Өткен сабақты түсінгендерін «Бағдаршам» әдісімен бағалайды.
Топтық жұмыс № 1. Берілген мәтіндерді оқушылар оқып алады. §27. Электр тогының жұмысы мен қуаты. (174-178 беттер)
І. Токтың жұмысы және оны өлшеу. Тізбектің сыртқы бөлігіндегі зарядтардың орнын ауыстыратын кулондық күштердің жұмысы ток жұмысы деп аталады. Ол мына формула бойынша анықталады: A=qU Токтың жұмысын анықтау үшін зарядты ток күші және зарядтың көлденең қимадан өткен уақыты арқылы өрнектеу ыңғайлы: q=It , ендеше A=IUt. Тізбек бөлігіндегі электр тогының жұмысы осы бөліктің ұштарындағы кернеудің, ток күші мен жұмыс істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең. Жұмысты есептеу формуласынан белгілі болғандай, ток жұмысын анықтау үшін үш өлшеу аспабы керек: амперметр, вольтметр және сағат.
Тұтынылған электр энергиясын есептеу үшін тұрмыста және өндірісте электресептеуіш қолданылады. Ток жұмысы қанша электр энергиясының энергияның басқа түріне айналғанын көрсетеді.
Жұмыстың өлшем бірлігі. Халықаралық бірліктер жүйесінде жұмыс бірлігін – джоульмен, ток күшін – ампермен, кернеуді-вольтпен, уақытты секундпен өлшейді. Алынған формула негізінде бұл бірліктердің байланысы төмендегідей: 1 Дж = 1А•1В•1с.
1 Дж-ге тең ток жұмысы өте аз. Тәжірибеде жүйеден тыс өлшем бірлігі 1кВт • сағ кең қолданыс тапты.
Бірліктердің байланысын анықтайық:
1кВт • сағ = 1000 Вт • 3600 с = 3600000 Дж = 3,6 • 106 Дж.
ІІ. Ток қуаты және оны өлшеу. Тізбектегі ток әрекетінің қарқындылығы ток қуатына байланысты. Қуат – уақыт бірлігінде тізбекте атқарылған ток жұмысына тең фихикалық шама: ; мұндағы – токтың қуаты.
Ток қуатын анықтау үшін тізбек бөлігіндегі кернеуді ондағы ток күшіне көбейтеміз. P=UI. Тізбектегі токтың қуатынекі аспапты вольтметр мен амперметрді қолданып есептеуге болады. Токтың қуатын анықтауға арналған аспап жасалды, ол – ваттметр.
Қуаттың өлшем бірлігі ретінде ватт алынды. 1 ватт деп 1 секунд ішінде 1 Джоуль жұмыс атқарылуын айтамыз: . Іс жүзінде еселік қосымшасы бар өлшем бірліктері қолданылады:
1 кВт = 1000 Вт = 103 Вт.
1 Мвт = 1 000 000 = 106 Вт.