Түпнұсқа:
Сарғайдым жолыңа қарай - қарай,
Хабарсыз кеттің, сәулем неге бұлай ?
Жастықтың ауытпалы толқынында,
Жүрмісің ойға қалып әлдеқалай !
Аударма:
Выпьем за тех, кто командовал ротами,
Кто замерзал на снегу…
Мұнда біз көріп отырғанымыздай еркін тәсілді қолданып, өз жанынан сөзер қосқан. “хабарсыз кеттің, неге бұлай” жолдарын жазушы баламасы ретінде “кто замерзал на снегу” деп берген. Аудармашының басты жетістігі - өлеңнің мазмұнын, ішкі эмоциялық байлығын қазақ тілінде белгілі дәрежеде дұрыс бере білуінде. Әйтседе аудармашы орысша нұсқасында өз тарапынан өзгертулер жасамай тұра алмайды. Бұл шалқақтап, шарықтаған еркін аудармашының көрінісі. Келесі түпнұсқада автор “майдангерлер бас қосып, ұзақ отырды” деген жолдарын орыс аудармасында олар жай ғана отырмай 9 мамыр мерекесін тойлатып отырғандығы айтылған. Сонда автор орысша нұсқасында ойын анығырақ берген. Оған дәлел ретінде салыстырып көрейік:
Түпнұсқа:
“Қолымда найза, шағылып айға”
Аударма:
“острый клинок сверкал в моей руке”
деген жолдарда найзаның айға қарап шағылып тұрғаны айтылмай аударылған. Келесі сөйлемді салыстырайық:
Түпнұсқа:
“миллиционерің кетіп қалыпты”
Аударма:
“миллиционер ваш сбежал”
деп береді. Бұл жердегі кемшілік миллиционердің қашып кеткені емес, кетіп қалғаны туралы айтылуы керек еді. “Аударма үшін түпнұсқадағы өмірді бере білу керек” – деп жазды М.А.Добролюбов. Егер де әр аудармашы өз жадынан осы іспеттес түпнұсқадан тыс бейнелеу құралдарын қолдана берсе, бұл аударма емес, белгілі бір шығарманың сюжетін алып, жаңа бір туындыны әкелген сияқты болып көрінеді.Олай болса аударма әдебиеті өз орнын жоғалтып алады.
Аударматану ғылымында өзіндік орны бар Ә.Сатыбалдиев “Көркем аударма дәл болу керек, сонымен қатар оның белгілі дәрежеде еркіндікке де құқысы бар. Бірақ сол еркіндіктің өзі түпнұсқада бейнеленген мазмұн мен түрдің, яғни нақтылы өмір көріністерін дәл суреттеу мақсатынан туып жатуға тиіс. Сонда ол еркіндік дегеніміздің өзі тек дәлдікке жетудің жолы боп қалады” – дейді.
Аударма бір орында қатып қалған мәңгілік дүние емес. Сондықтан аударма үрдісі - көп қырлы, динамикалы құбылыс. Қоғамның дамуына, ел өркениетінің өзгерістеріне орай үздіксіз жаңарып, жетіле береді. Уақыт, заман өзгерісіне сай адамдардың дүниетанымы, көзқарасының өзгеріп отыруы - қоғам дамуының диалектикалық заңдылығы. Осыған байланысты аудармаға қатысты теориялар мен тұжырымдар, ізденістер мен тәжірибелер үнемі жаңарып, толығып, дамып отрады. Бір шығарманың бұрын бір, екі аудармасы ғана болса, кейіннен бірнеше аудармасы жасалады. Бұл әдебиетте жиі қайталанатын үрдіс.
Әр аударма өз уақытының, заманының талабына сай негізделеді. Бұрынғы аудармаларға талап – талғаммен қарап, жаңа заманға сай үздік үлгісін жасай алған жағдайда, ол оқырман қызуғышылығын туғызады, әдеби құбылысқа айналады. Нағыз үздік аударма өз уақытының ғана емес, келер ғасырлардың да рухани қажетіне жарап, елдің мәдени игілігі болып қалады.
Дәуір, заман өзгергенмен, жақсы, сапалы аударманың маңыздылығы сол, көркем шығарманың төл нұсқасымен бірге жасайтындығы. Қай кезде де түннұсқамен сәйкес, тіпті одан асып түсетін озық аудармалар да болады. Мұндай аударма төлтуындыдай өміршең сипатта әрі халықтың рухани талғамынан табылған туынды есебінде қайталанып басылып, оқырмандардың жаңа толқынымен табысады. Қандай да бір көркем шығарма аудармасы белгілі бір әлеуметтік дәуірде дүниеге келіп, сол уақыттағы шығармашылық еңбектің жемісі саналады. Сондықтан да ол – жасампаз, мәңгілік. Өйткені, түпнұсқаның шығармашылық ғұмырының ұзақтығы оның көркемдік, идеялық, эстетикалық қуатында, керемет композициялық құрылымы, қызықты, сюжеттік желілерінде, кейіпкерлер әлемінің жүйелі сомдалуында, халық тілінің байлығын бейнелеу үрдісінде ұтымды қолдануында. Аударма шығармалары көркемдік, идеялық, эстетикалық құндылығын толығымен сақтаған жағдайда ол бір халықтың асыл мұрасынан өзге ұлттың рухани мәдени жауһары болып екінші ғұмырын бастап кетеді.
Аударма ана тілін байытады, халықтың әдеби даму көкжиегін кеңейтеді, жаңа шығармашылық ізденістер жасауға мүмкіндік туғызады.
А.И.Гитович: “Немістен аударатын аудармашының қалай дегенде де жарым жартылай неміс болғаны жөн” десе. Г.Бельгер “Қазақты аударатын аудармашы да жартылай қазақ болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |