З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


жаңа қолданысқа енгізілген терминдерді  қамтитын сөздік.  Салааралық терминологиялық сөздік



Pdf көрінісі
бет12/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97
 
жаңа қолданысқа енгізілген терминдерді 
қамтитын сөздік. 
Салааралық терминологиялық сөздік 
– салааралық терминологияны 
қамтитын терминологиялық сөздік. 
Салалық терминологиялық сөздік 

 
белгілі бір арнаулы саланың 
терминдерін қамтитын сөздік. Бұл сөздікті «салалық сөздік» деп те атайды. 
Терминдердің жиілік сөздігі 
– пайдаланылу жиілігіне қарай орналасқан 
терминдер тізімінен тұратын терминологиялық сөздік түрі. 
Қысқартылған терминдер сөздігі 
терминдердің қысқартылған 
нұсқаларын қамтитын терминологиялық сөздік. 
Иллюстративті (көрнекі) терминологиялық сөздік 
– ұғымның 
анықтамасын толықтырып, арнаулы ұғым жөнінде жан-жақты немесе 
қосымша мәлімет беру мақсатымен көрнекілік әдіс пайдаланылып, сурет, 
сызба, фото сияқты түрлі бейнелер беріліп отыратын терминологиялық сөздік 
түрі. Бұл сөздік түрін абстрактілі ұғымдары көп ғылым салаларынан 
(философия, психология, әдебиеттану т.б.) гөрі заттық ұғымдары басым 
болатын техника, механика, радиотехника тәрізді салалар бойынша жасаған 
тиімді. «Иллюстрация» – «айқындау, ашып түсіндіру» деген мағынаны 
білдіретін латын сөзі. 
Жалпы ғылыми атаулар сөздігі 

 
жалпы ғылыми атауларды қамтитын 
терминологиялық сөздік. 
Көпсалалық терминологиялық сөздік 
бірнеше арнаулы саланың 
терминдерін қамтитын
терминологиялық сөздік. Бұл сөздік түрін 
«энциклопедиялық сөздік» деп атап жүрген ғалымдар да бар.
Стандартты терминдер сөздігі – 
стандарттарға негізделіп түзілген 
терминдер сөздігі. 
Арнаулы сөздік қызметі 
– арнаулы сөздіктің (терминологиялық сөздік) 
негізгі міндеттері, атқаратын қызметі. Арнаулы сөздіктер салаға қатысты 
терминдерді түгендеу, нормалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет