З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет15/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97
3.2 Ғылыми этика нормалары 
Қоғамның Сенаты Макс Планк (Германия) 2000 жылдың 24 
қарашасында қоғам институттарында жұмыс істейтін барлық ғалымдар үшін 
орындалуы міндетті ғылыми этиканың келесі нормаларын қабылдады. 
Күнделікті ғылыми қызметті реттейтін нормалар: 
-
нақты ғылыми салада қолданылатын деректерді алу және іріктеу 
ережелерін нақты сақтау; 
-
бастапқы деректерді қорғау мен сақтауды сенімді ұйымдастыру; 
барлық маңызды нәтижелерді анық және толық құжаттау; 
-
«жүйелі скептицизм» ережесі – өзінің жеке нәтижелері мен өз 
ұжымының жұмыс нәтижелері бойынша туындаған күмәндар үшін ашықтық; 
Әріптестердің 
арасындағы 
қарым-қатынасты 
және 
ынтымақтастықты реттейтін нормалар: 
-
бәсекелестердің ғылыми жұмысына, мысалы, пікір беруді кешіктіру 
немесе құпиялылықты сақтау шартымен алынған ғылыми нәтижелерді үшінші 
тұлғаға беру жолымен кедергі жасамау міндеттемесі; 
-
жас ғалымдардың ғылыми өсуіне белсенді ықпал ету; 
-
жұмыс бойынша басқа ғалымдар мен әріптестердің сындары мен 
күмәндері үшін ашықтық; 
-
әріптестердің жұмысына мұқият, объективті баға беру; сенімді қарым- 
қатынас. 
Нәтижелерді жариялауды реттейтін нормалар: 
-
фундаменталды зерттеулер нәтижелерінің жалпыға қол жетімділік 
принципі: мемлекеттік қаржыландыру есебінен орындалатын жұмыс 
нәтижелерін міндетті түрде жариялау; 
-
ғылымда қателерге жол беретін ғылыми мәдениет принципі: 
расталмаған гипотезаларды ұсыну және қателерді тану; 


30 
-
сіңірген еңбегін тану принципі: сіңірген еңбегін адал тану және 
ізбасушылардың, бәсекелестердің және әріптестердің қосқан үлесін тиісті 
бағалау. 
3.3 Зерттеу этикасы 
Зерттеушінің зерттеу жұмысын жүргізу барысындағы іс-әрекеті әлемдік 
тәжірибеге сәйкес келетін этика қағидаларына сай болуы қажет. 
Зерттеу барысында зерттеуші мынадай этика мәселелеріне баса назар 
аударғаны дұрыс: 
1. Шынайылық. 
Зерттеушіге өз зерттеу нәтижесін талдау, жариялау 
барысында оған қандай да бір мәселені жасыруына немесе бұрмалауына жол 
берілмейді. Шынайылықты басшылыққа алу – зерттеудің негізгі 
талаптарының бірі. Зерттеуде қандай да бір жалғандық байқалса, оған кеткен 
ресурстардың бәрі зая болды деген сөз. 
2. Объективтілік. 
Зерттеуші ешқашан біржақтылыққа жол бермеуі 
керек. Зерттеуді бірнеше адам (студенттер, оқытушылар, бірлескен авторлар) 
жүргізген жағдайда, олардың барлығы да туыстық, әлеуметтік, ұлттық, 
нәсілдік және т.б. ерекшеліктеріне қарай шешім шығармау, таңдау жасамау, 
кемсітпеу қажет екендіктерін толық білуі керек. Сонымен қатар зерттеу әдісі 
зерттеу сұрағына жауап беретіндей және гипотезаны тексерерде 
біржақтылыққа жол берілмейтіндей болып таңдалуы керек. Зерттеу жұмысын 
өзінің көзқарасын дәлелдеу немесе көрсету үшін бұрмалау этикаға жатпайды. 
Сондықтан кез келген шешім мен пікір академиялық тұрғыда ғылыми 
негіздермен түсіндіріліп берілуі қажет. 
3. Ұқыптылық. 
Зерттеу жұмысын жүргізу тиянақтылық пен 
ұқыптылықты талап етеді, сондықтан жалқаулық пен немқұрайдылық 
зерттеуші үшін жат болуы керек. Ғылыми жетекшінің кеңестері мен өзге 
авторлардың пікірлерін толық ескеріп, оларды дұрыс қолдану да ұқыптылыққа 
жатады. 
4. Ашықтық. 
Бұл – өз білімімен бөлісу. Ашық болу және өзгелердің 
жетістігінен үлгі алу білімділікке жетелейді. Зерттеу мәліметтерімен бөлісу 
және ондағы идеяларды талқылау үшін зерттеу жұмысының жариялануы өте 
маңызды. Зерттеу жұмысының өзгелерге қолжетімді болуы жұмыстың 
таралуына, көп оқылуына, басқа ғалымдардың оны өз жұмыстарында 
қолдануына, ол туралы пікір білдіруіне, талқылауына жол ашады. 
5. Интеллектуалдық меншікті құрметтеу. 
Өзге адамдардың жұмысын, 
идеяларын, мәліметтерін қолданғанда, олардың еңбегін бағалау мен құрметтеу 
мақсатында сілтеме жасалады. Бұл өз кезегінде плагиаттан сақтануға да 
септігін тигізеді. Жарияланбаған мәліметке де сілтеме жасалынбаса, плагиат 
болып саналады. 
6. Құпиялылық. 
Зерттеуге қатысушылар мен мәліметтерге қатысты 
құпиялылықты сақтау – негізгі этикалық талаптардың бірі. Құпиялылықты 
сақтау үшін түрлі әдістер қолдануға болады. Мәселен, электронды құжаттарға 


31 
пароль қою, белгілі бір ақпаратты кодтау арқылы көрсету және т.б. 
7. Қатысушыларды қорғау. 
Зерттеу нысаны ретінде алынған 
субъектілерге бейжай қарауға болмайды. Адамдардың өмірі мен құқықтарына 
шектеу қойылмайтындай және бұзылмайтындай болуы керек. Оларға кедергі 
келтіретін, ыңғайсыздық туындататын, қысым келтіретін және күйзелістің 
туындауына түрткі болатын жайттардың болмайтындығына толық көз жеткізу 
қажет.
8. Заңдылық. 
Зерттеу жұмысы зерттеу жүргізілетін ғылыми мекемеде 
бекітілген ережелер шеңберінде жүзеге асырылуы керек. Бұл ережелер мен 
нормалар мемлекеттік заңдарды басшылыққа ала отырып жасалынады. 
Зерттеу барысында бекітілген талаптар қатаң сақталуға тиіс.
Көп елдерде зерттеу жұмысын жүзеге асыру үшін арнайы этикалық 
комиссияның рұқсаты талап етіледі. Рұқсат алу үшін өтініш, ғылыми 
жұмыстың бағдарламасы және комиссия талап еткен өзге құжаттар 
ұсынылады. Зерттеу бағдарламасында жоспары, мақсаты, міндеттері, зерттеу 
әдісі, талдау түрлері, зерттеуге қатысушылар, ғылыми дәлелдемелер жан-
жақты түсіндіріліп беріледі. Сондай-ақ түрлі физикалық және психологиялық 
қауіп-қатерлердің алдын алу жолдары баяндалады. Қажет болған жағдайда 
комиссия мүшелері зерттеушіні кейбір этикалық мәселелерді талқылауға 
шақыруы мүмкін. 
Этикалық комитеттер Қазақстан Республикасында орналасқан әрбір 
зерттеу жүргізетін немесе зерттеу жұмысына қатысы бар ұйымдарда міндетті 
түрде құрылуы тиіс. Бұл комитеттердің шынайы жұмыс істеуіне және сапалы 
әрі адами қасиеттерді жоғары қоя отырып жүргізілетін зерттеу жұмыстарының 
артуына септігін тигізері сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет