыңызбен бөлісу: