Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
8.4. «Тұрақты электр тогы»
|
Мектеп: Қ.Мұхамеджанов атындағы№1 мектеп-гимназия
|
Күні:
|
Пәні: Физика
|
Мұғалімнің аты-жөні: Арықбай Алтынай
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
8.4.2. Электр тогының жұмысы мен қуаты
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)
|
8.4.2.12. жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану.
|
Сабақ мақсаты
|
-Барлық оқушылар:
Ток жұмысы мен қуатын анықтауға арналған формулаларды қолданады;
-Оқушылардың басым бөлігі:
Электр тогының жұмысы мен қуаты арқылы электр есептеуішінің көрсеткішін анықтайды.
-Кейбір оқушылар :
Электр энергиясының құнын есептейді.Озықтапсырмалардышешудіңәртүрліжолдарынөздерімеңгереді.
|
Бағалау критерийлері
|
Аралас жалғанған тізбектің бөлігіндегі қуатты анықтайды.
Электр энергиясының жылу энергиясына айналуын біле отырып, электр тогының қуатын есептейді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Білім алушылар:
Электр тогының жұмысы мен қуаты туралы ақпарат алады, формулаларын пайдаланады.
|
Қолданылатын физикалық ұғымдар:
Токтың жұмысы, Джоуль, токтың қуаты, ватт, амперметр, вольтметр, электр энергиясының құны, тариф, электр есептеуіш туралы түсінік алады.
|
Диалогқа қажетті сұрақтар:
Ток жұмысын анықтау үшін қандай өлшеуіш аспаптар қажет?
Тарифтер не себепті өзгеруі мүмкін?
Токтың жұмысы және қуат дегеніміз не екен?
|
Құндылықтарға баулу
|
Қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілік, өмір бойы оқуға дайын болу, зайырлы қоғам және жоғары руханият қасиеттерін игереді.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Электротехника негіздері-«Тұрақты токтың заңдары»
Математика-есеп шығару
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
7-сынып физика «Механикалық жұмыс. Қуат» туралы біледі.
|