ІІІ. Ток қуатының тізбектегі ток жұмысымен байланысы. Ток қуатын электр құралының номиналды қуатымен салыстыру тізбектегі аспапқа қаншалықты жүктеме түсетінін анықтауға мүмкіндік береді. Егер ток қуаты номиналды қуаттан аз болса, онда ток жұмысының қарқындылығы төмен немесе мүлдем жоқ болады. Қуаты жоғары құралды әлсіз ток көзіне қосу онда ешқандай әрекет тудырмайды. Аз қуатты ток жұмысына арналған құралдарды күшті өріс тудыратын ток көздеріне қосса, күйіп кетеді.
ІV. Электр энергиясының құны. Пайдаланылған электр энергиясының мөлшерін әр айдың белгілі бір күнінде электр есептеуіш аспаптан алынатын көрсеткіштердің айырымы арқылы анықтайды. Электр энергиясының құны 1кВт • сағ үшін тағайындалған тарифке байланысты, оны келесі формула бойынша анықтайды: Cm=AT ; мұнда Cm – электр энергиясының құны, А – ток жұмысы, Т – тағайындалған тариф (1кВт • сағ энергия құны). Елдің әр облыстарында тариф әртүрлі болуы мүмкін. Кейбір елдерде ол тәулік мерзіміне және бір адамның тұтынатын энергиясының мөлшеріне тәуелді.
Білім алушылар топтық жұмысты бағалауда «Ойлан-жұптас-бөліс» тәсілі арқылы топта талқылап, «Саусақ сигналдары» әдісі арқылы бағалайды.
Жеке жұмыс Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары: Тапсырма 1 Егер I1 =3 А болса, үшінші шамның тұтынатын қуатын анықта. (Сурет)
Бағалау критерийі
Дескриптор Білімалушы
Аралас жалғанған тізбектің бөлігіндегі қуатты анықтайды.
- суретте сұлбасы көрсетілген тізбектің толық кедергісін анықтайды;
- тізбектің сол жақ бөлігіндегі кернеуді есептейді;
- кедергісі 15 Ом шамнан өтетін ток күшін есептейді;
- үшінші шамнан өтетін ток күшін анықтайды;
- қуаттыңформуласынқолданып, үшіншішамныңөндіретінқуатын
есептейді.
Тапсырма 2 Пәтерде 6А токкүшінешыдайтынсақтандырғыштарорнатылған. Егер желідегікернеу 220 В болса, бір уақытта қуаты 60 Вт , 100 Втшамдарды, 1000 Вт электр пешті және 300 Вт электр
үтіктіқосуғаболама?