Авторлық аударма – қостілде жазатын жазушының әдеби – көркем шығармашылығыеның бір көінісі деп атап өтсек, көптеген жазушылар өзінің қостілділігі шығармашылығының арқасында көзге түсіп қалғандар аз емес. Солардың бірі Роллан Сейсенбаев десек қателеспеспіз.
Қазақтың көптеген ақын – жазушылары шығарма жазумен ғана шектелмей әрі оны екінші тілге аударумен айналысады. Солардың бірі Роллан Сейсенбаев. Оның осындай жолмен атқарған жұмысы қыруар десек қателеспейміз. қоса соғады, осы тұста жазушы білімдарлық танытады. Жалпы адамзаттың биік мұратын бүгінгі таңдағы өмірлік өткір мәселелермен ұтымды ұштастырады. Сөз жоқ, оның бәрі дидактикалық жолмен емес, шығармадағы адам образы арқылы көрініс тауып жатады. Бұрынғы шығармаларындағы жирек соғатын жүрек лүпілі сезімнің сәулеленуіне, бақылау, бағалау қасиеттерінің жетілуіне алмасқанын сезінуге болады.
Үлкен суреткеріміз Әбдіжәміл Нұрпейісовтың әлі аяқталмаған “сең” романы өнердің осындай бір биік белесінен бой көрсетіп отыр. Кең тынысты эпикалық туынды сомдаған жазушы таза психикалық әрекетке құрылған шығарма жазуға қаймықпай барған. Бұл Нұрпейісов шығармашылығына бұрын психологизм жоқ еді деген сөз емес, керсінше, адам психикасын жетік меңгерген жазушы осы шығармасында оны арнайы нысанаға айналдырған. Бұл бағыттағы соңы соқпақ жаңа леп, тайға таңба басқандай табиғи өрнектер шығарманы даралай түседі.
Ролллан Сейсенбаевтың шығармашылығы мықты сыншылыққа негізделген. Ол ар намысты, ұятты, адам ұқыптылығын жоғарыға қояды. Осы көріністер мына шығармаларда көрініс тапқан, “Өмір сүргің келсе”, “Ешқайда бастамайтын баспалдақ”, “Шайтанның тағы”, “Отчаяние”, “Возврашение Казыбека”, “Дни декабря”, әңгімелері “Братья”, “Все будет хорошо” және “Отелло”. “Отчаяние” немесе “Мертвые бродят в песках” романдары мен “День когда рухнул мир” әңгімесі және басқалары өмірдің құнды еңбектерінің бірі болып саналады.
“Аудармашы шығарманың жалпы мазмұнын жеткізіп қоймай, оның көркемдік ерекшеліктерін де сақтауға міндетті, мұның мәнісі – көркем шығармаларды аудару барысында жеткілікті даярлығы бар, жазушылық шеберлігінің негіздеріне жетілген әдебиетшілер ғана жұмыс істей алады деген сөз. аудармашылардың тәжірибесін қорытып отыру керек, шыншыл аударманың принциптері туралы көлемді еңбек шығару қажет” (Ә.Ипмағамбетов). Осындай қасиеттерді біз жазушының бойынан көре аламыз, өйткені ол шығарманы аудару барысында басқа елдің мәдени тұрмысын жетік біліп, өзінің ана тіліне немесе орыс тіліне аударма жасайды. Сонымен қатар оның шеберлігі оның көп тіл білетіндігінде.
Аударма - әдебиеттің арнасы, мол салаларының бірі. Аударманың сөз дамытудағы мәні де айырықша зор. Өйткені аударма арқылы бір халықтың таңдаулы әдеби шығармаларынан басқа халықтың өкілдері сусындай алады.
Аударма саласы – мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі. Роллан Сейсенбаев өзі халықаралық Абай клубының президенті болып жүріп, қыруар еңбектер жасап, тер төгіп жүргені анық. Осы Абай клубында ұлы жазушылардың, ойшылдардың, тіл мамандарының, әлем тарихшыларының 200 – ден астам том шығармалары бекітілген. Олардың ішінде Шоқан Уалихановтың, Олжас Сүлейменовтың, Эрнест Хемингуэйдің, Улльям Фолкнердің және тағы басқаларының шығармалары.
Роллан Сейсенбаев ұлы Әуезов пен Шәкәрім жолдарын пір тұтқан адам. Солардың іздерімен жүріп үлкен жетістіктерге жете білген азамат. Сонымен қос ол “Amanat” журналының негізін қалаушы. “Amanat” халықаралық қоғам мүшесінің журналы. Онда қазақтың мықты таланттарын және шет ел мемлекеттеріне әдебиет саласындағы көп ұлтты қазақтың бетке ұстарларын таныстыру жолы, жазушының негізгі мақсаты осында, бұл журнал Мәскеуде, Японияда, Германияда, Америкада сатылады.
Жазушы көп елді көрген, көп естіп білген, білімдар тұлға. Ол Японияда болып, жапондық жазушы Макота Одамен танысады. Ол жазушының повестерімен романдарын жапон тіліне аударған. Сөйтіп екі ел, екі жазушы арасында қарым – қатынас туған. Аударма үлкен өнер, сол арқылы сол елдің мәдениетін, салт – дәстүрін, тұрмыс тіршілігімен таныс боласың.
“Переводчик может позволить необходимые вольности лишь в том случае, если он глубоко проник в материал переводимого произведения, если он знает жизнь того народа, которому принадлежит переводимая проза или поэзия, - знает ее до конца как быть и культуру своей страны. Вот почему переводчик – поэт должен быть не только художником слова, но и энциклопедически образованным ученым – историком, искусствоведом, критиком, этнографом, филологом, лингвистом”.(Н.Сағындыкова)
Көп нәрсе аудармашының тілді білуіне, шеберлігіне, жалпы ой - өрісінің кеңдігіне байланысты. Аудармашы әрбір сөйлемнің сөзін емес, мағынасын толық аударуға тиіс. Аудармашы тапқырлығы, шеберлігі, ойының алғырлығы, көңілінің көрегендігі, тілінің байлығы ұлы шығарманы керемет тәржімалау тәсіліне тәнті етеді. “Шығармаға қойылатын ең басты шарт – шығарманың көркемдік идеялық күшімен эстетикалық ләззатын жеткізу, әрі қазақша биязы да жатық етіп шығару. Ол, ең алдымен көркем болсын, әсерлі де тартымды оқылсын” деген Мұқтар Әуезов.
Көркем шығарманың әр алуан қырлары мен сырлары болады, табиғат көріністері суреттеледі, адамның ішкі сырлары (монолог) шертіледі, көңіл күйі, сезім дүниесі баяндалады, философиялық толғаныстар мен психолдогиялық тербеністер ашылады, тағысын тағылар. Міне осындай қасиеттер Роллан Сейсенбаев шығармаларынан көрініс тапқан. Бұл кейде суреттеу түрінде, кейде баяндау түрінде берілсе, кейде асқақ пафоспен, кейде ұтымды афоризммен беріліп отырады. Аудармада осылардың бәрін өз қырымен, өз сырымен, өз бояуымен жеткізу керек.
Аударма шаруасы бейне бір құм арасынан арық қазғандай көзге көрініп, көңілге еленбейтін тауқыметі мол тіршілікте тырбанып тындырам десең де күніне төрт – бес беттен аудару қиын, қаншама көшірген сайын прозаның өңі ашылып жұтынып шығатыны анық. Ал, Роллан Сейсенбаев басқа тәржімашыларға ұқсап шығарманы оқыр – оқымастан – ақ төмпештеп тисе терекке, тимесе бұтаққа деп бас сала аудара бермейді. Әуелі асықпай оқып шығады, ой қорытады, түсініксіз сөздердің тізбегін жасайды, фразеологиялық тіркестер кездесіп жатса соның баламасын іздейді. Содан кейін ғана барап жазушыға тән қара сөздің ішкі ырғағын сақтап, аударма бастайды.
Қазақ тілін жетік білетін жазушы түпнұсқа тұтқыны болып қалмай, автор стилін, мақсат мәнерін сақтай отырып, шығарманың ұлттық бояуын қанық жеткізуге күш салады. Роллан Сейсенбаевтың тәржімаларының ауқымы өте кең. Жазушының “Отчаяние или Мертвые бродят в песках” романдары оқырмандарды терең рухани қозғалысқа бөлейді. Мұндағы негізгі талқыланатын мәселе, ол адамзаттың қалай пайда болғаны туралы әлі бүгінге дейін шешілмеген сұрақ төңірегінде болған. Бұл мәселе Шекспир, Достоевский, Толстой сияқты ұлылардың көкейтесті мәселесі болып табылады. Мұнда жан түршіктіретін экологиялық апат суреттеледі. Жазушының романын оқып отырып біз оның кейіпкерлерімен бірге қосылып адамды ақыл – парасаттылыққа жетелейміз. Адам парасатты өмірдің бастауы.
Роллан Сейсенбаев қазақ әдебиеті әлемінде белсенді орын алған ғұлама. Ол ерекше құрметке ие болған мықты азаматтардың бірі. Жазушының ең маңызды кітаптары – қоғам мен адамның дамып шарықтау шегіне жеткенін суреттеуі. Оған “Бегство” повесін жатқызуға болады.
Роллан Сейсенбаев - тұғыры биік нар тұлға. Әдебиет деген киелі орданың қасиетті табалдырығын ақын болып аттаған үлкен ғұламаның бірі.
“Өлең жазуға қарағанда, әңгіме жазу қандай оңайырақ болса, аударма да сол, өлең аударуға қарағанда әңгіме аудару жеңілірек болады” - М.Дәулетпаев /15,17/. Жазушы өз төл шығармасын өзге тілге аударма жасап жүр. Оның “Майдан әндері” атты шығармасы ұлы дүрбелең соғыс кезіне арналады. Мұндағы бас кейіпкер Садыр Байбарсыновтың атқарған еңбегі, қызметі жайлы баяндалады. Аударма еркін аударылған. Өйткені түпнұсқада Садыр Байбарсыновтың белсенді қызмет атқарып, отыз бір жыл жұмыс істегені баяндалса, орысша нұсқасында осы жері аударылмай қалып кеткен. Мысалы, кейіпкер арақ ішкенді ұнататын жандардың бірі, ішкен кезінде өлең айта бастайды. Оған дәлел ретінде мына жолдарды салыстырып көрейік: