Зақбай Доспанбетов Гау һар тас



Pdf көрінісі
Дата27.06.2023
өлшемі421,88 Kb.
#103573
Байланысты:
Гауһар-тас




Ұзақбай Доспанбетов
Гау
һар тас
Повесть
Əбен ақсақал маған ең алдымен осы бiр гауһар тасты көрсеттi.
Қалай төңкерсең де нұрын шашып, бiр өзiнен сан түрлi сəулелер
тарап, н
əзiк құбылып дiрiл қағады. Қолыма алып ықтиятпен қызыға
қарадым. Қайта бергенiмде қарт оны қастерлеп орап, бөлме
т
үкпiрiндегi көне заманның көзi iспеттес əшекейлi сандықшаға
салып 
қойды.
Б
ұл кiсi – менiң нағашым. Екi туып бiр қалған дейтiн ет-бауыр
а
ғайыны, балалары жоқтықтан ба, əйтеуiр, бiздiң үйдi қатты жақын
т
ұтады. Өзi бiзге, бiз оған барғанда қарт жаны шуақ күнгi теректей
жай
қалып, бiр жасап қалатыны бар.
Əсiресе, мен бұл кiсiнiң құрметтi қонағымын. Оның себебi де бар.
Əбекең ақсақалдар арасында «екi дүниенiң iлiм нұсқасын бiрдей
ұғынған» жан саналады. Ескi заманда мұқтасарды тамам еткен
«
ғұлама» молда болса, кейiн де ескi шиырмен қалмай, жаңа заманды
ояу к
өзбен қарсы алады. Ең алдыңғылардың бiрi болып, ат үстiнде
ж
үрiп хат танып, Кеңес өкiметiнiң ауылдағы алғашқы ошағын
бас
қаруға қатынасады. Талай жыл мектепте де сабақ бередi. Тiптi
ауданды
қ оқу бөлiмiн басқарғаны да бар. Тек соғыс жылдарында
денсаулы
ғынан айрылып ондай жұмыстардан қол үзген.
Кейбiр 
қарттар өзара əңгiмеде: «Əбекең жаңаша оқымысты
бол
ғанымен, ескi оқуын да ұмытқан жоқ», – десетiн. Өйткенi Əбекең


бiр 
қатты науқастанып, қиналып жатқанында: «Екi дүниенiң iлiм-
ұлағатын бiрдей меңгердiм, Құдай өзiнiң əлгi жұмағының бiр
п
ұшпағынан маған да орын қалдырған шығар», – деп кейiн ел
арасында м
əтел болып кеткен сөзiн айтыпты.
Асты
ң дəмiн татқан бiледi. Əбекеңнiң бүгiнгi өнер, ғылым десе
ы
қыласы ерекше болатын. Менiң жоғары оқу орнын бiтiрiп, зерттеу
ж
ұмысына араласқанымды естiгенде, ақсақал өзiнiң туған ұлы
м
ұратқа жеткендей қуаныпты. Қуанышын бiздiң ауылға əдейi келiп,
шешеме бiлдiрiптi. 
Үш қайыра сəлем айтып, демалысқа келгенiмде
өзiнiң үйiне де барып қайтуымды өтiнiптi. Ол кiсi бiзден жетпiс
ша
қырымдай тұрады, əрi төте даңғыл жолдың жоқтығы да бөгет.
Астанадан жылында бiрер рет 
қалт етiп келе қалсаң, уақыт та тығыз.
С
өйтiп, жуық арада бара алмай, екi-үш жыл өткен соң ғана келiп
отыр
ған бетiм едi.
Бай
қаймын, Əбекең соңғы жылдары тым жүдеп, шөгiп қалыпты.
Əсiресе, кемпiрiнiң дүние салуы қатты əсер етсе керек, əйтеуiр
е
ңкiш кеудесiмен маған төне түскенiнде, құзға құлап бара жатқан
адамны
ң екi қолымен жартасты қармап, ақтық күшiмен жандəрмен
жанталас
қанындай əсер қалдырады. Күретамырлары адырайып,
терiсi к
үнде жатып əбден кепкен сойылдай күрең сарғыш тартқан.
Əбекеңнiң үш-төрт күнсiз жiбермесiн бiлiп, бiршама жайласып
демал
ғаныма екiншi күн. Айтқан əңгiмесiн де сабырмен тыңдап,
т
ұлғасының əрбiр кимылын қақас жiбермей бақылағым келдi.
Етi семiп, iшiне 
қарай омырайылған жақ сүйегi сөйлеген сайын бүлк-
б
үлк етiп, селдiр шоқша сақалы жыбырлай бередi. Кəрiлiк пе, сол
к
əрiлiк уытына қарсы тұрғысы келген мазасыз көңiлдiң əрекетi ме,
əйтеуiр, бақылаған сайын Əбен ақсақалдың тұла бойынан неше
т
үрлi қызық белгiлердi, оқыс қимылды көп көресiң. Иығын, əлсiн-
əлсiн бүкiл өне бойын қуалап өтетiн дiрiл барын да аңғарамын.
– Сен, Бег
əлi, шырағым, құлағыңды сал. Əлдебiреуiнiң көзiндей
са
қтап жүрген гауһар тасы бар екен, көп ұстатпастан сандығына
қайта тығып койды деп, мен сияқты көзiнiң нұры тайған, тырнағы
тас
қа мұқалған кəрi бүркiттi кiналамай, сабыр ете тұр. Егер


к
өкейiңде игi ниет, ақ тiлеу болса, ол гауһар тас саған бұйырады.
Гау
һар тас əрқашан да өз иесiн тауып келген.
Үлкен бiр iске бекем бел байлағандай өзiн-өзi жебеп, ашыла түскiсi
келедi. Мен болсам, гау
һар тасты пендешiлiк тұрмыста жиi кездесетiн
жадау, жал
ғызiлiк көңiлдiң жұбанышы боларлық қана нəркес дүние
к
өрiп отырмын.
Əбекең ендi əңгiмесiн алыстан бастады.
– М
ұның тарихы бiздiң сонау түп аталарымызға кетедi. Мен əңгiменi
ұмытылмай бiзге жеткен жерiнен бастайын. Жəңгiр ханның есiмiне
қанық шығарсың, қарағым. Сол Жəңгiр қазаққа хан болып тұрған
ша
ғында талай қалмақ шабуылын бастан кешiрiптi. Əдетте ұрыста
ба
қастық аз болады деушi едi. Сол Жəңгiр хан өзiнiң қол астындағы
батырларды
ң да бағын қызғанады екен. Бiрде атағымды бөлiспесiн
деп, 
өзiнен кейiнгi қолбасыны аңға ертiп шыққан жерiнде ту
сыртынын атып 
өлтiрiптi. Сонда əлгi қолбасы өлiм аузында жан
азабын к
өрiп жатып, Жəңгiр ханға ақтық арызын зарлап айтыпты:
«
Əй, Жəңгiр хан, Жəңгiр хан, күн қарайса күйерсiң, түн айналса
т
үнерсiң. Ту сыртымнан оқ аттың, мен өлмегенде кiм өлсiн. Адамнан
ту
ған əбжылан, кеудең толы жылан уы болса да, ана сүтiн емiп өскен
шiркiн е
ң, ақтық айтар арызымның шын мəнiсiн түсiнерсiң,
бiлерсi
ң. Саған айтар өсиет: адамдағы ең ардақты қасиет – ел
қорғаған батырлық, ақ жүрекке тiл бiтiрген – ақындық, қара жерге
н
əр бiтiрген – ақыл-құт. Бұл қасиеттiң ақиқат қой өлмесi,
к
өкiрегiмде ақ шүберекке ораулы гауһар тас солардың қас бейнесi.
Батырлы
қ пен ақындық дарыған бабаларымның көзi едi, кейiнгiге
а
қтық айтар сөзi едi. Айдалада, құла дүзде, хан иемнiң қолынан қаза
тап
қан мен бейбақ, отырмын ендi оны саған берудi ойлап.
Ей, Ж
əңгiр хан, Жəңгiр хан, сол гауһар тасты көкiрегiмдi ашып ала
ғой. Тəңiр деген аспан көздi дана ғой. Оның саған түбiнде
б
ұйырмасын бiлемiн. Саған айтар жалғыз ғана тiлегiм, осы гауһар
тасты – 
қатерлi жаудан ел қорғаған батырға берерсiң, көкiрегiңдегi
ояу сезiмi
ңдi тұтатқан ақынға берерсiң, киын жерде жол тапқан
а
қылдыға берерсiң» – деп əлгi батыр өлiп кетiптi дейдi.


Бiра
қ хан айдалада өз қолынан шəйiт болған əруақты батырдың
өсиетiн орындауды ойламапты. Өзiмнен кейiнгi нəсiлiме берермiн деп
кесiптi.
Сол хан 
қолынан қаза тапқан батырдың Ерəлi деген iнiсi бар екен.
Ер
əлi ағасының ойда жоқта өлгенiне сене алмай, «аңға бiрге шығып
едi, осы Ж
əңгiр ханнан келген өлiм» деп күдiктенiп жүрiптi.
К
үндердiң күнiнде қалмақ жағы тағы қол жиып қазақ жерiне бас
салыпты. 
Қысталаңда ақыл таппай қиналған Жəңгiр хан өзiнiң үй-
iшiн, мал-м
үлкiн «Құлжасайы» деп аталатын үлкен үңгiр жаққа
айдап, 
қалмақ шабуылының бетiн қалың қазақ жұртына қарай
б
ұрып жiберiптi.
Арманда кеткен а
ғасының кегi жүрегiне қара қан болып қатқан
Ер
əлi Жəңгiрдiң алдындағы ас-суға жоламай, өзi тамаша батыр бола
т
ұра колбасылыққа да қызықпай ханнан бойын аулақ салып жүредi
екен. Тек 
қалмақ шабуылы үстiнде ханның зұлымдығын аңғарып,
атына мiнiп, 
қару-жарағын сайланыпты. Атақты батырдың iнiсi Ерəлi
ат
қа мiндi дегендi естiгенде, кағажу көрiп жүрген сайдың тасындай
ерж
үрек жiгiттер тегiс көтерiлiп, оның маңына топтасыпты. Қол
саныны
ң əлi де болса аздық ететiнiн ұққан Ерəлi Жəңгiр ханның
əскерлерiн де жауға қарсы шығару үшiн, соңындағы жiгiттермен
Құлжасайын бетке ұстап жүрiп кетiптi.
Қарсы шыққан ханға сыр бермеу үшiн оған жылы сөйлеп, жат елдiң
табанына тапталып бара жат
қан ел-жұртын құтқармақшы екенiн
айтады. Ж
əңгiр келiседi. Ерəлi жауға қарсы жетi күн ұрыс салады.
Сегiзiншi к
үн дегенде Құлжасайынан Жəңгiр жетедi. Кеше ғана
б
ұлттай тұтасып келiп, қаруларын шақылдатып, жер мен көкте
əңгiртаяқ ойнатқан қалмақтардың ендi алды-артына қарамай,
ж
өңкiлiп бара жатқанын көргенде Жəңгiр хан жылап жiберiптi.
Өзi өлтiрген аруақты батырдың киесiнен қорықты ма екен, əлде сол
жауызды
ғы өз көкiрегiнде шоқ болып басылғандағы əлсiздiгi ме
екен, «б
ұл гауһар тастың түбiнде саған бұйырмасын бiлемiн» деген
батырды
ң өлердегi сөзi үнемi үрейiн алды ма екен, хан гауһар тасты
Ер
əлiге табыстапты.


Мiне, сол гау
һар тас тəңiр бұйрығымен өз иесiн қайта тауыпты...»
Əбен ақсақал омырауы ағытулы көйлегiнiң оң жақ жағасын иығына
дейiн тартып 
қойып, кепкен қызыл ағаштай көкiрегiн жалаңаштай
т
үстi. Бейне отқа қақталып отырған сияқты. Сол оттың ұшқыны
жанарында ша
ғылысқандай көрiнедi. Кiдiрiп ойланып қалды. Мен де
алысты, 
өз өмiрiмдi, ғылым тауқыметiн ойлап, ауа толқып кетемiн.
Əбекең айтқан асыл қасиеттердi бойымнан терiп көремiн. Əбекеңнiң
аталы с
өзгеарқауболарлық ойын əлi де көкiрегiнде сақтап отырғаны
ай
қын.
Мен 
Қазақ СССР Ғылым академиясы жанындағы ядролық физика
институтында iстеймiн. 
Қалайда бiздiң институт адамдары осы
заман
ғы физиканың ең бiр көкейтестi мəселелерiн ашып жатқан топ
кой. Олар мен 
Əбекеңнiң осы шабытты жүзi арасында өзiм аңғара
алмай отыр
ған бiр байланыс бардай. Бiр оттың жарығы түсiп тұрған
қатарлас екi затқа ұқсайды. Мен өз қиялыммен солардың арасында
д
əнекер таппақ болып əрекеттенемiн. Бiрақ бекер əурешiлiк.
Əбекеңнiң сырға толы жанары басымдағы барлық түйсiк, ықылас
атаулыны м
үлдем басқа жаққа бұрып жiбердi.
Мен еркiн 
қанатты адаммын. Өз ойым, өз бағытым бар. Оған кiм
орал
ғы болып, кiмнiң шипалы əрекетiн, сөзiн қажет етемiн? Бəрiне
тек сал
қын қарап, өзiмдi дербес ұстасам болды емес пе?
Əбекең өзiн бiраз жөнге келтiргендей түзелiңкiреп отырып,
əңгiмесiн одан əрi жалғастырды.
– И
ə, гауһар тас оқиғасы сонымен ғана тамамдалмайды. Оны үнемi
айта беруге болады. Оны
ң əңгiме болып болашақта қалай қиысатыны
əзiр бимəлiм. Мен тек белгiлi бiр шегiне ғана жеткiзейiн.
Сонау аласапыран жылды
ң көктем айы едi. Ол кезде бiздiң ауыл ана
өзiң бiлетiн Сарноқай тауының етегiндегi Текелi сайында отыратын.
Ия, сол 
қазiргi Текелi қаласы тұрған жер. Өзiңнiң бабаларыңның
зираты бар т
өбешiктiң дəл оң жақ тұсындағы айналасы жарты
ша
қырымдай ғана шағын алаң есiңде шығар. Сол жазықта күннiң
жары
ғы есiктен ғана түсетiн кiшкене дəлiзi бар төрт қабырғалы


саман 
үй тұратын. Сонда мен балаларға құран-қатымды үйрететiн
молдамын. Ж
ұрт оны «мешiт» деп атайды. Ақсақалдар жұма күнi бес
уа
қыт намазын сонда өткередi.
Ауыл iшiнде 
қызылдар мен ақтарды кезек жеңгiзiп, сан түрлi
қауесеттiң тарап жатқан кезi. Бiр күнi балаларды үйлерiне таратып,
құранның есiмде шала-пұла қалды-ау дейтiн тұстарын қарап
отырсам, мына 
өзiң бiлетiн Бəкiрдiң əкесi Жұмажан есiктi ашып тұр.
Мезгiлсiз уа
қытта мешiтке келгенi несi деп таңданғандай бетiне мен
де 
қарап қалыппын. Бiраздан кейiн ғана есiмдi жиып: «Кiрiңiз,
Ж
ұмеке, кiрiңiз» – дедiм.
Ол с
əлем берiп, келiп жаныма жайғасты. Бұйымтайын күтiп
Ж
ұмекеңе қарадым. Алғашқы сыңайынан, сөздерiнен мен оның
м
үлдем шаруасы жоқ, жай iшi пысқан адамның жүрiсi деп ұқтым.
Оны-м
ұныны сөз қылған соң Жұмажанның айтқаны мынау:
– 
Əбеке, өзiңмен бiр сөйлескiм келiп жүр едi. Осы патша құлады
дейдi, жа
ңа заман орнайды, бай мен кедей тең болады дейдi. Соныңа
мен сан рет бас 
қатырсам да, түгiне түсiне алмай-ақ қойдым.
Патшасыз ел бола ма, 
əкем-ау. Бай мен кедейсiз жұрт бола ма? Əлде
бiздi
ң қолымыздағы азын-аулақ малды жарлы-жақыбайларға
үлестiрiп бермек пе? Оған көнетiн кiм бар? Анау жалы тiзесiне
т
өгiлген боз бурыл бием, адамның баласындай көзi жаутаңдаған
соны
ң екi тайы, түгiне майы шығып тұрған тайыншаларым,
соларды
ң бəрiн көзiм киып кiмге бергендеймiн?
Ж
ұмажанның осы келiсi мен сөзiнiң мəнiн көп кейiн ұқтым.
Осында
ғы ауыл менiң молдалықпен бiрге орысша оқуымның да
барын бiлетiн. Кейбiр с
өзуардың «Апыр-ай, орыс оқуы мен мұсылман
о
қуы бұл кiсiнiң басына қалай сыйып тұр? Əрi Алла-тағала
Əбекеңнiң онысын хош көре ме, көрмей ме?» – деп күдiк пiкiр де
тарататын. Бiра
қ жұрт менiң Тəңiрге деген құлшылық сезiмiмнiң
аласыз екенiн 
ұққасын, ондай қағажу сөзге ырық бермейтiн. Молда
деп 
құрмет тұтып, сөз дауы, дiн дауы туа қалса менiң алдыма келiп
ж
үгiнiсетiн.


Осыдан бiраз жыл 
өткен соң-ақ қазақтар «кəмпеске» деп атаған iс
басталды. Небiр ау
қатты дегендердiң малдары айдап əкетiлдi. Асып
бара жат
қан байлығы жоқ болғанмен, өзiн дəулеттi жандардың
санатына 
қосып сөйлегендi тəуiр көретiн əлгi Жұмажанның да
қорасы тазаланып қалды. Мұндайда екi-үш шауып келетiн Жұмажан
бiздi
ң үйдiң есiгiн ашқан жоқ. Əлде Жұмажанды əрбiр болмашы iсте
ыр
қына көндiрiп отыратын, бiрiнен-бiрi асқан көрiктi алты сұлу
қызымен əйгiлi болған ағасы Кəукен жiбермей ме деймiн.
К
əукен де дəулетi жағынан iнiсi Жұмажан тұрғылас адам. Оның
с
ұлу қыздарына құда түспек болып сөз салмаған бiздiң Жетiсуда жан
баласы жо
қ.
Қоныс ауыстырғанда не жайлауға көшкенде Кəукен əр қызын жеке-
жеке т
үйеге мiнгiзiп жүргiзедi. Дүниеге қызықпайтын ол, бар мал-
м
үлкiн қыздары үшiн шашып, үлде мен бүлдеге орап
ұстайтындықтан, олардың көш үстiндегi көрiнiсi алтынмен
аптал
ғандай алыстан жарқырап көрiнушi едi. Стамбул, Петербург,
Орынбор сия
қты аса атақты қалалардан əкелiнген дейтiн неше түрлi
алтын-к
үмiс əшекейдiң бəрiн тағынған қыздар шынында жұрт
к
өзiнiң жауын алатын.
Тiптi «К
əукеннiң қыздарын көремiз» деген жұрт көшiн тоқтатып
қойып, Кəукен көшiнiң өтуiн күтетiн болған. Қанаттыға
қақтырмаймын, тұмсықтыға шоқытпаймын деген осы қыздары үшiн
əкесiнiң көрмеген корлығы да жоқ. Қарттығына қарамастан қолына
найза алып, талай жаушы жiгiттердi
ң бетiн қайтарғаны, əрi жат
сiлтеген шо
қпардан құлап түсiп, басы жарылғаны бар. Аңдыған жау
алмай коя ма, К
əукеннiң бес қызы зорлық күшiмен кiм көрiнгеннiң
жемi болып, зарлай-зарлай бел ас
қан болатын. Сол «кəмпеске» болған
жылы колында жал
ғыз кенже қызы ғана бар Кəукен ауыр құсада едi.
Жа
қын жердегi ағайын-туғандардың бəрi көзiнiң қарашығындай
қыздарынан айрылған Кəукен ақсақалдың қайғысын бiрге көтерiп,
оны
ң құлазыған қамкөңiлдiгiне аяныш бiлдiретiн. Көл-көсiр алыс-
берiсiмiз жо
қ болғанмен Кəукенге мен де жанашыр ағайынның
бiрiмiн. 
Өз бiлуiмше, Кəукен – көңiлiндегi тамшыдай сырды жылдар
бойы кiршiк жуытпастан са
қтай алатын бiрмiнездi тұйық адам. Тiптi


қыздарынан айырылып, кəрi денесi ашынған кекпен қарайған шақта
да, 
үйiне келiп отырған адам оның кескiнiнен тағдыр таңбасын,
м
ұқалғандықты, тауы шағылғандықты байқамайтын.
Малдасын 
құрған күйi қасы-қабағын төмен салбыратып, түктi жуан
сауса
қтарымен жерге төселген киiздi асықпай сипап, шөп қиқымын
тауып алады да, онымен са
ғат бойы жалықпастан мəсiсiн сызғылап
отыр
ғанында ақ мол дендеген қаба сақалы өзiнен-өзi ұзара
т
үскендей көрiнедi.
Та
ғы Кəукен ақсақалдың бабалары аруақты адамдар болыпты
дейтiндi ж
ұрт көп айтатын. Бiрақ бабаларының пəлендей iсi туралы
К
əкеңнiң өз аузынан ешнəрсе естiген емеспiн. Ал оқта-текте адамға
қарай қалса, сұйық көздерi ұзақ сазарып, егжей-тегжейiңдi тегiс
барлап, бiржола сынап ал
ғысы келгендей тапжылмай зықыңды
шы
ғарады. Бiрақ адамға бұлайша қарауы аса сирек. Желкесiнде көзi
бардай-а
қ Құдайдың берген кос шырағын жерден алмайды. Əлде
жаугершiлiк заманда 
өмiр сүрiп, найза ұстаған ұзақ жортуыл ендi
қартайған шағында денесiн зiл қаратас етiп кеткен бе деген де ой
келетiн.
Сол бiр жылы кешегi мешiт 
ұстаған молда маған да шен тидi.
Менi ауылнай сайлар 
қарсаңында жоғарыдан кiсi келiп, ұзақ
əңгiмелестi, жер жайынан, ел жайынан өз аузымнан көп мағлұмат
алды. Жа
ңа өкiметтiң алғашқы бағытын, саясатын түсiндiру үшiн
о
ған елдi жиып бердiм. Ақыры елмен кеңесiп, өзiмдi оңаша
ша
қырып мынаны айтты:
«
Əбеке, кəсiбiңiз молдалық болғанмен, халыққа сасқанда ақыл бере
алатын, 
қиын жерде қисын табатын естияры өзiңiз екенсiз. Əрi ескiше
де, жа
ңаша да көзiңiз ашық, орыс оқуынан хабардарсыз. Ауылнай
етiп 
қалың елге сiздi ұсынсам деп отырмын. Мұнымды ел де, өкiмет
те терiс к
өрмес».
С
өйтiп, мен ауылнаймын. Бұл кезде мен бұрын шала-шарпылау
бiлетiн орыс о
қуына мықтап ден қойдым. Маңыма топтасқан екi-үш
белсендiнi де со
ған итермеледiм. Көп ұзамай-ақ бүкiл өмiрiмде
ұмытылмайтын мынадай оқиға болды. Қораға қасқыр шапқандай бiр


у-шулы к
үн туды: Аңыраған дауыс Кəукен үйi жағынан шықты.
М
ұның сырына бiрден ой жеткiзе алмадым. Сол-ақ екен, бiраз қатын-
қалаш, бала-шаға ұлардай шулап келдi. Олардан ұққаным – мына
к
өршi жайлаудағы елдiң бiр топ жiгiттерi Кəукен ақсақалдың
қолындағы кенже қызы Нағиманы тартып əкетiп бара жатыр екен.
К
əукеннiң емес, өз ордам ойран болғандай.
Не iстесем екен? Ма
ңымда жiгiт-желең, аяқ артар жылқы қарасы да
к
өрiне қоймады. Киiз үйдiң есiгiн асыға ашып сыртқа шықтым да,
к
үн сəулесiнен бүк түсiп, бөгiп жатқан шалғынды кеңiстiкке алақ-
ж
ұлақ көз жүгiрттiм. Айналаны ауыр ыстық құрсап тұрғаңдай.
Аума
ғы тақиядай ғана зеңгiр көк ендi шалқайып алыстап кеткен.
Мазасыз шыбын ызы
ңы, оқтын-оқтын сұңқ ететiн жабайы құстар
дауысы 
ғана тiрлiк нышанынан хабар бередi.
Мен сабыр таппай дал болдым. К
өршi үйдiң он үш-он төрт жасар
баласы барын есiме алып, бiраз жiгiт-желе
ңдi шақыру үшiн солай
қарай жүгiрдiм. Егер заң жолымен, сабырмен ғана қимылдайтын
болсам, ж
өнсiз iстiң уыты өтiп кететiнiн ұғамын. Көршi үйге жете
бергенiмде, о
ң жақ төбеден бiреу атын ойнақтатып шыға келдi. Неде
болса тура бiздi
ң үйдi бетке алып келе жатқан адам. Үстiндегi жаздық
шекпенiнi
ң етек-жеңi қарақұстың қанатындай далбаңдап, атын бергi
ойыс
қа қарай құлдилата косаяқтатты. Кiм де болса менен де бетер есi
шы
ққан жан. Таяқ тастам жерге жақындағанда ғана таныдым.
Киiмiнi
ң пəре-пəресi шығып, басы-көзiн қара тер басып, түсi өзгерiп
кеткен К
əукен екен. Үйiн жау шауып жатқан адамның бұл келiсi
өзiмдi тағы бiр пəле шоғына тастап жiбергендей əсер еттi.
– К
əке, не болды? – деп мен байсалды үнмен алдын тостым.
– 
Əй, өкiмет! – деп менiң саулығымды елеместен, бар күшiмен
а
қырып қалды. – Өкiмет! – Осы сөздi екi рет қайталап айтқанша
ой
қастаған аты сабасына түсе алмай, менi омырауымен екi-үш рет
қағып өттi. – Көктегi Құдайдың əмiрi жүрмейдi? Жердегi Құдай сен
болса
ң, бармысың, жоқпысың?! Соңғы қызығым – кенжемнiң көз
жасын к
өрiп, осы қорлықпен мойныңа қыл шылбыр салып өл дейсiң


бе, жо
қ араға түсер қауқарың бар ма? Ашып айт, шапшаң? Құдай
алдында да, сенi
ң алдыңда да айтар ақтық сөзiм осы!
Ма
ған өстiп қара бұлттай түйiлiп келгенiнде мен сауалына жауап
берген к
үнде де сабасына түсе қоятын жайы жоқ екенiн көрiп
т
ұрмын. Соңғы күш дəрмен, соңғы ашу бəрi де сыртқа шығып, лап
етiп жанып кететiн си
қы бар. Көкiрегi кек пен қара қанға толып
ұйықтап жатқан жаралы аң əлдекiмнiң тепкiсiмен тағы да ашына
оян
ғандай. Мен артық сөзге келгем жоқ.
– К
əке, астыңыздағы атыңызды берiңiз. Өзiңiз осында қалып, бiраз
жiгiттердi менi
ң артымнан тез жөнелтiңiз. Мен бұйырды деңiз. – Осы
с
өздердi дауыстап айтқанымда Кəкең өзiнде артық қайрат жоқтығын
талай 
қорлық үстiнде əбден мойындап болғандықтан ба, ақылға келе
қалғаны. Атынан аунап түстi де шылбырын қолыма ұстата салды.
О
қыс бəсеңсiп қалған. Мен атқа қарғып мiнiп, Кəкең үнсiз нұсқап
қалған жаққа шаба жөнелдiм.
Өзiмiзден бiр шақырым жердегi Кəукен ауылының тұсынан өтiп бара
жатып, жау шауып аларын алып кеткен со
ң ұйлығып тұрып қалған
ж
ұртты көрдiм. Арыны қатты ат үстiнде олардың түр-түсiн ажырата
ал
ғаным жоқ, қолымды бұлғап: «Жiгiттер, артымнан, артымнан
ерi
ңдер, артымнан!» – деп бар дауысыммен айқайладым. Менiң
дауысымды естiгенде 
үйiрiлiп тұрған жұрттың жел майыстырған
шо
қ қамыстай ырғалып қалғанын аңғардым.
К
əукеннiң ағыны қатты аты арық-жыралардан бөгелмей қарғып,
жаушылар кеткен жа
қты иiсшiл иттей өзi аңдып, өңмеңдеп мойнын
ал
ға созып зулап келедi. «Жануар, – деймiн iшiмнен, – тап ендi бекем
бол. Адал а
қы иеңнiң ең құрымаса тап осы жолғы көз жасын тыюға
жарайы
қ».
Ауылнайатым бар. Бас
қа ешқандай бөгде күш-қуатқа сенiп келе
жат
қан мен жоқ. Бүкiл ауылды шулатып, қызын тартып алған жаушы
жiгiттер: «е, мына келе жат
қан Əбекең екен ғой, жарайды бұл келiсiн
сыйлайы
қ, мiнекейiңiз Кəукеннiң қызын алып қайтыңыз» – дей қоя
ма? К
өзi қанталаған есер топтың iшiнен бiреуi қатқан сойылмен
басыма 
қызыл тақия кигiзiп бермесiне кiм кепiл? Тiптi айдалада


с
ұлатып, ессiз қалдырып кетуден де тайынбайды ғой. Артымнан
қуғыншы жiгiттер жеткенше қай заман? Мұндай жасқаншақ ойлар
ызы
ңдаған желмен бiрге жетiп, қаншама мазалағанымен бойыма
дарытпаймын. «На
ғиманы қайтсем де құтқарамын, оған қауқарым
жетедi». Мiне, осындай сенiм 
өзiмдi алға қарай жұлқа тартып, тiптi
қосаяқтап бар пəрменiмен шауып келе жатқан ат үстiнен көтерiп
əкетердей. Қанатсыз жаралғаныма өкiнемiн. Кұс боп ұшып барып
жаушы жiгiттердi
ң ортасына қона қалсам дүние өзгерiп кетердей-ақ.
К
үннiң ыстығы ат үстiндегi алғашқы жүрiсте бiлiнген жоқ, батыс
жа
қты бетке ұстап келе жатқан мен арқамнан өткен ыстық табын
ауылдан к
өп ұзап кеткеннен кейiн ғана сезiндiм. Астымдағы аттың
екпiнiмен самал 
құшағына əлi де ене түскендi тəуiр көремiн. Ендi
кедiр-б
ұдыр қыратты аймақ таусылып, Атанөлген дейтiн атақты сары
жазы
қ басталды. Өзiң бiлесiң, сол Атанөлген жазығында ана «Қызыл
Октябрь» колхозы асты
қты жайқалтып өсiрiп келедi ғой. Ол кезде
к
өгiнде қиқулап құс ұшып, бетiнде тышқан жүгiрген есiз дала
болатын. Соны ортасынан 
қақ жарып келемiн. Жаушылардың жүрген
жолын аны
қ таба алмағаныммен, ұстаған бетiм дұрыс деймiн. Себебi,
асыранды т
өбеттердей барымташы, палуан жiгiттердi ұстағанды əуес
к
өретiн көршiлес белгiлi-белгiлi ауқатты байлардың ауылдары тегiс
ала
қанымда. Бiрiнен болмаса бiрiнен табатыным даусыз. Бiрақ жерiне
жеткiзбей 
ұстауға ынтызармын. «Апырау, неге, қай күшiме сенiп
келемiн осы? Менi айдап келе жат
қан қай ажал?». Осы ой беттен
со
ққан желмен бiрге тағы да мазалады. Бiрақ өлермендiгiм басым.
Əрi Кəукен ақсақалдың майталман жүйрiк жылқысы медеу болды.
Кейде ж
үрiсi жаман кеме үстiнде ел аузында айтылатын
«Барсакелмес» дейтiн арал
ға қарай сырғып бара жатқандаймын.
Тiршiлiктегi к
өрер қызығым, шегер қиянатым, алданышым осымен
таусылып, инедей жылт-жылт етiп к
өрiнетiн пiскен селеу бастары,
к
үннен тобарсып, өлген жыланның қабығы түстес жарқырап жатқан
дала, 
өзiм үшiн батып бара жатқан күннiң соңғы шапағы сияқты.
Адамны
ң шындап қаһары келгенде өлер жерiн аңдамайды. Жаңа
д
үниенiң үнiне құлақ түрген ел, өзiмнiң бүгiнгi биiк беделiм – бəрi
де к
өз алдымнан өтiп, осынау сағым ойнап, кеберсiген даланы қақ


жарып 
өтiп бара жатқан маған құстың қанатын, алыптың қуатын
бергендей.
Өзiм бетке ұстаған жұрттың қонысына тура апарады-ау деген
ба
ғытты көз мөлшерiммен бағдарлап, топатай iлген қаршығадай-ақ
ерге жабыса шауып келемiн. Атан
өлген жазығы таусылып, ендi
құлқайырдың аппақ гүлдерi ала-құла етiп, адамның бойымен таласа
өскен қурайларға толы төбе қойнаулары басталды. Астымдағы ат
қаншама тұлпар болғанымен осы адырлы аймаққа келгенде
тарпая
қтап қала ма деп сескенiп едiм, тек оның ендiгi жолда жаңа
ж
үрiс түзесi екенiне көзiм жеткеннен кейiн ғана көңiлiм орнына
т
үстi.
Екi-
үш белден асқанымда, оң жақта шұп-шұбар құс қанаты iспеттес
таста
қ төскейлi бiр төбенiң жар жақ беткейiнде отырған шағын
ауылды к
өрдiм. Кiм де болса қыз алып қашқан жаушылардың
қарасын көрiп қалған шығар, жөн сiлтеуге жарар деп, аттың басын
солай б
ұрдым. Сөйткенше болған жоқ, төбе-төбелердiң арасын
қуалап өтетiн жылғаға атын суарып тұрған бiр қарт адамды қөзiм
шалды. «Жолы болар жiгiттi
ң жеңгесi шығар алдынан» деген, түсi игi
адам бол
ғай деп тiледiм. Қатты келе жатқан менi көрiп əлгi адам
қамшысын сып еткiзiп сiлтеп, су iшiп болмаған атының тiзгiнiн
тартып, берi б
ұрылды. Қаба сақалды иегiн көтерiп, ормандай тұтасып
бiткен 
қабағының астынан көздерi ескi құдықтың түбiндегi лай
судай м
ұнартып қарайды. Алғашқы сəтте тани қойған жоқ едiм.
Бiрер к
өз шалысқанда ғана есiме түстi. Бұл осы жақтың бiр белдi
адамы. 
Өткен жылы кiсiнiң қолынан өлген бiр баласына маған құран
аударт
қан. «Сауабы мол болсын деп əдейi сiздi алдырдым» дегенi бар.
Қарттың жүзiнде абыржу басым. Менiң жүрiсiмнен шошығаны ап-
ай
қын.
– 
Əбеке, ассалаумағалайкүм, жайшылық па? – Қарт сəлемдi алыстан
берiп, 
əлдебiр тосын пəлеге iштей қарғыс айтқан раймен жүзiндегi
қамкөңiл тiлеулестiк белгiсiн күшейте түстi.
– Уа
ғалайкүмiссалам, ақсақал! Айып етпеңiз, жөн сұрасар жайым
жо
қ. Мен қуғыншымын! Көзiңiзге түссе ашып айтыңыз!


Ауылымны
ң қызын əкетiп бара жатқан топтың бетi қай жақ? Кiмнiң
сой
қан-содыры болса да жетiп арашаламақпын.
– 
Əбеке-ау, сəл басылып, сабыр етiңiзшi. Бұл бетiңiзден шошып
т
ұрмын. Адуын жiгiттер кiмнен-кiмдi айырар дейсiз. Тұнығыңызға
тас т
үскендей ұйқы-тұйқы болыпсыз-ау! Сiз де осындай ма едiңiз?
Құран хатымды үйретiп, қаршадайынан аузыңызға қараған
м
ұсылман баласы үшiн сiздiң орныңыз бөлек едi ғой. Алда-жалда
жазым болса
ңыз жұртыңыздың еңсесi түспей ме? Тым болмаса ертiп
шы
қпадыңыз ба, ауылдың бiраз сайлы азаматтарын?
– Ж
ұрт жиып жүргенге мұршам болған жоқ. Кəукен ақсақалдың
кенже 
қызын шырылдатып əкетiп барады. Соның ақ тəнiне дақ
т
үсiртпей жетпекпiн. Жөн сiлте! Ақ өлiмнiң, жолы осы болса, көндiм
б
əрiне де. Менi бұл бетiмнен қайтара алмайсыз. Қане, сiлтеңiз
жолын!
А
қыра айтқан соңғы бұйрығым ақсақалды ат-матымен қатты
те
ңселтiп жiбергендей. Мiнгенi кеудесi омырылғалы тұрған жардай,
ұзын мойын, кеуек басты бедеу екен. Қарт тiзгiндi өзiне тартқан
сайын ауызды
ғын қарш-қарш шайнап, бəйгеге жарап, бiрақ
қосылмай қалған аттай адамның, мазасын аларлық серпiнмен тұр.
Атымен бiрге иесiнен де то
қсан толқып қиын сəтте бiр шешiмге келе
алма
ған адамның жан тербелiсiн аңғарамын. Бiрақ онда жұмысым
жо
қ. Тезiрек жөн сiлтеуiн тағатсыздана күттiм. Кенет айдалада
жолы
ққан қартыма əлдененiң салқыны тигендей көзi шарасынан
шы
ғып, маған бұрынғыдан да қадала түстi. Оның бойындағы бұл
құбылыс соншама ғажап едi. Əлi күнге дейiн есiмнен кетпейдi.
– 
Əбеке, Тəңiрдiң жазуымен күнiңiз жетсе, сiздi бастайтын ақ өлiм
екенiне сенемiн. Т
өрiмнен көрiм жуық мен де бiр хақ тағаланың
құлымын. Аулыңызды қан-қақсатып кеткен тобырды жаңа ғана
к
өрiп қалып, тұла бойым бiр тiтiренiп едi. Егер артық көрмесеңiз,
қосшыңыз болып ердiм қасыңызға. Ал, Əбеке, уақыт қымбат десеңiз
тартты
қ.
Жанымды ш
үберекке түйiп, көктегi Тəңiрден қарлығаштың
қанатымен су сепкендей болса да көмек тiлеп келе жатқан мен өзiмдi


осындай сыртымнан танитын, ата
ғымды айбар көретiн, түсi игi
тiлеулес адамны
ң ергенiн неге артық көрейiн. Тап бiр сойылдарын
еле
ңдеткен алқа-қотан сайдың тасындай жiгiттерден күш
қосылғандай-ақ жүзiме жау түсiрерлiк ерлiк нұры ойнап шықты-ау
деймiн. А
қсақал менiң «құп болсын» деген сөзiмдi естiместен-ақ
құбыла жаққа құйғыта бердi.
Бiраз жер 
үнсiз шабысып барып қана тiл қатыстық. Жолай қосшы
болып ерген а
қсақал осында ертеректе паналап келген өзге бiр рудың
шашыранды 
үрiм-бұтақтарынан шыққан адам. Есiмi – Тарғақ. Өзiн
осы ж
ұрттықпын деп атағанымен, түбi басқа. Шежiренi жыр ғып
шертетiн бiр 
қариялар сөздiң шиiн шығарып, Тарғақтың ата-
бабаларыны
ң өз жерiне сыймай, осында бiр шеше жағынан туыс
а
ғайындарын арқа сүйеп келгенiн бетке баса берiптi. Көзi ашық,
к
өкiрегi кең Тарғақ оған мəн бермейдi. Бiрақ осыдан бес жылдай
б
ұрын осы елдiң бiр жуаны Тарғақпен жерге таласып, үлкендердiң
алдына барып ж
үгiнiскенде, олар көпе-көрiнеу əдiлетсiздiк iстеп,
Тар
ғақтың ата-бабасынан берi қоныстанып келе жатқан нулы
қонысты өз жуанына алып берiптi. Сөйтiп, қарауында бiр ауыл бар
Тар
ғақ шағын жұртын, кедей-кепшiгiн орналастырар жер таба алмай
қатты қиналыпты. Тiптi онсыз да малдың ағымен күн көрiп отырған
кедейлер к
өп сауын сиырларынан, қой-ешкiсiнен айрылыпты.
К
өкiрегiнде осындай бiр теңсiздiктiң таңбасы бар жан болып шықты.
Əрi өткен жылы маған құран аудартқан үлкен ұлы бай балаларымен
шекiсем деп, соларды
ң сойылынан өлген. Мұны Тарғақ о дүниеде де,
б
ұл дүниеде де кешiре алмайды. Қайнаған кек оның қарт жанын жиi-
жиi от
қа да, суға да салатын көрiнедi. Тiптi менiң осы сапарыма еруi
т
үбiнде маған кек əпер деп қолқа салмақ ниетi ме деп жобаладым. Ол
ма
ған бұл сырды бiраз жер шалып барып тыныс алған жерде
қайталап айтты. Тыныс алғанда бiз өзiмiз де, атымыз да онша
шалды
ға қойған жоқ болатын. Тек Тарғақ маған бiр бұрылыста:
– 
Əбеке, əлгi қыз алып қашқан содыр топ бұдан былай сыдыртып
то
қтаусыз жүре бермейдi. Ендiгi жерде бiр-бiрiне желiмдей жабысып,
бiр-бiрiнен алыс кете алмайтын, сыбыры мен сыры бiрге бай ауылдары
жиi кездеседi. Шап
қыншылар қайтсе де солардың бiреуiнде сəл де
болса саябырламай кетпейдi. Та
ғы бұл пəлекет тап қай ауылдан


шы
ққанын, қызды кiмнiң ауылына апарып түсiретiнiн бiздiң анық
бiлуiмiз керек емес пе? Сонды
қтан да осындағы бiр абыр-дабырасы
мол-ау деген ауыл
ға түсiп, қымыз iшiп, құлақ түрiп шығайық.
Ар
ғысын тағы көре жатармыз, – дедi. Ұтымды ақылға неге қарсы
болайын. С
əл тыныққан соң, делебемiздi бiраз басқандай болып
ж
үрiп кеттiк.
* * *
Келiп т
үскенiмiз – алты қанат iргелi ақ үй. Бiрақ сыртындағы киiзi
кiрше
ң тартып, тартылған баулары үзiлiңкi, айнала iргесiнде мал
ая
ғы жыртып кеткен тесiктер бар. Бұрын бақ дəулетi шалқығанмен,
со
ңғы кезде қоныс-құты тарыла бастаған жандар ма деген ой келедi.
Тар
ғақ қарт маған үй иесiн Шүйдебай деген кiсi деп таныстырды.
Оны
ң өзi бiз үйге кiрiп, төрге жайғасқасын келiп сəлем бердi. Көршi
үйлердiң бiрiнде отырған жерiнен бiздi көрсе керек. Мұндағы
ау
қаттылардың бiр дағдысы кiмнiң болсын байлық, бақ-мансабын
байлап отыр
ған биесiнiң санына қарап бағалайды. Үйдегi жан басы
шамалы бол
ғанына қарамастан, осындағы ауқаттымын дегендерi
өзара бəсекемен сауын биелердiң санын он бес-жиырмаға жеткiзедi.
Əр үйдегi малшы-жалшы дегендердiң басындағы жылдың осы
мезгiлiндегi 
үлкен бейнет – бие сауу. Үй иелерiнiң: «Бие сауымы асып
кеттi, 
құлындар мама ағашқа оралып қалды», – деп қиқу салып
жат
қанын да жиi естисiң.
Ш
үйдебайдың бəйбiшесi ауыл жақта жоқ көрiнедi, өзi барып бiр
тегеш 
қымыз алып келдi. Бұл кiсi де менi сырттай танитын болып
шы
қты. Асты-үстiмiзге түсiп, мейiрiм, iлтипат көрсете бастады.
Ш
үйдебай ұсынған үлкен тостаған қымызды Тарғақ асықпай алып,
ұрттай бастады. Өзiме қымыз батпады. Бiрақ қазақ салтында
ұсынған қымызды iшпеу – табақты аяқпен тепкенмен бiрдей. Өзiмдi-
өзiм зорлап тарта бастадым. Бiздiң бұл үйден бар бiлгенiмiз: кеше
ерте
ңгiсiн осындағы көршi байдың бəйбiшесi қашатын қыздай
қызыл-жасылды киiнiп, «Балпық əулиенiң моласы» дейтiн жердегi
ауыл
ға кетiптi. Тағы бiраз адамдар Жолдыбек деген байдың
ша
қыруымен кеше кешкiсiн топ-тобымен жүрiп кеткен. Басқа тосын
ж
үргiншi олардың көзiне түспеген. Осы бiлгенiмiздi қанағат тұтып,


ендiгi отырыс
қа бөгелмей, Тарғақ ақсақал екеумiз қабақ қағысып
қана орнымыздан тұрып, Шүйдебаймен қоштасып ары жүрiп кеттiк.
Бетiмiз – сол Жолдыбектi
ң ауылы. Əрi жолдағы онымен сыбайлас
ауылдарды баса ж
үрмекпiз. Бұл жаққа қандай себеппен екенi есiмде
жо
қ, «кəнпеске» əлi келе қоймаған болатын.
С
өйтiп, Құдай оңдап, бұл бағытымыз тұп-тура болып шықты.
Ш
үйдебайдың ауылынан ары бес-алты шақырым жер жүргенде-ақ,
жан-жа
қтан андыздап келiп сұлап түсiп жатқан төбелердiң ортасына
бiткен к
əл тəрiздес жазықтау жерде отырған қалың ел көрдiк.
Сырттан 
қарағанда той болып, ат шаптыратын ауыл ма дейсiң.
Самаладай а
қ үйлердiң ара-арасында мама ағаштарға немесе
қалмақша бiр-бiрiнiң тiзгiндерiн байластырып қойған ерттеулi аттар,
жер оша
қтан шыққан будақ-будақ көк түтiн, қызыл-жасылды киiнген
қыз-келiншектер қозғалысы – бəрi оқыстан көрiнген таң-тамаша
суреттей к
өзiмiзге басылды. Бiз тiзгiн тартыстық. Тарғақ иегiн
к
өтерiп, қалың қабақ астындағы нұрсыз жанарын сол жаққа
қадайды.
– Апыр-ай, б
ұл Жолдыбектiң өз аулы емес, оған əлi төрт-бес
ша
қырым бар ғой. Бұл – Жолдыбектiң жиен iнiсi Күнболдың ауылы.
То
қта, Күнбол негiзiнде Жолдыбектiң тумаса да туғандай iнiсi, əрi
соны
ң айдап салуымен тiрлiк кешiп жүрген жан. Əлде Кəукен
бай
ғұстың сорлы қызы шырылдап қолды-аяққа тұрмаған соң, оны
ж
өнге келтiрiп алайын деп жаушы жiгiттер осында түстi ме екен?
Ж
үрiңiз, Əбеке, бұл ауылдан аттап өтiп кетуге болмайды. Əуелде
«жаутосты дейтiн жер» осы болмасын.
Астымда
ғы атты бүйiрiне үзеңгiнi қадай тебiнiп қалдым. Ол
қайықтай лып етiп жылжи жөнелгенде, Тарғақтың «жау тосты дейтiн
жер» деген с
өзi кеудемнен коса соғып, əлденеден құлағыма қайтадан
кеп естiлiп, о
қыс сезiм тұла бойымды тiтiркенттi.
Менi осы ара
ға дейiн əкелген ерлiк құйыны қауiптi жар жиегiне дейiн
жеткiзiп салып, 
əп-сəтте-ақ жоқ болған сияқты. Апыр-ау, шынында
солай ма? Денем неге 
қалтырай бастады? Əлде кеудеме орнап алған
ажал д
үрсiлi ме? Қарсы алдымда ауыл, күн сəулесi ойнаған ақ керiш
т
өбелер тербелiп-тербелiп кетедi. Ендi бiр сəт көкте шақырайған


к
үндi шел басып, сұрғылт бейуақ орнағалы тұрғанға ұқсайды.
Сол
қылдақ арбадай ойлы-қырлы жердегi ат жүрiсi болмаса, төрт
құбыла тегiс маған қорқыныш болып анталап, əлдененiң салқыны
тиген адам болар ма едiм, кiм бiлсiн. Бiра
қ ешнəрсенiң ырқына
берiлер м
ұрша жоқ. Жау қарасы алдымызда. Басымдағы бақ-абырой,
қазақ баласына құран хатымды үйреткен атағым, басқа бөгде
қауқар-қайратқа сенiп келген мен емес.
Бiз ауыл
ға жеткенде сырт кiсiге үруден əбден жалығып, үнi
қарлыққан тайдай-тайдай қызыл сары иттер алдымыздан шығып бiр-
бiр арп етiп, «аманды
қ айтқандай» болды да, «жə, ендi сiздерде
ж
ұмысымыз жок, думан мерекелi ауыл ғой, түсiп жайласыңдар» деген
пiшiнмен жай-жайына кеттi. Сыртта ж
үрген бiрен-саран қарт адамдар,
т
үтiндеген ошақ басындағы əйелдер аңтарылып бiзге қарап тұр.
Сiр
ə, бiздiң келуiмiздiң тегiн емес екенiн ұққандай арттарындағы үй
жа
ққа қарасып қойғанын аңғарғандай болдым. Тарғақ шал маған
к
үбiр етiп оң жақ кермедегi аттарды нұсқады:
– 
Əбеке, қараңызшы, жаушы жiгiттердiң тап осында түскенi анық.
Ана аттарды бай
қайсыз ба, үстерiне су құйғандай. Қыз да тап
осында.
Бiз екi-
үш шағын үйдiң iргесiн дүрсiлдетiп өтiп, ортадағы ақ үйге
беттедiк. Ендi 
ғана анық болды. Екi-үш қарттау адам мен жерошақ
басында
ғы əйелдер қарсы алып, амандық бiлдiрудiң орнына, бiзден
к
өзiн алмай үлкен үйге қарай койнына құрт жасырған адамша
сыр
ғып бара жатты. Мен жақындап келiп бiр ақсақалдан:
– К
үнболдың үйi қайсы? – деп дауыстаңқырап сұрадым. Əлгi шал
менi таны
ғанда түсi бұзылып, шегiр көзi шақшиып, құлақ-шекесiне
дейiн, а
ғы басым қасы-қабағының, иегiнiң ара-арасына қызғылт
ж
əне сұрғылт бояу тарап, тез сəлем берiп үлгердi.
– Ассалаума
ғалайкүм, Əбеке. Күнболдың үйi осында, – деп қипақтай
қалды.
Бiз 
өзiмiз шамалаған үйге тақап келгенде бiрен-саран бастар есiктен
шошайып шы
ғып тұр едi.


– К
үнбол бар ма? Шығып жолығып кетсiн!
Үй iшiндеғi күбiр-күбiр əңгiме басылып, құлаққа ұрған танадай
тынышты
қ орнай қалды. Топырласып бiраз жiгiтжелеңдер, сүйретiлiп
екi-
үш кемпiр шыққаннан кейiн ғана үй иесi, ауыл иесi-ау деп
шамалау
ға болатын iрi сүйектi егде ер адамдардың бастары көрiндi.
Шы
ққандардың ортасынан атжақты, ұзын мойын, жүзi қып-қызыл
нарттай, тобы
ғына дейiн жететiн ақ-сұр шапанды желбегей жамылған
с
ұңғақ денелi қасқа бас бiреуi бөлiнiп, бiзге жақындай бердi. Жүрiсi
т
үзу, қысқа етiп қырыққан ақшыл күтiмдi сақалы жансыз иекке
бiткенге 
ұқсайды. Көзiнен отты қаһардың сəулесiн аңғарасың.
– Ассалаума
ғалайкүм, Əбеке, келiсiңiзге қуаныштымыз. Үйге түсудiң
орнына сырттан ша
қырғаныңыз қалай? Сапарыңыз оң болсын.
– Уа
ғалайкүмассалам, осы ауылдың иесi Күнбол сiз болсаңыз, мен
қонаққа не құран аударуға келгем жоқ. Молдалықпен емес, бүгiн
туын тiккен 
өкiметтiң өзi болып келiп тұрмын. Бес қызынан бiрдей
айрылып, онсыз да к
өңiлi жарым Кəукен ақсақалдың соңғы
қарашығын əкеткен жаушы жiгiттер осында түстi деп естiдiм. Сол
қызды арашалау үшiн келдiм. Жəне ана жаушы жiгiттерiңiздiң қол-
ая
ғын байлап алдыма салып бер!
Үй-үйден қарақұрым болып шығып, бiздiң қарсы алдымызда айнала
жиылып 
қалған жұрт менiң жауша тиердей болып келiп тұрғаныма
қатты аңырған күйде. «Кəнпеске», «Кеңес,» «Өкiмет» деген сияқты
с
өздер мазасыз ескен лептей жиi-жиi жетiп тұрған ауылдың секем
ал
ғыш болуы да түсiнiктi. Сол жағын да өз пайдама жаратпақ ойым
бар.
К
үнбол жүзiнен ешқандай белгi бермей, қатып қалған күйде менен
к
өз алмай қарап тұр. Арт жағынан бiрте-бiрте иiрiлiп қалың топ
болып, т
ұтасып қалған жұрт Күнбол белгi бермейiнше, артық сөз
т
ұрмақ саусақ қимылдататын емес. Мен бар қаһарымды Күнболға
т
өкпекпiн. Артымда тұрған Тарғақ қарияның жайын барлауға
м
ұршам жок.
Бай
қаймын, Күнбол əлдене ойына түскендей болып жұмсаратын
кейiп бiлдiрдi. К
өз қарасы да өзгерiп сала бердi.


– 
Əбеке, атағыңыз, есiмiңiз бəрiмiзге таныс, бiрақ сiзбен дəл осылай
бетпе-бет келем 
ғой деген ойымда жоқ едi. Сiз қуғыншы болып, мен
құныкер болып, осынау қалың ел алдында масқарамыз шықпақ па?
Қуғыншы болу сiзге де лайық емес, құныкер деп текке дауға қалмақ
менi
ң де ойым жоқ. Бiз тек туысқандық парыз өтеп, қонақ күтiп
жат
қан ауылмыз. Көршi отырған ауылдың қызын ұрлайтын кəсiбiмiз
жо
қ. Түлкi ашуын тырнадан алып жүрмесiн. Онан да түсiңiз, қадiрлi
қонағымыз болыңыз, өзiмiз құрметтеп аттандырып саларлық
жа
ғдайымыз бар. Сiздiң шариғаттық үлгi-нұсқаңызды мынау жұрт
естiгiсi келедi.
– Жо
қ, Күнбол, бəрiне де рақмет. Құныкердiң өзi емессiң, бiрақ сол
құныкердiң бiр бел еткенi сен боларсың. Шариғатты сұрасаң,
жыла
ған көз жасынан жаның қаймықса неттi. Кедей, Кеңес өкiметi
бiздi
ң жерiмiзге келiп жеттi. Соның қанатының желпуiнен аман
қалармын деп отырмысың. Бұл қайткенiң, Күнбол? Егер тап осыдан
қызды тауып беруге жарамасаң, содыр жiгiттерiңдi қол-аяғын байлап
алдыма салмаса
ң, бас құныкерiм, Күнбол, сенсiң. Айтпады деме, кəрi
басы
ңның қоршылық көрмеуiн алдын ала ойла!
Менi
ң осы сөздерiмнiң қарсы алдымдағы Күнбол үшiн де, жұрт
үшiн де жарқылдаған найзағайдай айбаты бар едi. Оны əсерiнен
т
үйсiндiм. Кенет Күнбол жұрты оның қанатының астынан бытырай
шы
ғуға қамданғандай ретсiз қозғалақтап, тамағын кенеушiлер
к
өбейдi. Əсiресе, жұрттың арт жағынан маған маңғаз қабақ астынан
қарап тұрған екi-үш иықты дəу жiгiттерден секем алғандай едiм.
Бiра
қ олар да ештеме емес. Күнболдың тап желкесiнен бiреудiң
қатқыл даусы естiлдi. Бұл көзi үңiрейiп, iрiңдеген, бiрақ сақалы қап-
қара арық шал едi.
– Сiздi
ң атыңызды бiз де естушi едiк, Əбеке! Сiз осы шариғатты
өкiметтiң мансабына айырбастағансыз-ау деп қорқып тұрмын.
Ж
өнiңiздi айтыңызшы, келiн боп үлкен ауылға түскелi отырған
қызды əкетерлiктей не қауқармен келiп тұрсыз? Егер құныкер
iздесе
ң оны да айтайын. Ақтылы қойдың иесi, жер қайыстырып
жыл
қы айдаған, басынан бақ, алдынан сауық, сəн-салтанат кетпеген


Жолдыбек бай. 
Қазiр бүкiл ауыл болып барып қызды үйiне
т
үсiрмекпiз.
Жолдыбектi
ң есiмi аталғанда көз алдымнан жылан ысылдап өткендей
т
ұла бойым қатты түршiккенi. Байқаймын, жұрт бұрынғыдай емес,
əр жерiнен сөгiлген мұздай ыдырай бастады. Қырағы көзiн менен
алмай т
ұрған Күнбол да жайына қалып бара ма деймiн. Сөз ендi
к
өпшiлiкте. Күнi бойы аптап ыстық басқан даланы қақ жарып
өткенiм ендi сезiлiп, басым меңзiп ауырып, көзiм қарауытқанға
ұқсайды. Осы тұста артымдағы Тарғақ қария шыдамады-ау деймiн,
тама
ғын кенеп жiберiп менiмен қатарласа түстi де, сөз тастады:
– Ау, ж
ұртым, сөзбен бояғанды көзбен бояуға болмайды. Ел-жұртта
намыс та бар шы
ғар. Бiрақ бастағы қандай пəлекет ниеттi болмасын
а
қылға жеңгiзген жөн. Ал сiздердiкi тап жегiдей жеген намыстан
ту
ған нəрсе деп кiм айта алар. Қайта сол намысты өз қолдарыңмен
берiп т
ұрған жоқсыздар ма? Жолдыбектiң үйiне бүкiл ауыл болып
қыз түсiрерлiктей соншама ата-бабамыздың салтында жоқ, мұндай
н
əрсенi шығарған кiм? Тағы бүгiнгi Жолдыбек кешегi Жолдыбек
емес. 
Ұлан-асыр қазақ жерiндегi бай-манаптың белiн сындырып келе
жат
қан «кəмпеске» мұнда жеткен кезде Жолдыбек те бiр, қаққан
қазық та бiр болып суырылып қалмай ма? Осы көпшiлiктiң өзiндiк
тол
қуы, жан құйыны болуға тиiс емес пе?
– Ей, мына найман
ға кiрекеш болып жүрген сорлы не қыл деп тұр,
аны
қтап бiлейiкшi.
– 
Əй, Тақа, кiмнiң сойылын қоқаңдатып тұрсың, жөнiңдi айтшы?
Ойда жо
қта жел тұрғандай гуiлдесiп кеткен жұрт Тарғақ қарияны
с
өзден қақты. Оның да өлермендiгi кем емес екен. Көпке топырақ
шаш
қысы келгендей ақыра сөйледi:
– 
Əй, халқым! Халқым дегенiм – осы тұрған баршаң. Тек кiсi
өлтiргiш сойыл соғарларың емес. Халқым, елiм-жұртым, саған
айтам. Осы бетi
ңмен түңiлте бермексiң бе? Ақкөз содырлардың
қолынан қыршынынан киылған ұлымның қаны мына кеудемде
қатқалы көп болды. Оны сен де ұмытпаған шығарсың. Өлiм
үстiндегi даланы жаңғырықтырған ащы айғайы құлағыңда ма?


Ұлымның қазасына күңiренiп жылағанымда, ей, ақ жүрек көңiлшек
хал
қым-ай, басыңа iс түскенде ғана бiлесiң-ау, сонда менiмен бiрге
белi
ң шойырылғандай болып еңiрегенiң қайда? Сондағы көз жасы
шын аяушылы
ғыңнан, қаза көрсе шыдамас көңiлшектiгiңнен туған
едi 
ғой. Ендi тағы бiр қазаны өз қолыңмен əкеп бермексiң бе? Ей,
К
үнбол, осындағы көшбасшысы өзiң болсаң, халқыңа ақыл бер, ел
iшiндегi тентек сой
қандарыңа тыйым салуға көмектес. Жоқ əлде бар
жа
қсылықты Жолдыбектен табам деп отырсың ба? Жолдыбектiң арам
н
əпсiсi саған дəрi болмақ па?! – деп Күнболды қылышпен ұрғандай
қатты қағып өттi. Бұл араға дейiн Күнбол қатты өзгерiп, көздерi
шапыраштанып, 
қаһар мен мүсəпiрлiк көз iлестiрмей алмасып
т
ұрған сияқты. Əлде Тарғақ қарияның айтқаны көктегi
Жарат
қанның қатал үкiмiндей естiле ме, Күнбол оны солай қабылдай
ма?
Екiлене т
үскен Тарғақ қарияның даусы бөгде нəрсеге ұзақ елеңдетiп
қоя алмайтын едi.
– Егер д
əрi болса Жолдыбек жылатқан əйел баласының көз жасы аз
емес едi 
ғой. Бiрақ Күнбол емес, халқым, ең алдымен саған айтам.
Т
əңiрдiң ақ iсiн бiр iстеп қал тап осы арада. Əкелген жаушылардан
арашалап 
қызды алып бер қазiр.
– Е
һе, мынау қатты кеттi ғой тiптi.
– М
ұның сөзi мен өзi бөлек боп тұр бүгiн, – деген кəрi-жастың
қатқыл үндерi дəл көз алдымыздан шығып жатты. Анталаған жұрт
бiзге м
үлдем жақындай түстi. Тiптi кейбiр епетейсiздерiнiң қолы тидi
ме, астымда
ғы ат басын көкке шұлғып қалып, мөңкiгiсi келгендей
мойнын жерге к
үшпен созып, қолымнан тiзгiндi жұлып əкете
жаздайды. Кейде к
өз алдымда өзiмiздiң күнделiктi тiл табысатын
қазақ жұрты емес, жандарына қанжар iлiп, езулерi құлағына жеткен,
бастарына ш
үберек байлаулы, тор құрып келе жатқан жырынды
топты елестеттiм.
К
үнбол қасындағы екi-үш адам менiң арт жағымнан келе жатқан
бiреулердi
ң қимылын байқағандай көздерiн жəдiгөй кiрбең шалған.
Бiра
қ маған төнген сұмдық салқынынан өздерiнiң де аман қалмасын


т
үйсiне ме, осы бiр ойсыз сəттен шешiм тапқын деп Күнболдың
аузына 
қарасып, ебелек қаққанға ұқсайды. Топ арасынан, əсiресе,
артта
ғы жаулықты кемпiрлер жақтан ауық-ауық көрiнiп қалатын
иы
қты ожар бастар, Күнбол қасындағы қыбылжыған шалдардың
секемшiл к
өздерi өзiме, өз еркiмен келiп отқа түскен Тарғақ қарияға
т
өнiп тұрған бiр хауіп барын аңғартады. Ең арттан қаумалай келiп
т
ұрған жүдеу өңдi, жүдеу киiмдi жұрт та бар. Бiразы болған жайды
қызық көргенсiп, алға бiзге қарай ентелесiп, қатулы үн қатып
қалғандардың өзiн ығыстырып өзеурей түседi. Менiң уақыт
ұттырмай тағы сөйлеуiм керек болды.
– Ей, ж
ұртым, халқым! Сенiң мейiрбанды жүрегiң, ақ адал
к
өңiлшектiгiң адамды қашан тебiрентпеген. Мынау өздерiңнiң
азаматы
ң, Тарғақ қарияның жаңағы сөздерi менi де қатты
тол
қытып, шымбайыма батты. Қаза көрсе бауыры езiлетiн, халқым-
ай, сол 
қазаның алдын алуды бiлмейсiң-ау! Бес қызынан қабат
айырылып, ендi, мiне, тап б
үгiн өзiнiң соңғы қарашығынан көз
жаз
ған Кəукеннiң тағдыры, анау қолдарыңдағы Нағимаш
құзғынның жемтiгi болмақшы, соның тағдыры – бəрi де қазамен
ая
қталатынын бiле тұрып, неге бiр қам жасап қалмайсыңдар...– Осы
с
өздерiмнiң саясаттан ба, жоқ Тарғақ қарияның сөздерiнiң əсерiмен
бе, 
қалай туғанын өзiм де бiлмеймiн, тек алғаш келген беттегi
айбатымны
ң бəсеңсiп қалғанын түйсiнемiн. Сөзiмдi аяғына дейiн
жеткiзе ал
ғам жоқ, Тарғақ қарияның «əй» деп ышқына айқайлап
қалған дауысы мойныма оралып түскен қыл арқанмен қабат келiп
жеттi.
Үзеңгiден қалай аяғым шығып, ер үстiнен қалай құлағанымды
бiлмеймiн, к
өзiм қарауытып, құлағым тұнып барып есiмдi қайта
жи
ғанымда, атымнан бес-алты қадам жерде басымды екi-үш адамның
тiзесiне тастап шал
қалай отыр екем. Жұрт үн-түнсiз бе, жоқ құлағым
ешн
əрсе естiмей ме, ол жағын ажырата алмаймын. Ашық аспан,
жердегi 
қыбыр-қыбыр бəрi сол қалпында. Тек менiң ғана көзiм
əлсiн-əлсiн қарауыта бередi. Тағы ешнəрсе естiмеймiн. Жердегi
к
үйбең тiршiлiктiң барлық қасiретi өз мойныма қыл арқан болып
орал
ғанын түйсiнемiн.


Осы 
қалыппен бiраз уақыт өтiп кеткенге ұқсайды. Жоқ, мен
қателесiппiн. Құлағым сау, бəрiн естимiн, тек мынау жұрт бiр-бiрiмен
сирек с
өйлеседi. Тарғақ қарияның дауысы алыстан талып естiледi.
Бiра
қ ол мың құбылған үнге басады. Оны бiреулер ара тəрiзденiп
келiп, шу к
өтере түскiсi келген ниетпен мүлдем сиқырлы етедi. Əкем-
ау, мен осы ауыл
ға түсiмде қуғыншы болып келiп тұрмын ба?
Ж
үрегiм қуаныштан жарыла жаздады. Мұндай сұмдықтың түс
бол
ғаны қандай жақсы? Бiрақ мiңгiр-мiңгiр ызың мен шу. Кенет
са
ңырау құлағым ашылғандай, дүние шаң-шұң, дабыр-дұбыр етiп
барылдап кеттi. К
өзiмдi тесiп шақырайған күн сəулесi, осындай есiм
ау
ған шақтағы дəрменсiздiгiм – бəрi жиылып кеп буын-буынымды
құрыстырып əкеткендей тағы да талықсып кеттiм. Қайта ес жидым.
Жо
қ, ендi бұрынғыдай емес, есiм жинақы. Күнбол ауылының барлық
жол-жорал
ғысын сол қалпында түйсiнiп жатырмын. Ат үстiнен
ұшырып түсiрген ожар жiгiттердiң өзiме төнген иықты денелерiн, ақ
ш
үберек байлаған бастарын, көктегi күн сəулесiн ары-берi қиып
өткендегi қимылын, кешегi мешiт ұстаған «молданың» аруағын
ойласып, с
ұмдық түс жорығандай болып жүрген жұрт пейiлiн –
б
əрiн сол қалпында көрiп жатырмын ба, елестетiп жатырмын ба, əлде
бiреу осыны
ң егжей-тегжейiн əңгiмелеп, көкейiме құйып жатыр ма,
ол жа
ғына ақыл жеткiзе алмаймын.
Бiреу басыма су 
құйып жiбердi. Бұдан өзiмнiң оңала түскенiмдi
сезiнем. Та
ғы да құйса екен мұздай суық суды. Иə, тағы да құйды.
Бiра
қ ол тым аз бүркедi. Есiм ауып қалғанын бiраз оңалған соң ғана
а
ңғардым. Көзiмдi ашып, кеудемдi, мойнымды сипалағанымда
мана
ғы оралып түскен арқанның қайда екенiн таба алмадым. Тек
басымды с
үйеп тұрған жұмсақ алақандарға ғана қолым тидi.
Ал
ғашқыда шулаған жұрттың сөзiнен ешнəрсенi ажырата алмап
едiм, ендi б
əрi де құлағыма айқын жете бастады. «Құдай», «өкiмет»
деген с
өздер бiр-бiрiмен жағаласа естiледi. Тағы да Тарғақ даусы.
Бiраздан со
ң қаумалаған жұрт менi тұрғызып алды. Сап-сау қалпыма
келдiм. Бай
қаймын, Күнбол ауылының маған деген көзқарасы
м
үлдем өзгерiп кеткен. Барқыт шапан киген, жүздерi алмадай қызыл,
а
қшыл шоқша сақалды екi-үш қарт адам нала жүзбен менiң қасы-
қабағыма қарап, бiлегiмдi ұстай бередi. Жаңа басымды алақанымен


с
үйеп отырған осылар екен. Төрт-бес ақ жаулықты кемпiрлер де
ма
ған ер адамдарының ту сыртынан шошыған жүзбен көздерiн
үшбұрыштандырып, состия қарайды. Олардың ар жағында жылқы
iшiнен б
өлiнiп алынған ала құладай, неше түрлi киiмдi, торғын
шапан мен шидем шекпен кигендерiне дейiн 
əйел, еркек бəрi аралас-
құралас болып ерсiлi-қарсылы жортып жүргенге ұксайды.
А
қсақалдар маған:
– 
Əбеке, тынышталыңыз, келген жолыңыз оңғарылды. Тек өзiңiзге-
өзiңiз келiңiзшi. Тəңiр-Алла сiз сияқты өзiнiң сүйген құлына
рахымын да жiберiп 
үлгердi, – дейдi.
«
Қайдағы рахымын жiбердi, не деп тұр бұлар?»
– Жо
қ, оларды да алдыма салып бересiң. Кешегi менiң үлкен
ұлымның өлiмiне су бүркiкендердiң бiрi – осылар. Неге, қайтамын
бетiмнен! 
Қайтпаймын! Қайт деп қалай айтасың?
О
ң жақтағы ақ үйдiң тасасынан естiлген Тарғақтың осы сөздерi
менi б
ұрынғыдан да оята түстi. Ол өршеленемiн деп өз титығына өзi
жеткендей. «А
қсақал, сабыр, тыныштық» деген сыңаймен оны
қаумалап тоқтата алмай жүрген кəрi-жас, қатын-қалаш – бəрi жапа-
тарма
ғай болып жатыр. Мен дүниенiң күрт өзгерiп кеткенiне қатты
та
ңым бар. Апырау, бұлар бiздi талап жеп болатын уақыты жеттi ғой.
Ау, ана пыша
қ жалаңдатып кеп тұрғандай Тарғақ қарияның аяғына
жы
ғылардай мына тобырға ненiң салқыны тидi? Менiң дал болған
т
үрiмдi аңғарған қасымдағы ақсақалдардың бiрi iрiңдеген көзiн
ма
ған тақай келiп, мiңгiрлейдi:
– 
Əбеке, жаңа Күнбол Жолдыбек ауылына кiсi жiберiп алдырды.
Жолдыбек 
қызды аман-есен ауылына қайтарсын дептi. Құдай жолын
ұстаған, əрi жаңа өкiметтiң иесi сiздей адамның айбатынан қорықса
керек. 
Əрi мына бiздiң Күнбол да қу ғой. Жаңа мына iс насырға
шауып бара жат
қанда осындағы тəңiрiнiң адал жолын ғана бiлетiн
мына ж
ұрттың өзiне қырын қарай бастағанын сақтықпен сезiп
қалып, өз басын қызғыштай қорыған байғұс; «Ау, жұрт, Жолдыбек
бай
ға кiсi жiбердiм, не жауап айтса солай болсын, əйтеуiр мен
аманмын», – деп жар 
құлағы жастыққа тимей жар салды.


И
ə, сонымен осы оқиға бiттi деуге де болады. Бiз қызды алып
қайттық. Ақ кимешектерiнiң артқы етегi кебiстерiне оралған небiр
жасамыс кемпiрлер дiлдалап алып шы
ққан Нағима тап бiр өз еркiмен
келiп, келiн болып т
үскен үлкен үйдiң барлық асылын бойына
iлгендей-а
қ көйлегiнiң етегi аяғын жауып бiзге қарсы толықсып келе
жатты. К
өзiнен көл боп аққан жасты, əрi жол бойы ер үстiнде
ұйпалақтанып көрген азабын мынау жасамыстар демiмен үрлеп
кетiрiп, бiздi
ң алдымызға қаз-қалпынан аумаған күйде алып келуге
тырыс
қанын аңғардық.
Тар
ғақ қария болса, осы қызды алып келген жаушыларды да
қолаяғын байлап, алдыма салып бер деп көп лаң салды. Менiң есiм
ауып, бiр са
ғаттай жатып қалғанда, ол өзiне тиген соққыны оңай
к
өтерiп, əрi Жолдыбектiң сəлемiн естiп күшейiп, қатты киғылық
салса керек. Тiптi 
өзiнiң қайтар жолда айтқанындай, тап осы арада
кешегi 
қолдан өлген үлкен ұлының қазасы үшiн келешекте кiмнен
жауап с
ұрайтынын да егжей-тегжейлi бiлiп алыпты. Есеңгiреп қалған
мен 
қызды аларын алдық, жаушыларын қайтейiн, Тарғақты
к
өндiрдiм де, жүрiп кеттiм.
Бiздi ел болып 
қарсы алды. Ендi бiразда артымыздан қол жiбермек
болып жiгiттер сайлап жат
қан əбiгердiң үстiне келдiк. Кəукен байғұс
На
ғимашын аман-сау алып келгенiмiздi көргенде, бiраз уақытқа дейiн
өзiне-өзi келе алмай еңкiлдеп, денесi бiр уыс болып, қатты бүгiлiп
қалды. Алты бiрдей қызына өз көркiн үлестiрiп берген аққұбаша,
қабағы көтерiңкi, сұлу кемпiрi Бүлiс қызының мықынына басын
с
үйеп отырып, дауыс айтты.
Пана еттiм жар басын,
Т
əңiр Алла жолдасым.
Ша
ңырағымды күл қылып,
К
үндiзiмдi түн қылып,
Қан тобыр жаушы əкеткен
Келдi
ң бе аман, қарғашым!
Алты бiрдей ж
ұлдызым,


Е
ң кенжесi – құндызым.
Осы бiр 
қайғы мен қуаныш аралас аза үстiнде бүкiл елдiң қабырғасы
қайысып, еркек-əйел бəрi жылады. Бұрын көзтаныс емес ауылға
ал
ғаш келiп тұрған Тарғақ қарияның да көңiлi босады. Қалың
қасты қабағы төмен салбырап, екi иығы еңк-еңк етiп дем алып,
қарттың мұң мен зардың сараң белгiсiндей қаба сақалының ұшынан
екi-
үш нəркес тамшы домалап түстi. Кəукеннiң төрт қанат үйiнiң
т
өрiнде өзiмен өзi оңаша жылап отырған оған ауыл адамдарының
бiразы 
қамкөңiл жүздерiнде ынтық отын жылт еткiзiп, қарасып та
қалған. Менiң аузымнан Тарғақ туралы мəн-жайды ұққан соң ғана
о
ған жылы ұшыраушылар көбейiп, азалы жауынгер қарт осы жұртқа
о
ңай сiңiсiп кеттi.
Өз көңiлiм көп босай қойған жоқ. Күнбол ауылында мойныма
т
үскен қыл шылбыр зардабынан əлсiн-əлсiн көзiм қарауыта бердi.
Тама
ғым мен екi иығымның тамырлары қатты шымырлайды. Iш
құрылысыма да зиян келген бе деп шошимын. Осынау жылау
ортасында да 
қиналған басыма зу-зу етiп неше түрлi жаман ой, көз
алдыма ажал елесi т
əрiздес қара шымылдық орнап қатты
мазасыздандым.
Тар
ғақ қария бiздiң үйде, Қəукендiкiнде екi-үш күн қонақ болып
аттанып кеттi. Ойда жо
қта жорық үстiнде қосылған Тарғақ жəне
К
əукен үшеумiздiң арамызда арылмас, ажыраспас туыстық пайда
болып едi. Б
ұл туыстық мəңгiлiк жолдас, сүйенiшiмiз болсын деп ар
алдында, 
Құдай алдында серттескен едiк. Бiрақ тағдырдың жазуы
олай болмады. К
өп ұзамай-ақ Тарғақ қария дүниеден баз кештi.
И
ə, қарағым, бұл дүниеден кiмдер өтпеген. Бiрақ Тарғақтiкi жай
өлiм болмады. Өзi кiсi өлтiрiп, кiсiнiң сұр жебесi көкiрегiн тестi.
Ол кезде «
Əбекең Кəукеннiң кенже қызын жау колынан тартып
əкелдi» деп ел шулап, менiң атағым одан сайын қатты дабырайған
едi. М
ұның өзi ауылнайлық жұмысымның тауқыметiн тiптен
к
өбейттi. Осы өңiрдегi бүкiл қазақ дауы менсiз шешiлмейтiн халге
жеттi. Атамыз 
қазақтың басында қаншалықты шиыры қалың сордың


бар екенiн б
ұрын бiлмеген екенмiн. Бiр күнi Тарғақ қарияның суыт
ж
үрiспен кеп қалғаны. Түгi сыртына шығып, жүзiнде арыстанмен
алысып келген адамны
ң екпiн-лебi бар.
– Та
қа, жайшылық па?
– Жай емес. Жай болса 
өстiп жүремiн бе? Ендi өлсем де арманым жок.
Жау 
қолынан өлген ұлымның қасына арланбай бара аламын.
– Не болды, Та
қа? Мына айтқан сөзiңдi түсiнбедiм ғой, – деп досжар
қимылмен екi иығынан ұстай алып сiлкiп қалдым.
– Б
ұл дүние тар болған Жолдыбек бай кеңшiлiк көрсiн деп о дүниеге
ж
өнелттiм.
Шынындажайшылы
қемес. Айналаны дүрсiлкiндiретiн хабар. Жүзiмде
сенбестiк бар ма дегендей Тар
ғақ маған қадалып қарайды. Бiрақ мен
сенемiн. Та
қаңнан мұндай iстi күтуге болады. Жаралы жолбарыстың
өлiм адындағы жанталасқан от қаһарлы айбат-ызасын, кимылын
елестетемiн. Ая
ғымнан тiк тұрғызып сол бойда-ақ Тарғақ менi
Жолдыбектi
ң өлiгiне алып барды. Жасылкөл тауының терiскей жақ
бетiндегi аспан
ға арандай шаншылған қия тастардың түбiнде атып
өлтiрiптi. Бiз iлдалап ешкiмнiң көзiне түспей, сай-сайды қуалап
ж
үрiп жеттiк. Масаты түстес торғын шапанының кос өңiрi астынан
ба
ғзы бiр замандарда ояз қолынан алған жарқырауық темiрi көрiнiп,
шал
қасынан жатыр екен. Бұрын жақсы түс таныс емес Жолдыбек
құшағын əдейi ашып тастап: «ал көр, танып ал, сенен жасырынар
ендi лажым жо
қ» деген кейiп танытады. Əсiресе, бет-əлпетi қатты
т
үршiктiредi. Көзi жұмылып жатқанына қарамай о дүниелiк белгiмен
əлдекiмге тiсiн қайрағандай, қан-сөлi кетiп болған ақ-сұр өңi мен
мойнын сол жа
қ өрге бұра созып, ұзын сақалды иегi тiке шаншыла,
қатып қалған. Өлiмдi мойындағысы келмей, тек қорғасын оқты
к
өтере алмаған əлсiздiкпен ғана сынып түскен сияқты. Жұмулы
к
өзiнiң айналасында ешқандай қайғы-қасiреттiң, өлiм азабының
белгiсi жо
қ. Тек тiрi күнiндегi озбырлықтың, өркөкiректiктiң,
д
үниенi тарсынып, өлiмнен соң ғана жарым кез жер жарығына
сыйып кеткен арлан
ға тəн бейбастақтың сөнiп бiткен сəулесi бар.


Бiз К
əукеннiң қызын алып қашқандарды қуып барып, Күнбол
ауылында менi
ң есiм ауып жатқанда, Жолдыбектiң «қызды берiп,
қуғыншыларды сылап-сипап қайтарыңдар» деп сəлем айтуы тегiн
емес едi. Жетiсуды тегiс орап келе жат
қан «кəнпескенiң» мəн-
ма
ғынасын ұшқыр көзiмен аңғарған Жолдыбек бай «өкiметтiң өз
белсендiсi» 
қуып келгенде қызды бермей қалсам, келе жатқан пəленi
тездетiп алармын деп iштен есеп т
үйсе керек. Жолдыбектiң жауабын
естiп к
үшейген Тарғақ өз ұлының өлiмi үшiн кiмнен жауап
с
ұрайтынын өршеленiп жүрiп бiлiп алған. Кейiн соларды қуып бар
п
əленiң Жолдыбек байға, соның бақ-дəулетiне, ар-намысына келiп
тiрелетiнiн 
ұғады. Жолдыбекке оқ атқан себебi, мiне, осы екен. Көп
ұзамай-ақ Жолдыбектiң құралайды көзге атқан Таңатар дейтiн
мергенi Тар
ғақты көз ұшынан көрiп, ерiккен сыңаймен жалғыз
о
қпен аттан құлатыпты. Сол бетiмен ол мергеннiң өзi де ел арасынан
бiржола жо
ғалды.
* * *
Осы к
өзбен көрген қаза мен құрбандық Тарғақ қана емес, Қəукен
к
өкiрегiнiң де отын үрлеп жандырды бiлем. Ол бұрынғыдай келген
кiсiге жауап 
қатпай отыратын қатал да үнсiз, жəбiр-қорлық iшiн
жегiдей жеген адам емес, 
қолына найза алып жортуылға шығатын
өзiнiң жасаңдау кезiндегi қалпына қайта түстi. Нағимасын аман алып
қалғанын мiсе тұтпай, сұлу көркi мойнына тұзақ болып оралған
бас
қа қыздарының да тағдырына шиыршық атты. Олар үшiн көрген
б
ұрынғы қорлығының құр уайымынан құлан-таза айыққан.
Қорадағы малынан айрылып қолы босап қалған iнiсi Жұмажанды
ны
ғарлап, екi-үш рет алыс сапарға жiберiп алды. Бiрде Кəукеннiң
ма
ған сыр қылып айтқаны да бар:
– 
Əбеке, осы өкiмет келдi дейсiз. Сол өкiметтiң мынау зорлық-
зомбылы
қты, бай мен кедейдi тең қылатыны туралы сыбысты бұрын
да естiген едiм. Итке бермес тiрлiктi бастан кешiрiп 
қаны қарайған
адам та
ң қызарып атса болды, Құдайдың маған жiберген шапағы ма
деп 
үмiттенiп қарайды екен. Осы Кеңес өкiметi туралы хабарды
сондай бiр сорлы тiрлiк 
үмiтпен iштей құп алғандардың бiрi өзiм
едiм. Тiптi аштан 
өлмеспiн, өкiметтiң қайыры тиер ме екен, қолды


болып кеткен 
қаршадай қыздарымның көз жасын тыюға сеп болар ма
екен деп к
əнпеске кезiнде де, тұяқ серпiп қарсылық көрсеткен
жо
қпын. Менiң бар ойым сол қыздарымды қолымнан келгенiнше
құтқару едi. Осының жол жобасын бiлiп берер ме екен деп, сiзден
жасырып 
қайтем, ана көк-жасық iнiм Жұмажанды баяғыда көзi ашық
адам деп 
өзiңiзге жiберiп едiм, ол неме «малым-малым» деп заржақ
с
өздерiн айтып қана қайтыпты ғой.
Өз үйiнде болған осындай тағы бiр əңгiме кезiнде Кəукен қатты
ширы
қты. Бұл жолы үйде кемпiрi Бүлiс, Жұмажан мен тағы ауылдас
екi-
үш қарт адам бар. Əңгiме сол бейшара қыздар жайында.
– Жо
қ, балам-балам деп, сол балаларыма бiр кəкiр келер деп қорқушы
ем, балаларымнан айрылдым. Мал-мал деп, салпы етек болып ж
үрушi
ем, малдан айрылдым. Ендi 
Құдайдың жаннан басқа менен алатын
ешн
əрсесi жоқ. Жан керек болса оны да алсын. Көзi жасаурап, торға
т
үскен қарлығаштарым үшiн оны да пида еттiм. Қарманып қалмасам
жер ж
ұтсын менi. Ей, туысқан, ағайын, бар болсаң осы жолда қолдай
к
өр. Жоқ болсаң қолыңды қусырып отыра бер. – Төрде жағалай
отыр
ған бiзге Кəукеннiң айтқан-сөздерi осы. Кемпiрi Бүлiс бiз
қымыз iшкен аяқтарды жаңа ғана жиып алып жатыр едi. Шалының
мына с
өзi «жетi ағайынды жұттың» тағы бiр келiп қалған серпiнi
сия
қты естiлдi оған. Мойнын бiз жаққа бұра қарағанында ақшыл
өңiнiң қыртысы жазылып, табиғи көркi жас кезiндегi қалпымен бiр
к
өрiнiп, елес берiп өткендей болды.
Ж
ұмажанның да əлденеден қатты қобалжып отырғанын байқаймын.
Бiра
қ Кəукеннiң жаңағы сөздерi ең алдымен маған, келiп отырған
ауыл 
қарттарына жəне бiз арқылы маңайдағы жұрт-жұрағатқа
айтыл
ған сөз.
– Ей, екi туып бiр 
қалған. Жұмажан, – деп күтпеген жерден Кəукен
iнiсiнi
ң атын атады, – ей, Əбеке, бəрiңе айтам. Оқтаудай жылан
таудай т
үйенi у берiп құлата алса, көк қанатты кiшкентай ғана
ж
əндiк дəуiт жыланның, көзiн шығарушы едi. Дұшпанға қарсы
қамшы сiлтеп, тым болмаса сол дəуiттiң тiрлiгiн қылайық та.


Б
ұл сөз ең алдымен Жұмажанға батыпты. Ол орнынан екi-үш
сыр
ғып барып, көзiн жас балаша жыпылықтатып, төрдегi ауыл
адамдарынан 
қымсынғандай қап-қара сақалды жүзiн орынды-
орынсыз 
қимылдата бердi. Тамағын күштеп кенеген болады, бiрақ
сонда да с
өз шықпайды. Барып тұрған малжанды, ұсақ-түйек үшiн
жанын ш
үберекке түйiп жүретiн бұл өз қорасы тазаланып қалғаннан
кейiн, К
əукен екеумiзге жаутаң көз болып, елпiлдеп тұратын мiнез
шы
ғарған.
– Ма
ған айтпағың не едi ашып айтшы! Не шара ет дейсiң? Аянып
отыр деп ойламашы. Тiптi басымды кесiп берейiн аянып 
қалсам, сенiң
ай
қаныңды iстемей. Қалаған жағыңа жұмсап көршi, – деп қиналып
отырып тiл 
қатты ағасына.
К
əукен оның сөзiн елемегендей үндеген жоқ. Тек шалын қостап
с
өйлеген Бүлiс болды.
– Ж
ə, туған қайным екенiң рас. Саған сөзiм батпаса, кiмге батады.
Мал-жаны
ңды қаршадайыңнан бөлек бағып, өзiмдiкi тола берсiн,
өзiмiздiкi көбейе берсiн деп, дүниенiң соңына түсем деп жатбауыр
тартып кеткен 
өзiң емес пе ең? Сол сыңайыңды көре тұрып, сенi
ар
қа сүйеуге кiмнiң дəтi барады? Тiптi сенiң iстеген жақсылығың
осы к
өзi ашық алыс ағайынның жақсылығынан асқан емес. Тiптi
аулымызды шауып, 
құлындағы даусын шығартып, қыздарымызды
əкетiп бара жатқанда көрсеткен қайратың белгiлi едi ғой. – Осы
т
ұсқа келгенде Бүлiстiң көңiлi босап кеттi де, тамағына тас
ты
ғылғандай болып, добалдай көз жастарын сүрте бердi. Сiрə,
К
əукен үйi көп қаза көрген қаралы үй есептi едi. Олардың батым
с
өйлегенiн маңайдағы жұрт, əсiресе, жақын туыстар кешiре беретiн.
Ж
ұмажан мұны түсiнгенiмен бас қорғауға келгенде ол өлермен.
– Ау, же
ңеше-ау, жаманат қайдан келедi? Жаманат осындай оқыс
айтыл
ған сөзден келедi. Сенiң қыздарың кiм едi, менiң қыздарым кiм
едi? 
Қайрат қылғаның белгiлi едi ғой дейсiң. Не бопты, ұялас ит бiр-
бiрiнi
ң баласын қорғамай қалушы ма едi? Қайратымыз асып тұрмаса
да келген жаушы
ға қарсы тұрып, қарманып қалмаған жерiмiз бар ма
едi? Бiра
қ амалымыз қанша? Күш атасын танымайтын болған соң,
мысымыз 
құрып, бармағымызды шайнап қала беремiз. Ана


Зарбаланы 
əкетiп бара жатқанда тиген қамшының таңбасы əлi кеткен
жо
қ.
Мен осы т
ұста ағайынды адамдардың одан ары дауласа беруiн жөнсiз
к
өрдiм де, əңгiме сыңайын өзгерткiм келдi. Келiп отырған
а
қсақалдар осыған белгi бергендей едi.
– К
əке, сiздiң көңiлiңiздi, сiздiң бағдарыңызды бəрiмiз шамалап
отырмыз. Тек к
өп сөздiң тобықтай түйiнiн тезiрек шығарайық.
– И
ə, Əбекең, дұрыс айтады, – деп ақсақалдардың бiрi кеудесiн
е
ңкейтiп барып түзелiп отырды. – Осы отырған бəрiмiз де ағайыннан
аянайы
қ деп отырғанымыз жоқ. Тек жол сiлтесең болғаны. Тiптi
кешегi 
өздерiң көп айтатын алыс рудың адамы Тарғақтың iсi
б
əрiмiзге салмақ салып кеттi ғой. Бұл бəрiмiздiң ортақ iсiмiз болсын,
тек ж
өн сiлте.
К
əукен ақсақалдың күн мен жел мұжыған қызғылт тастай айқыш-
ұйқыш жазу мен суретке толы жүзi сəл жазылып, сұрғылт бояу
де
ңдей түстi. Өзiнiң түйiндi сөзiн айтты.
– А
қсақал, Тарғақты жақсы атадыңыз ғой. Жалғыз сiзге емес,
б
əрiмiзге де қуат серпiн берген сол Тарғақ пен мына Əбекең екеуiнiң
ерлiк iстерi 
ғой. Атаның кегiн бала қуушы едi. Бiрақ бiз ата болып,
бала кегiн 
қудық. Заман солай болған соң амал бар ма? Түйiндi сөз
айт дейсi
ңдер, ол мынау. Мынау Жұмажан бiраз жер аралап,
қыздарымның кеткен жерiнiң жай-жапсарын бiлiп келдi. Ендi
Ж
ұмажанға ерiп, үш-төрт көзi қарақты сөз ұстауға шамасы бар ауыл
а
қсақалдары барып, балаларымды тiкелей алып келудiң қамын
жасауы керек. 
Қазiр зорлықшыны шөптей қырқып-өкiмет келедi. Тап
ендi олар сендерге 
қарсы шоқпар көтере алмас. Өзiм баруымның
ж
өнi жоқ, Жұмажан барсын.
Осы с
өз байлау болды. Келiп отырған қариялар Жұмажан мен бiрге
бару
ға келiсiмiн бердi.
С
өйтiп, Жұмажан тағы талай жердi аралады. Ол бiр жаққа барарда
мен де 
өз атымнан айтатын сəлемiмдi қоса жолдайтынмын. Əсiресе,
сол жа
қтағы ауылнайларға немесе өзiммен жүзтаныс естияр


адамдар
ға бiлгенiмше өкiметтiң мəнiн Жұмажан арқылы түсiндiрiп,
б
ұрынғы зорлық-зомбылықтың бетiн ашып отырудың,
əшкерелеудiң, жұрт пейiлiн жаңалыққа қарай, Кеңес өкiметiне қарай
икемдеу 
үшiн көп маңызы барын жеткiзiп отыруға тырыстым. Басқа
да шабарман, хабаршыларым бар едi. Оларды
ң да жұмысы көбейдi.
Жо
ғарыдан келетiн өкiлдердiң кеңесiмен елге сөзi жұғымды, бедел-
абыройдан бiраз 
үлесi бар-ау деген адамдарды өз маңыма
топтастырып осы ж
ұмысқа жектiм.
Бiздi
ң жақта жұрт мал бағумен бiрге егiншiлiкпен де ертеден етене
болып келе жат
қан. Кəнпескеден кейiнгi алғашқы жылдары ел тайлы-
тая
ғымен тегiс тiс ағашпен жер өңдеп, қолда қалған бұт артарларын
со
ған жектi. Байқаймын, сол жылдары жұрт пейiлiндегi бiр өзгерiс –
адал е
ңбекке деген сенiм мен ынта көп арта түсiптi.
Ол жылдарда
ғы ел өмiрiнiң қыры мен сыры, жұрттың секемшiл
к
өңiл күйi туралы қаншама айтуға болады десеңiзшi! Қарағым,
са
ған айтып отырған əңгiмем жаңа өзiң көрген гауһар тас пен
К
əукен қыздарының тағдыры жайында келе жатыр едi ғой. Сол
желiден аумайын. Жалы
қтың бiлем, қысқартып айтайын.
Əбекеңнiң осы сөзiнен ыңғайсызданып:
– Жо
қ, Əбеке, олай дегенiңiз не? Əңгiмеңiз бала кезiмде оқыған
ертегiлердей 
ғажап, – дедiм.
Əбекең қошеметiмдi жөнсiз көргендей стол үстiн тырнақтарымен
сыз
ғылап тұқыра түстi. Жүзi ағарып, қансөлден айрылып, көз
алдымда т
үрi өзгерiп бара жатты. Мен бұл кiсiнi қатты аяймын. Көптi
к
өрген көнелiгi үшiн бе, осындай ұзын сүре оқиғаларды айта
ал
ғандығынан ба, жоқ, жасы жетiп тағдырдың айналып өтуге
болмайтын жар
қабағына тiрелген шағында қосағынан айрылып,
м
үлəйiм көз болғандығынан ба, əйтеуiр аяймын.
Бiра
қ Əбекең жүзiндегi нала, мұң əңгiме желiсiнен туып отыр екен.
Оны с
өзiн ары жалғастырғанда ұқтым.
– Адам
ға жаратылыс берген көп кемшiлiктердiң iшiндеғi көзге
шы
ққан сүйелдейi – сол адамның басындағы пендешiлiкпен бiрге


оны
ң шектен тыс көнбiстiгi ғой. Тағдыр жазуы дегенмен де, одан кей
с
əтте мойын бұрып кетуге болады емес пе, бiрақ өз сорына өзi
кенедей жабысып 
өлетiндердi қайтерсiң. Мүмкiн, адамның шақшадай
басында
ғы қасиеттiң бəрiн тағдырдың у ертiндiсi бес елi қып жауып,
б
үркеп тастайтын да шығар. Бiрақ қалайда адамда жаныған сайын
жала
ңдай түсетiн қанжардай жалт етерлiк бiр қуат болуы қажет-ақ
қой. Осындай қуаттың жоқтығы үшiн тағдырды, жаратылысты үнемi
кiн
əлай берудiң қажетi шамалы, адам оны өз бойынан өзi табуы
керек, тым болмаса 
өзiнiң адамдық сипатын жұртқа мiне деп
к
өрсеткенде ұялмауы үшiн керек қой...
Осыны айтып 
Əбекең тағы да тоқтады. Бұл тiршiлiкте талай
адамдарды
ң тағдырына куə болып, тоқыған ой, өзi сұранып келiп,
то
ғысатын қым-қуыт пiкiрлер ендiгi əңгiменiң салмағын арттырып,
қиындата түскендей.
– К
əукен ақсақал iске кiрiсуiн кiрiстi-ақ. Бiрақ байғұс аққұба сұлу
кемпiрiнi
ң өкiнiшiне қарай, əрi өзiнiң де маңдайындағы жазу сол ма,
қыздарының бəрiн өзi армандағандай күңдiктен құлан-таза қылып
арылта алмады. Е
ң үлкен қызы Зарбала сонау Ақсу өзенiнiң
бойында
ғы өлмелi бiр шалдың қолында екен. Қазiр автобус, самолет
барда тая
қ тастам жер көрiнгенмен, ол шақта ат арытып баратын
қашықтық. Оған Жұмажан барып қайтты. Үлкен қызының сəлемiн
əкелген де сол. Ағайынды алтаудың iшiнде зорлық таяғын бiрiншi
болып к
өтерiп, тордағы тотықұстың зарын айтып кете барғанына
талай жыл болып, са
ғы сынып қалған бейшара əкесiнiң iнiсi
Ж
ұмажанның тауып келгенiн көргенде бар даусымен азынап, бүкiл
ауылын ая
ғынан тiк тұрғызыпты. Өлмелi шал күйеуi жас əйелiнiң
б
ұл қылығынан шошып, ауру денесiн жасырғандай iшiкке оранып,
iргеге жатып 
қалғанын да жеткiзген Жұмажан.
С
өйтiп, Кəукен қызы өтiп кеткен жастық шағын жоқтап, қан жұтып
қалған əке-шешесiн атап, жиылған жұртты тегiс егiлдiрiп ұзақ дауыс
айтыпты. А
қыры өзiне-өзi келiп, Жұмажан əке сəлемiн айтқанда,
бай
ғұс шерменденiң берген жауабы:
– 
Əкем ендi өз басына тиген таяқты басқаға жұмсап, менi босатам
дей ме? Беу, ет ж
үрегi елжiреген ғазиз жан-ай?


Сенi
ң мейiр-шапағатыңның орны бөлек-ау. Ендi қайтейiн? Жер
т
үбiне дейiн ат артына байланып барып, жетер жерге тас моладай жер
қалғанда қайта оралғаным қисынсыз болар. Құдай да, тiптi адам
баласы да оным 
үшiн маған жылы ұшырамас. Əкемнiң мен жалғызы
емес едiм 
ғой. Менсiз де оның тауқыметi аз болмас. Шамасы келсе
менен кейiнгiлерiн 
құтқарсын. Күшiн соған салсын. Менiң қолымда
анау 
өлмелi шал отыр. Төрiнен көрi жақын қалған ол бiр бейбақ. Бақ
д
əулетi бар кезде iстеген астамшылығын, зорлығын басына келтiрем
деп не табам? Одан да ма
ңдайындағы нəсiбi таусылғаннан кейiн
артын аза т
ұтып, ақ арулап қойып, содан кейiн ғана басыма алаңсыз
тынышты
қ алмаймын ба?! Əкем, шешем менен күдер үзбесiн, əйтеуiр
бiрде 
өз аяғыммен жол тауып барармын.
К
əукен ең үлкен қызының бұл жауабын əкелген Жұмажанға көзiн
сы
ғырайтып бiр сəт отырды да, тағы да үйреншiктi əдетiне басып
т
өмен тұқырып кеттi. Аққұба кемпiрi Бүлiс те шалының райымен
бол
ғысы келген қабақ танытып, өзi көп мiнезiн, ұсақтығын
жа
қтырмайтын қайнысы Жұмажанға «барған iсiңдi тындырмай
келдi
ң, барған жерiнiң бұл күнде өйтiп қабырғасы қаусап тұрса, ат
үстiне бөктерсең де неге алып келмедiң» , – деп, өзiнiң табиғи
мiнезiнен туатын с
өздерiн айтқан жоқ.
К
əукен де, кемпiрi де Жұмажан əкелген жауапқа мойыған, бетi
қайтқан түр көрсетпедi. Бiр ажалдан қалғаннан берi дiмкəс адамдай
болып, ж
үдеп кеткен Нағима қыз да шешесiнiң iрге жаққа қараған
иы
ғына басын салып, сұлқ отыр. Тек есiк жақта көршi үйден келген
к
əрi кемпiр ғана əжiмi мол арық жүзiмен кемсеңдегендей сөз айтты.
– Алда ба
қыр, балам-ай! Басыңа iс түскеннен кейiн ес кiрiп, көзiң
ашылайын дегенi ме? 
Өз басыңды қор еткенмен бұл
қайырымдылықты Құдайдың өзi жiберiп отыр-ау саған. Баяғыда
мына Олжабектi
ң үлкен апасын сыбан жақтан бiреулер алып кеткенде
артынан бар
ған ағайындарын қыздың өзi жуасытып қайтарған едi, –
деп 
əлдеқандай ешкiмнiң санасына тап осы сəтте ене қоймайтын бiр
о
қиғаны еске салды.
Ж
ұмажанның шынында, басқа тəсiл таппай қайтып келуi менiң де
жаныма бат
қанымен, аттап өтiп кетуге болмайтын қазақ салтының


д
əстүрi төңiрегiнде қалуыма тура келдi. Кəукенге бұл сəтте ешнəрсе
дей 
қойғам жоқ.
К
əукендi күйзелткен осы үлкенiнен кейiнгi тетелес екi қызы болды.
Тiптi оны
ң бiреуi екi-үш кiсi ертiп келген Жұмажанды көрiп, оның
осы сапарда
ғы мақсатын естiгеннен кейiн өзi үшiн тағы ауылдың
үстi ойран бола ма деп шошығаны ма, əйтеуiр шар етiп қайын атасы
мен 
қайын енесi жаққа қашып, қатты безiлдей зарлапты.
– К
өке! Көке, (көке дегенi «Жұмажан») ойбай, айтпа, айтпа, мұндай
с
өзiңдi, айтпа, айтпа, бармаймын!
Қыздың бұлайша мiнез-құлқының өзгерiп кеткенiне Жұмажанмен
ерiп бар
ған кiсiлер жағасын ұстап қатты шошыпты. «Жарайды,
келген жерi
ңнен қозғамай-ақ кояйық» – десiп оны
тыныштандыр
ғаннан кейiн Жұмажандар оның қайын атасы мен енесi
екеуiне 
қатты қадалып отырып, «Баланың денсаулығына зақым
келген бе, бiздi
ң сөзiмiзге шошығаны қалай?» – десiптi.
Бiра
қ жат жердiң жауабы қалай болсын: «Қайдағы ауру,
қыздарыңның қол-аяғы балғадай болып жүр ғой, тамағы тоқ,
к
өйлегi көк, ұйқысы қанық», – деп айылдарын жимай отырып жауап
берiптi. 
Үшiншi қызы да бармаймын, əкем түгiл Құдай шақырса да
бармаймын деп азар да безер болыпты.
К
əукеннiң бар қуаныш еткенi төртiншi қызы Айғанымның ғана
келуi болды. К
əукен қыздарының жүрегi оттысы осы болар деймiн,
жас 
қуат-айбары, асыл көркi жел мен күнге мүжiлмей, толыққанды
к
үйiнде келдi. Жұмажандар алып келе жатқанда туған ауылға екi-үш
бел 
қалды-ау дегенде аттан түсе жүгiрiп, гүл мен биiк қурай аралас
қалыңға қарамастан екi өкпесiн қолына ұстап тарта берiптi.
К
өйлегiнiң дал-дұл болып жыртылғанын да елең қылмай
Ж
ұмажандардың «Қарағым, қой, бiреу көрсе, қамшының астына
алып айдап келедi екен деп ойлап 
қалар, аттан жүйрiк емессiң ғой,
мiн, 
қане», – десе де болмапты.
Бекер обалы 
қане, Айғаныммен бiрге Кəукен үйiне үлкен той да
келдi. Жа
қындағы ағайындар тегiс шақырылып, қуаныштарын
бiлдiрiп 
қайтты.


Ай
ғанымнан кейiнгi бесiншi қызы да Кəукеннiң өз қолына алынды.
Бiра
қ бейшараны ауру болғандықтан ғана барған жерiндегi қайын-
ж
ұрты берiп жiберiптi. Амал не, келуiн келгенiмен, жүруi көп
болмады, к
өп ұзамай бейшара қайтыс болды.
Əлгi қолымдағы өлмелi шалды ақ арулап қойғаннан кейiн қайтамын
деген 
үлкен қызы Зарбала да уəдесiнде тұрды. Кейiн бəрi де тең-
те
ңiмен тұрмыс құрып, үйлi-баранды болып кеттi ғой.
Өстiп қаза мен қуаныш қабаттасып келiп, екi жағаны бiрдей соға
б
ұлықсыған Кəукен көңiлi бара-бара тағдырдың бар жазуымен
ымыралас
қандай ерте көктемдегi қар мен жаңбыр аралас ұзақ
с
үргiннен кейiн сарғайтып келетiн ашық шуақ күнге ұқсап,
тымырсы
қ күйiнде қалды. Адамнан, не Құдайдан осы бiр қартайған
ша
ғында сұрайтын, не өтiнетiн ешнəрсесi жоқ, бəрi де өз орнында,
бар шаруасы ты
ңғылықты секiлденiп, бар болмысты тамашалап, бар
қызықты өтеп, ендi ғана ашық жер мен аспан астында өзiн еркiн
сезiнетiндей.
Кейде 
қарт досымның осы бiр кейпiнен аяныш туып, алыс бiр
шаруамен жол ж
үретiн болсам қасыма ертетiн едiм. Ол кезде iшкi
жа
қтан, мынау Ақтөбе, Ақмола, жақтардан қашқан бандылар шетке
қарай ауып бара жатып, жолындағының бəрiн бүлдiрiп, не өртеп кету
үшiн қолынан келгенiн iстеп бағатын. Осындай бүлiк орнына барып,
шарпысып жататынымды к
өрiп, маған ерiп келген Кəукен iштей ояна
т
үскендей болушы едi. Кейде бiз Тарғақ қарияны еске алып ұзақ
əңгiмелейтiнбiз.
– И
ə, ол адамның жолбарысы едi ғой, ондай болып туатындар некен-
сая
қ, – деп Кəукен ақсақал ауыр дем алатын. Байқаймын, осы Кəукен
мен Тар
ғақ арасында көп ұқсастық бар. Ол ең алдымен тағдыр
ұқсастығы.
* * *
И
ə, бұл адамға тəн құбылыс, өзгерiс атаулының өзi алуан түрлi,
аспанда
ғы жұлдыздай санап бiтуге болмайтын нəрсе ғой. Мен
К
əукен ендi бiткен адам ғой, қайтып ешқандай қайрат қыла алмас
деп ж
үрсем, мен үшiн тағы бiр сорға соқтықпасы бар ма? Кейiн


бiлдiм, ескi мен жа
ңаның түйiскен жерiнде, қарақшыдай қалқиған
ауылнай атаулыны
ң басына қамшы тиiп, қызыл тақия кимегенi
болма
ған екен. Өз басыңнан саулап аққан қан жүрегiңе жанармай
болып 
құйылғандай, от тиiп кетсе тұтанғыш, бiржола жанып, өртенiп
кетуге ша
қ тұрасың. Сөйтiп өзiң сенген iске құрбан болудан да
жас
қанбайсың.
Сол К
əукен үйiнiң əлек-шəлегi бiраз басылған кезде тағы мынадай
оки
ға болды. Жұрт бұл кезде тайлы-таяғымен жер қазып, егiншiлiктi
ата к
əсiбiндей көре бастағаны айқын едi. Таңы айрылып көрмеген
қара жер темiр күрекпен үстiнен басып қалсаң шылқ етiп, майы
шы
ғатындай, бермесiн берiп, көл-көсiр етiп тастайтын шырай
танытты.
Ол кезде 
қазiргiдей емес, тiс ағаш жердiң шым құйқасын тереңнен
аударатын д
əрменi жоқ бетiн айғыздап тiлгiлеп қана отырады. Кей
т
ұстардан тiс ағаштың өткен-өтпегенiн аңғармайсың, жер құйқасы
қалпын бұзбастан қала бередi. Соның өзiнде де бидай шоқ-шоқ
болып 
өсiп, жарлының көзiн тойдырып, пiскен бастары иiлiп тұрады
ғой.
Жаз бойы аш
қарақ болған жұрт егiннiң пiсуiн күнбе-күн бақылап
та
қа таусылып отыратын. Бiрдiң iстегенiн бiреу көрмей ме. Сол жазда
талай кедей шамалары келгенше егiн салып, к
үз түсе, жыл бойғы
талшы
ғымызды жиып алармыз деген үмiтпен марқайып жүрген.
Қырдың ақ селеуiндей сарылтып, сарғайтқан күз де жетiп, жұрттың
алды егiндi шетiнен орып, жемiсiн жей бастады.
Қаспақбай деген кедейдiң егiнi өртенiптi деген хабар бүкiл ауылды
ая
ғынан тiк көтердi. Кəрiлер қарғысын айтып, жастар тiсiн қайрап,
қап-қара болып қалған өртеңнiң шетiнде бала-шағасымен жылап
отыр
ған Қаспақбайға жұрт басу сөзiн айтып жатыр. «Ел тоқшылық
болса б
əрi болады. Бiр аяқ ұннан бөлiп берсек те аштан өлтiрмеспiз»
деседi. 
Қаспақбайдың егiнiн көктен шайтан келiп өртеп кеткен жоқ,
қалай да бiр арамзаның қолы екенi айқын. Ол кезде кешегi бай-
манаптарды
ң тұқымдары қазақ даласына жаңадан iрге теуiп орнап
келе жат
қан Кеңес өкіметiне iрiткi салуға келгенде қанды балақ
қарақшыдан аумайтын. Ел iшiнде дүрбелең тудырып, жағалай


ж
ұртты ұлардай шулатып отырса, ата-бабасының жоғалған туы қайта
т
ұрардай жанталасатын. Жəне өздерi осындай қылыққа сақадай сай
т
ұратын. Мұның өзi шынында үлкен қауiп едi. Шиеттей бала-шағасы
бар, 
əрi сiңiрi шыққан кедей Қаспақбайдың егiнiнiң өртенуi де
соларды
ң кезектi бiр лаңы екенi күмəнсiз. Уақыт өткiзбей,
ма
ңайдағы естияр адамдарды, жас пысық жiгiттердi жиып алып, осы
ойымды жеткiзiп, аузымызды ашып отырса
қ бұл лаң əлi талайды
шулатады, са
қ болайық дегендi айттым. Алыс отырғандарға да
осындай с
өзбен хабаршылар жiбердiм. Ендi кедейлер қолдарына
құрал-саймандарын алып, түн баласы егiннiң төңiрегiн кезiп, ұйқыға
та
ң атып, бала-шағалар оянғанда ғана жатып жүрдi. Өзiм атқа көп
мiнгiш болып алдым. Анау-мынау 
қырқысқандардың дауы болса, оны
же
ңiл санап, алтын астықтарын жаудың қолы сипап кетпесiн деп,
к
өптiң көңiлiн соған аударуға тырыстым.
Қаспақбайдың егiнi өртенген соң бiр жұма өтер-өтпестен бiр
жансызды
ң қолға түскенi. Кəукен үйiне жақын отыратын бiреудiң
егiнiне 
қарай түн жамылып екi адам жылжып келедi екен. Түн баласы
егiндi 
қорып, ояу отыратын қарулы кедей бiр қалтарыстан аңдып
т
ұрып екеудiң бiрiн қатқан сойылмен маңдайдан ұрып жайратады.
Екiншiсi бастан 
құлақ садаға деп жолдасын тастап қашып кетедi.
Кедей кол
ға түсiрген адамына су берiп, есiн жиғызады да, ертеңiне
дедектетiп ма
ған алып келдi. Жiптiң бiр ұшын тапсаң екiншi ұшын
табу 
қиын болып па? Қолға түскен сорлыдан əлгi қашып кеткеннiң
аты-ж
өнiн бiлiп, оны да таптырып, алдыма əкелдiрдiм.
Мен есебiмнен жа
ңылмаған екем. Бұлар əлгi Жолдыбек, Күнбол
дегендердi
ң жан-жаққа быт-шыты шығып шашырап кеткен
итаршыларыны
ң қайтадан бас қоспақ етi тiрiлерi болып шықты.
Кедейлер егiнге ауып, 
əлденiп кетсе байды да, Құдайды да ұмытады,
с
өйтiп, бой бермей кетедi деген ой бұларды ушықтырады.
Жа
ңағы екеудiң қолтығына дым бүркушi тағы екеудi тауып алып,
т
өртеуiн халықтың ортасына салғанымда, о шiркiн десеңшi, бұған
артынан 
өзiм өкiндiм. Көптiң қайнаған ашу-ызасы қандай, əлгi
т
өртеуге əрқайсысы бiр-бiр қол салып, iлiнген-iлiнгенiнше iшек-
қарнына дейiн бөлiсiп əкете жаздады. Қаспақбайдың ашуы бiр бөлек.


Ол т
өрт жырындыны жеке алғысы келгендей басқалардан қызғанып,
өзiне қалдыруды зарлана өтiндi. Екi көзi от шашып, пiсiп тұрған
егiнiн сипап кеткен 
өрттiң өзiндей болып, қызара балқып, лауап
кеткен. 
Өмiр бойы басын төмен салып, бағы ашылмаған кедейден тап
м
ұндай қаһарды бұрын көрген жоқ едiм. Бiрақ пақыршылықпен өз
тiрлiгiн 
өзi қорлаған төрт тұтқынға көп ешкiмдi тигiзбей, ақырында
артына адам салып берiп, 
қалаға қарай жаяу айдаттым. Бiрақ соңына
сал
ған адамдарым былай шыға бере теңiздей буырқанған халықтың
к
өкейiндегiсiн iстейiк дедi ме, əлгiлердi жаяу ғана емес,
ая
қтарындағысын шешкiзiп, жалаңаяқ жүргiзiптi. Жол бойындағы
ауылдар ел 
қарғысына ұшыраған төртеудiң табандары тiлiнiп, тiлдерi
салбырап, ысты
қ пен шөл қапқан өлiм халiндегi ұсқындарын көрiп,
жандары ашиды. Ал сусын берейiн десе, айдап бара жат
қандар
қамшыларын сiлтеп, ешкiмге бұл төртеуге рахымшылық еткiзбейдi.
Қазақ көңiлшек, басқаның кiнəсiн ұмытқыш халық қой. Олардың
қандай зұлымдық ниетi болғанын ұмытып, мынау қазiргi
қалыптарына жағаларын ұстап қарайды. Айдалып бара
жат
қандардың тiлеулестерi де бəрiн көрсе керек.
Бiр к
үнi сырттан келген екi-үш ақсақал адам қастарында ерткен екi
жiгiтi бар бiздi
ң киiз үйде бас қосты. Не бас қосу екенiн, қандай
жа
ғдаймен олардың маған iсi түсiп келгенiн қазiр айта алмаймын.
Шыр
ғалаң заман өтерiнде тұяқ серiппей кете бармайды ғой, қалайда
соны
ң бiр зобалаңы айдап əкелгендер екенi анық.
Алдымыз
ға ас келген шақ. Сырттан айғайлаған жалғыз адамның
даусы, шап
қылаған жалғыз аттың дүбiрi үйдi басып кетердей
жа
қындап, төнiп кеп қалды. Төрде жағалай отырған қонақтарым,
өзiм қоса елеңдеп, аң-таңбыз.
Мынау тегiн емес, не де болса жаны от
қа қақталып бара жатқан
адамны
ң даусы. Көп күттiретiн емес, айғайлаған аттылы адам есiк
алдына секiрiп т
үскенде жұмбақ түйiнi шешiле берiп едi. Бұл Кəукен.
Киiз 
үйдiң түсiрулi есiгiн серпiп ашып кiргенде əлдекiмдi алып
жердей екi к
өзi лапылдап кетiптi. Менiң ойыма сап ете қалған нəрсе
м
ұның балаларының бiрiне тағы киянат төндi.


– 
Əбеке, сақтан, ала шапан қайда? – деп бiздi баса-маса үйдiң
керегелерiне к
өз жүгiртiп аласұрды. «Сақтаны» қалай, «ала шапаны
қалай», — түсiнсем бұйырмасын. Ала шапан менiң атқа мiнгенде
үстiмнен тастамайтын киiмiм. Осы ала шапанды киiп, тыста байлаулы
т
ұрған қарагер атты мiнiп алсам, алыстан-ақ менiң Əбен молда
немесе б
үгiнгi ауылнай екенiмдi жұрт ажыратып отыратын. Кейбiр
тiлеулес адамдар менi «ала шапанды ауылнай» деп 
əзiлдеушi едi. Киiм
жо
қтықтан емес, сол бiр жұрт көзiне көбiрек көрiнген жылдары
иы
ғыма көбiрек iлген киiмiм болғандықтан сырт көрiнiсiмнiң бiр
белгiсiндей есте са
қталып қалса керек.
– Апыр-ау, К
əке, не бұл? – деп орнымнан тұрып, iргежақтан ала
шапанды ж
ұлып ала берген оның жеңiнен ұстап, сабасына түсiрмек
едiм. Ма
ған көнетiн емес, өңi суық қылыштай жарқылдап, ойына
келген 
əрекетiн жасап үлгермей басылатын емес. Мен сонау ең кенже
қызы Нағимашты жаушылар күшпен əкетiп, өзiме шауып келгендегi
т
үрiн елестеттiм. Сондай бiр жортуылдың тағы күнi туды ма деймiн.
– 
Қарагер ат ерттеусiз екен, сонда да мiндiм. Ал, ағатай, көрпенiң
астына жасырын. Мен сен болып 
қашайын. Осында аждаһадай төнiп
қалың топ келедi. Сенi iздеп келедi. Ойларына алғаны сенi өлтiру.
Олар жеткенде мынау 
қонақтарың айтсын, «Əбең қашып кеттi» деп.
Ала шапан киген, 
қарагер ат мiнген менi нұсқасын.
– Кiм т
өнiп келедi? Жан алатын кiм? Түгелдей айтшы!
– Бая
ғыда өзiң қалаға жаяу, жалаңаяқ айдатқан төртеудiң
жанашырлары. Iшiнде менi
ң де қас дұшпандарым бар. Дəу де болса
бая
ғы Күнбол, Жолдыбектердiң жаны сiрi иттерi деп ойладым. Басқа
са
ған қол көтерер кiм бар едi?
К
əукен ендi сөзбен бөгелмедi. Қонақтар да орындарынан ыршып-
ыршып т
ұрған екен.
– Ойбай, сендер орындары
ңнан қозғалмаңдар. Сендерге тие қоймас.
Олай-б
ұлай боп кетiп, Əбекеңдi тауып алса, Құдайдан соңғы
қорғаны сендерсiздер. Əбеке, жасырын.
Қонақтар да Кəукеннiң сөзiн сөйлесiп, шуылдасып кеттi.


– Мына а
қсақалдың сөзiнiң жаны бар. «Бастан құлақ садаға» деген,
жасырыны
ңыз, одан кiшiрейiп қалмайсыз.
Б
ұлардың шуласқан əбiгерiн басып, ой тоқтату үшiн ғана
жасырыну
ға ыңғайландым. Əйтпесе, содырлы сойқандар түгiл топан
су 
қаптап келе жатса да бас сауғалап қалмақ емеспiн. Мен төр жаққа
екi-
үш аттағанымда Кəукен ала шапанды басына жамыла киiп,
есiктен ат
қып шығып кеттi.
Мен оны
ң артынан шықпақ болып қайта бұрылғанымда көп ат
мiнген 
үлкен топтың дүбiрi де керегенi қозғалтқандай қоса естiлдi.
Қонақтар менi есiкке жеткiзбей шап берiп ұстап, жалбарынды.
– Жасырыны
ңыз!
Қарагер атқа мiнген Кəукен бiздiң үйдi бiр айналып өтiп күнбатыс
жа
ққа қарай шаба жөнелдi. Оның ат үстiндегi ала шапан киiп, мен
болып 
қашқан ұсқынын есiктiң жабығынан бiр көрiп қалдым. Өзiм
үшiн өлермендiк еткен ағайынның осы қылығы менi ерiксiз
жылатардай бiр сезiм 
қылғындырды.
Тап осы кезде жа
қындап қалған топ атой салды.
– 
Қашты, қашты, ойбай! – деген дауыс саңқ еттi құлағыма. Ендi ат
д
үбiрi үйдiң тап iргесiне жетiп, айналаны түгел тасырлатып, өтiп те
кеттi. Басымыздан б
ұлт ойнап, əп-сəтте ауып кеткендей бiз тұрмыз.
Қонақтар менi қаумалап, орнымнан қозғалтар емес. Қалайда Кəукен
айласыны
ң ойлаған жерден шыққаны анық едi. Есiл ерiм, ендi өзiңдi
қалай арашалаймыз. Менiң қарагер атым құтқарып əкетсе жақсы.
«Жал
ғыз суыр iнiне ат жығылып», мынау əпербақан қандықол
топты
ң алдында арыстай сұлап жатып қалсаң ше? Мен емес, Кəукен
болып шы
ққаныңды бiлсе де мына қызуымен олар аямайды.
Осы ой т
ұла бойымнан жоғарыдан төмен суырылғандай қатты
т
үршiктiм. Байқаймын, бiздiң үйдiң тұсынан бəрi өтiп кетпептi.
Жа
ңағы топпен бiрге келiп жеткен бiреу үй маңында айналшақтап
қалып, аттан түсiп жатты. Ол түсiрулi есiктi ақырындап ашып, iшке
қарай аттай бердi де, төрт-бес кiсiнiң ортасындағы менi көрiп, көзi


ала
қандай болды. Мұрты жаңа тебiндеп шығып келе жатқан жас неме
екен.
– Апырау, iздеген ауылнай м
ұнда екен ғой, – деп жаңағы малғұн
жардан 
құлап бара жатқандай нобайсыз тiл қатты. Сөйттi де ес жиып
үлгерiп, есiктi жаба салып, ары жөнелдi.
– 
Ұстаңдар ананы! – деп қолды болып тұрған мен жұлқына айғай
салдым.
Қонақтарым сыртқа қарай сау етiп, ортамызға өзi келiп түскен
бейба
қ атына мiнiп үлгерместен, ол ерге жармасқанда бұлар оның
желкесiне жармасты. К
үшпен құтылмақ болып жұлқынғанында,
ма
ған тiлеулес адамдар аясын ба, жерге алып ұрды. Ат тiзгiнi бiрiнiң
қолында кеттi.
Жаушылар К
əукендi қуып кеткен жақтан ешқандай қара көрiнбейдi.
Мен жа
ңағы бейбақты орнынан тұрғызып алып, жөн сұрай
бастадым. Кiсi 
өлiгiн естiрткендей аузы орамға келмей, орнында
т
əлтiректеп, ол əрең айтты.
И
ə, қалжақтайтын ештеме жоқ, iстiң бас-аяғы айқын. Бiр қан
ж
ұтып, быт-шыт болып тарасып, iз-түзсiз жоғалып кетпек екен.
Қолдарынан келсе бүкiл ауылды шауып, жағалай отырған
кедейлердi
ң хал-қадарынша еккен егiндерiн осы пiсiп тұрған
ша
ғында құртып жiбермек. Сөйтiп, қалың елдi зар жылату. Тағы кiм
бiлсiн ары 
қарай не ойлайтындарын.
Осыны
ң бəрiн алдын ала иiскеп бiлiп, қара қылыштай төнген
ажалды
ң астынан өзiмдi суырып алған Кəукендi қайттiм.
Сол жерде жа
ңағы қолға түскен пенденiң көзiнше қонақтарымның
iшiндегi бiр жастау жiгiтке б
ұйрық бердiм. Ол бұйрығымды құп
алып, тапжылмай т
ұрып тыңдады.
– Сен 
қазiр мына қолға түскен қудың атына мiнесiң. Аттың өлгенiне
қарама, қалаға қарай шап! Бүгiн түннен қалмай қарулы əскерлер
жеткiзiлетiн болсын. А
қ бандылар жұртты шауып, егiндi өртеп,
ойрандап барады. Б
үгiн түннен қалмай жететiн болсын əскерлер.
Ол ат
қа мiнiп ұзай бергенде артынан айғайлап тоқтаттым.


– 
Əй, тоқташы, қағаз жазып берудi ұмытыппын ғой.
Менi
ң қағазымсыз сенi тыңдамас!
Дереу бiр т
ұтам қағазды үй iшiнен асып-сасып жүрiп əрең тауып
алып шы
қтым да, тiземнiң үстiне қойып шимайлай салдым. Қолдағы
т
ұтқынның аты-жөнiн, анау Кəукендi қуып кеткен топтың iшiндегi
басты-басты адамдарды
ң аттарын да сұрап алдым.
Жа
ңағы алысқа жiберiп алып тоқтатқан шабарманды артынан
ентелей 
қуып жетiп, қағазды тапсырып жатып сыбырлай қойдым.
– Сен мынау к
өршi ауылға барып, одан ары қарай жалғас
отыр
ғандардың ер-азаматтарын түгел жиып, алып кел. Қолдарында
құрал-саймандары болсын. Тез! Бiрақ өзiң жасырынып қал.
Шабарман жiгiт артымыздан 
қарап тұрғандардың бəрiне сес
к
өрсеткендей ер үстiнде шiрене отырып, қағазды мұқияттап
қалтасына салып жатыр. Ойымды түсiнген сыңайын маған да
к
өрсеткенi сияқты. Ол ары құйғытып шаба жөнелгенде, мен де берi
оралдым. Дереу жа
ңағы тұтқын жiгiттi тағы қолға алдық.
– Сен, 
қазiр ана Кəукеннiң атына мiнесiң. Жаңағы жаушы иттерiңнiң
артынан шабасы
ң. Қайткен күнде де жетiп құтқарасың Кəукендi.
Олар ары-берi ора
ғыта шауып, көп алысқа кеткен жоқ. Төтелей
шапса
ң жетiп қаларсың. Алыстан көрсең айғайлап, бетiн қайтара гөр
е
ң алдымен. Тоқтатсаң айт, ол ала шапан киiп қашқан ауылнай емес,
К
əукен. Ауылнай үйiнде де. Менiң жанымды алғылары келсе берi
шапсын. Менi
ң осында екенiмдi сен көрiп тұрсың ғой? Е, көрсең,
соны айт. Менi
ң бiр басым үшiн, қаладан келген əскерлер олардың
жиырмасыны
ң басын алмасын десе, осында асықсын. Тез бол!
К
əукендi құтқармасаң, жаңағы қағазда сенiң де аты-жөнiң кеттi.
Əскерлер ең алдымен жетi қабат жердiң астынан суырып алып, сенi
жазалайды. Ту
ған-туысқаныңмен аман қалмайсың. Ал, Кəукендi
жетiп 
құтқарсаң, өзiм арашалап аламын.
Сол айт
қаныммен жөнелттiм. Дереу қасымдағы кiсiлердi де жан-
жа
ққа шаптырдым. Бiреуiн содырлы сойқандар Кəукендi қуып кеткен
жа
ққа жаңағы тұтқын жiгiттiң артын ала аттандырдым. Қыраты мен


ойпаты мол далада 
қашқын мен қуғыншының қай жерде адасып
ж
үргенiн құдай бiлсiн, жалғыз қара олардың үстiнен түсе алса
жа
қсы, түсе алмаса ше? Екi қара болып шапса бiрiнiң болмаса бiрiнiң
к
өзiне қылаң берерi анық қой. Оған да сол қуғыншылардың бетiн
берi 
қайтаруды тапсырдым. Бұл бiр ержүректеу жiгiт екен, өз басы
үшiн қауiптенбедi. Тiптi қуғыншы топ Əбен ауылнайдың адамы деп
өзiне тап берген күнде де астындағы ойнақшыған атымен шаңыма
iлестiрмей кетермiн деген ны
қ сенiммен қақ қасымыздан қара жердiң
топыра
ғын көтере құйғытып шаба жөнелдi.
Бас
қаларына ең алғашқы аттандырған шабарманым сияқты жан-
жа
қтағы ауылдарды тез аралап, бұт артарларымыз бар, жоқ демесiн,
жаяу-жалпылы барлы
қ ер-азаматтарды аяғынан тiк көтерудi
тапсырдым. 
Өзiм де солай беттедiм. Дегенмен жаңа заманның лебiнен
халы
қтың жiгерi бiржола оянып қалған шақ қой, екi сағатқа
жетпейтiн уа
қыт шамасында əрқайсымыз он-он бестен қолдарына не
iлiнсе сонысын 
ұстаған азамат ертiп, бiздiң үйдiң қасына қайта
ошарылды
қ. Манағы ең алғашқы жiгiтпен жолдаған сəлемiмдi
естiгендер бiрдi-екiлеп келiп, 
қосылып жатты. Арамызда аттылар
м
үлдем аз боп шықты. Жаяудың аты жаяу, манағы топ үстiмiзге
келiп, шартта-ш
ұрт айқаса кетсек, олар басым боп шыға ма деген де
ой келедi.
К
өп сөйлер сөз жок, бəрi де өздерiн шақырып барғандардан iстiң
м
əнiсiн ұғып болған. Бəрiнiң де асырап отырған бала-шағалары бар.
Олар менi
ң басымды қорғауға емес, сол балалары үшiн талшық
етпек бол
ған еңбегiнiң құтын қорғау үшiн, сол үшiн қайрат жұмсап
қалуға келгендер. Осыны ойлаған мен қандай да батыл iске
ж
ұмсаудан тайынбаймын. Олар да менiң айтқанымды екi етпейдi.
Жиыл
ғандардың iшiнен алты атты бөлiндi. Бiр атқа өзiм, қалған
бесеуiне ы
қшам, қайратты көрiнген жiгiт-желеңдi отырғызып,
К
əукен өз артынан топ қуғыншыны ұзын құйрықтай шұбатып,
қарасын батырып кеткен жаққа бытырай шаппақ ниет бiлдiрiп едiм.
Ал жаяу-жалпы келгендердi 
қалдырып, аналармен шындап шайқас туа
қалған жағдайда қайнаған iстi осында аударып əкелмекпiн. Бiрақ
менi т
ұрған жұрт атқа мiнгiзбедi.


«Мы
ң қосшыға бiр басшы» деген. Iс насырға шапса, бiздей қараңғы
топ
қа аузына қарайтын адам керек. Қасымызда қалып, iске осында
араласы
ңыз. Тастаушы болмаңыз бiздi» дестi.
К
өпшiлiктiң осы райы жеңдi. Ал атқа мiнгендер дереу кең даланы
андыздай шапты. 
Əйтеуiр Кəукендi тiрi құтқардық. Бiрақ ауылға
əкелгенде кеудесiнде жаны ғана бар едi. Қуғыншылар жеткен жерiнде
сiлейтiп сабап 
үлгерiптi. Абырой болғанда ең алғашқы жөнелткен
т
ұтқын жiгiт бар пəрменiмен шауып отырып Кəукендi өлтiрмей
т
ұрғанда жетiп үлгерiптi. Қаладан əскер шақырды деп үрейi ұшқан
ол аналарды
ң арасында«өлсек бiргеболамыз» дегентiлеулестерi бар ма
əйтеуiр барын салыпты. Кəукен қуғыншыларды артына салып алып,
қу далада адастырып кетемiн деп ойласа керек. Қарагер аттың
ж
үрiсiне тым көп сенiм артты бiлем. Алғашқыда болжағанымдай
к
үнбатысқа қарай туралап шаппай, төбе-төбелердi қиялай қара үзiп
кеткен болады да, 
өзi туып-өскен жердiң ой-қырында жан ұшырып
ж
үрiп, адасты ма, аналардың бiр тобы алдын орап кеп қалғанын
а
ңдамайды. Екi жақтан төнген қуғыншылардың ортасында үрiккен
кояндай ор
ғып, оңайлықпен қолға түсе қоймайды. Ақырында ең
алды
ңғылардың аттары құйысқанын тiстей бастағанда, үстiндегi ала
шапанды шешiп алып, артына б
ұрыла айғайлайды:
– 
Əй, ала шапан киген мен қарагер ат мiнгендердiң бəрi ауылнай
емес. Мен 
өздерiңдей қара қазақпын. Ауылнай емеспiн. Əкiм
емеспiн. Мен К
əукенмiн, Кəукенмiн! – деп аттандайды. Олар аттың
басын керi б
ұрып, жеткенше менiң де бiр қам жасап үлгеретiнiмдi
бiледi 
ғой.
Өкпелерiн өшiргенiмен қоймай, жаңағы сөзiнде бiр қиянкестiк
жат
қанын ұққан қуғыншы топ ендiгi ашуды тырнадан алмақ болған
қасқырдай, долылықпен ұмтылады. Қалған шабыстың босқа екенiн
ұқса да, жетпей беттерi қайтпайтын қайсарлыққа мiнсе керек.
С
өйтiп, жан пида еткен Кəукен қолға түседi. Оның шыбындай
бiржола жаншылып кетпеуiне себеп бол
ған əлгi тұтқын жiгiт. Менiң
«
қаладан əскер шақыруға кiсi жөнелткенiмдi» бəрiне далитып тұрып
айтса керек. «Бастан 
құлақ садаға» десiп, сол жерде қуғыншылар
ендi К
əукенмен əуре болмастан, быт-шыт болып тарайды.


К
əукендi шығасылы жанымен алып келген – кейiн кеткен кiсiлер.
Содан к
өпке дейiн оңала алмады. Оның «ала шапан киген мен
қаракер ат мiнгеннiң бəрi ауылнай емес» деген қапелiмде аузынан
шы
ққан сөзi мəтелге айналып кетiптi. Мен кейiн осы сөздi
естiгенiмде iшiмдi кернеген ыз
ғармен салқын ғана езу тартып едiм.
Əлгi қуғыншылардың басты-басты адамдарын ұстаймын деп бiраз
əурелендiм. Ұстай қалсам, қырсыққанда оларды əдейi өзiм бұйрық
берiп, 
қалаға жаяу, жалаңаяқ айдатармын деп ойлағанмын. Бiрақ
жа
қын арада ешкiм қолға түспедi. Сөйтсем жалаңаяқ айдатпақ
бол
ған ойым дұрыс емес екен. Жаңа заманның лебiн өзiнше
қабылдап, асыра сiлтеуге салынғандар сол кезде бiраз болды. Менiкi
де бiр жа
ңсақтық екен. Кездейсоқ қана маңдайым тасқа тимей
қалыпты.
Сол к
үздiң соңын ала əлгi қуғыншылардың қайта бас құрамақшы
жаны сiрiлерi болар деймiн
қалаға бара жатып, жолай бiр жұмыспен
со
ққан үйiмде үстiмнен бас салды. Жалғызбын, басымнан қорқып
қару ұстайтын тағы мен емеспiн, өзiм үшiн болсын, өзге үшiн
болсын жан керек 
қой, тап бұл жерде басқаны ойлап жататын мұрша
жо
қ, үй иесiнiң ақыл салуымен iргеден шыға жөнелiп, жақын
жердегi 
қалың қурайды паналап, аман қалдым. Қараңғы түсiп
қалған, жыра-жыраға бiткен қалың қурайдың арасында тiкенек пен
б
ұта бет-аузымның дала-даласын шығарды. Кейiн бiреулер менi
«
қорқақ ауылнай» атапты. Жасып, жабықпадым. Бұл атаудың өзiме
жапсырса т
ұрмайтынын бiлгенмiн.
Өлерiне көрiнiп, желiккен сотқарлардың басты-бастыларын тап осы
бет-аузым 
қурай-тiкенекке таланған оқиғадан соң тап басып
ұстадық. Қайтып ешкiм бас көтермедi. Қайтып кедей-кепшiк пен
кешегi жуандар итаршыларыны
ң арасында пышақтасып, бас
жарыс
қан қырқыс болмады. Қалған күш-жiгерiмiз тек халықтың
санасын ояту
ға, ортақ еңбекке бағыттауға жұмсалды.
И
ə, Кəукен жайында бiраз ғана сөзiм бар. Сабыр етiп, соны тыңдасаң
болды.


О
ған осы соққыдан соң жарым жылға дейiн төсектен бас
к
өтертпейтiн, салмалы ауру тап болды. Кейде ғана өзiнен өзi
жадырап, бой к
өтергенi болмаса, бiр қара дерт ендi айықпастай
ме
ңдеп бара жатты. Ауру халiн көргенiмде сыртым бүтiн, iшiм түтiн
болып мен 
қаламын.
Жарым жылдан кейiн 
ғана Кəукеннiң сауыға бастағаны.
Та
ғы бiр қыс, жаз өтiп, суық күздiң соңы да жеткен.
Бiрде К
əукен ақсақал тағы науқастанып жатыр, сiздi келсiн деп
қатты өтiндi деген соң апыл-ғұпыл тұрып, солай қарай беттедiм.
К
əукеннiң науқастануы маған ең жайсыз хабар. Мен үшiн жеген
со
ққы зардабы жатқызған аурудан тұрғанына жылға жуық
өткенiмен əлденеден қатты секем ала берушi ем. Бұл кезде ел киiз
үйден шығып, саман үйге кiрiп алған. Кəукен де сондай үйде.
Сырт
қы табалдырықтан аттап ене бергенiмде Кəукен көкiрегiнiң қыр
ете 
қалғанын естiдiм. Жүрегiм су ете түстi. Төргi үйдiң
табалдыры
ғын аттап барып қана Кəукеннiң оң жақ керегеге таяу
салын
ған ағаш төсектiң үстiнде маңдайына кере қарыс ақ шүберек
байлап, шал
қасынан жатқанын көрдiм. Қасындағы орындыққа
т
үкiргiшiн, шақшасын койыпты. Тұсына күңгiрт түскиiз iлiнген.
Кемпiрi Б
үлiс терезедегi ақ матаны сырып, бөлменi жарығырақ етiп
жатыр. Ма
ған бұрыла қарағанында көптен көзiме түспей жүрген
а
қшыл өңiндегi молая түскен бiлеу-бiлеу əжiмдерiн терезе
жары
ғында айқын аңғарып қалдым. Байқаймын, тағы да ауыр мұң
бар. Бая
ғыдағыдай бала күйiгi емес, ендi Құдай қосқан косақ күйiгi.
Мен келiп К
əукеннiң түкiргiшi мен шақшасын жерге алып қойып,
орынды
ққа өзiм отырдым да, бiрден Кəукеннiң бiлегiне жармастым.
– К
əке, не болды? Жайшылық па?
– Жай, кеше мынау терiскейден тобыл
ғы алып едiм. Бiр үлкен түбiрдi
кетпенмен п
əрменiмше шауып қалғанымда он жақ бүйiрiме бiреу
бiрдеменi с
ұғып алғандай болды. Содан бүкiл денемнiң қатты
ауырлап жат
қаны.


Бай
қаймын, Кəкең қатты науқастанып қалыпты. Мұны тамырының
со
ғысынан байқадым. Жорғасынан жаңылған жылқыдай, əлсiн-
əлсiн жиiлеп кетiп, берекесiз соғады. Осыны аңғарып болсам да,
ысты
қ бiлегiн екi қолыммен бiрдей қысып ұстап отыра бердiм.
Ма
ңдайына таңған кере қарыс ақ шүберектiң астынан көздерi
еш
қандай белгi аңғартпай тыныш қарайды. Əншейiнде адам
баласына тура 
қадалмайтын бұл көздер Кəкеңде жоқ мiнездi таныта
ма? Б
ұрын да ағы мол қаба сақал ендi күн санап даланың жаңбыр
жу
ған боз жусанындай болып бiр түспен ғана қалыпты. Үстiне үйде
отырса да, т
үзге шықса да тастамайтын қытай барқытымен тысталған
к
өнетоз шапанын жамылған. Байқаймын сыр ашу ма, жоқ сынау ма,
əйтеуiр бұл кiсiде бөгде қарас бар. Тамырының берекесiз соғысын
жасырып, ж
ұбатпақ болдым да:
– Ж
ə, салқын тигiзiп алғансыз ба, қарт кiсiге күнде қонақ болып,
келiп-кете беретiн ауруларды
ң бiреуi ғой, – дей салдым.
– Е, Алла та
ғала алайын десе аурумен де келiп алады, аурусыз да келiп
алады. М
ұнысынан қорқып жатқаным жоқ. Тек мынау қыс келiп
қалған жиын-терiннiң уағында жатып қалғаным болмаса, – деп
е
ңкейiп барып мен қойған жерден ағаш тостағанды алып шырт
т
үкiрiп, қайта оңдалып жатты.
– 
Өзiң де мұқтасарды тамам еткен ғұламасың ғой. Оқыған да
шы
ғарсың. Алла тағалам бiр сөзiнде айтыпты дейдi ғой. Адамды
шын пейiлiммен ал
ғым келсе, ойыншық қылып барып алам деп. Сол
айт
қандай, маған пейiлi де түсiп тұр ма, кiм бiледi, – деп сұлқ түстi.
Осы бiр кекесiндi с
өзi менi осып түскендей болды. Жарты өмiрiмдi
арнап, 
өзiм құлшылық еткен Алланың бұлай дегенiн естiген жоқ
едiм.
– 
Əй, Кəке-ай, түсi жылтыр сөздiң iшi құнсыз болады дейдi,
Алланы
ң атынан сұлу сөз айтып, сырғып жүргендер бұл пəниде аз
ба. Май
ға сұққан қасықтай, лып-лып етiп, бiреуден екiншiге жұғып
ж
үрген көп сылдырауық сөздiң бiрi де. Əйтпесе, Тəңiрiм өз пейiлi
т
үскен адамын неге ойыншық етсiн.
К
əукен оң жақ бүйiрiн ұстап майыса түстi де iрге жаққа қарап кеттi.


– 
Қатты шаншыды ма, Кəке? – деп мен орнымнан түрегелiп барып
бар
қыт шапанмен iрге жағын қымтадым.
Бiраз 
үнсiздiктен соң Кəукен тағы да мазасызданып ширықты.
– Апыр-ай мына шаншу жиiлеп кеттi 
ғой, қайтер екен? Бүлiс, əй,
Б
үлiс, үстiме тағы бiр көрпе жапшы, – деп кемпiрiне дауыстады.
Ауыз
ғы бөлмеде жүрген Бүлiс тез ұшып-ұмтылып, төрде буулы
т
ұрған теңнiң үстiнен екi-үш көрпенi алып жалма-жан шалының
үстiне жапты. Бұдан кейiн мен құм аралас кiрпiш күйдiрiп, сыртына
үш-төрт қабат шүберек оратып бүйiрiне бастырттым.
К
əукен қария жатқан бөлмеге қисық мойны терезенiң бiр көзi
ар
қылы сыртқа шығып тұратын темiр пеш орнаттырып жiберiп, оны
жа
ққыздым. Жаз бойы үйдiң сыртында биiк қурайдың арасында
к
үтiмсiз жатып, тот басқан темiр пештен түтiн мен ыс аралас иiс
б
өлменi алып кеткенiмен, жылы леп ауру адамның жүзiнде нұр
ойнатты.
Б
ұдан кейiн Кəукен қасында көп отыра беруге уақытым болған жоқ.
Айтарлы
қ бiр сөзiм бар едi деген сынайын таныдым да, кешке
келермiн деп жа
қын маңдағы ауылға жүрiп кеттiм. Онда «ауылнайға
ж
үгiнемiз» деген дауласушылардың бiр шабарманы маған таңертең
келiп кеткен. Оны
ң не қылған дау екенi есiмде жоқ, əйтеуiр соны
тындырып 
қайтып келсем, Кəукен бiржола, тəуiр болғандай төсекте
басын к
өтерiп отыр. Жүзiнде албырт қызғылт нұр бар. Бүлiс шалына
жа
ңа ғана шай берiп соны жинаған екен. Мен төрге жайғасып,
барлай 
қарағанымда өңiнен басқа бiр өзгерiстi байқадым. Көзiнiң
асты iсiп, 
қос жанары қоюлап, жас буғандай жылтырады.
К
үн кешкiргенмен, батыс жаққа қараған терезеден үйге мол қызғылт
с
əуле түсiп тұр. Мен орнаттырған пеш көп жағылса керек. Үйдегi
ысты
қ леп, темiр иісi, мынау ұясына жақындаған күннiң сəулесi
К
əукеннiң жүзiнде албырт нұр ойнатқан. Қарт досыма жаным
ашы
ғанмен, менде сəл ыңғайсыздық бар. Ол неден екен? Əлде
К
əукеннiң iштегi сырын айта алмай толғануынан ба?
– 
Əбеке-ай! – дедi Кəукен ащылау даусымен менi ұйқыдан оятқандай
селт еткiзiп, – заман оза бередi, адам тоза бередi. Бiра
қ адамдағы кей


қасиеттер тозбай жасай бередi деушi едi. Сол рас қой. Бұл өмiрде не
к
өрмедiм? Жақсылыққа да, жамандыққа да белшемнен баттым емес
пе. Ендi т
өрiмнен көрiм жуық қалғанда саған айтар бiр сөзiм,
тапсырар аманатым бар едi.
Екi иы
ғының тамырлары тартылғандай қозғалақтап, əрең еңкейiп,
салалы 
қолдарымен төсек астынан кiшкентай ағаш қобдиды көтерiп
алды. Ол кiлттеулi екен. Кiлтi де 
қалтасында. Ашып маған мана өзiңе
к
өрсеткен гауһар тасты алып бердi.
– Та
ңданбаңыз, – деп Кəукен маған басу айтты. Сөйттi де ұзақ
əңгiмеге кiрiстi. Ол манағы мен айтқан Жəңгiр ханның өзi бақталас
бол
ған батырды жеке аңға ертiп шығып, сыртынан атып өлтiргенi
туралы, бiра
қ оның iнiсi Ерəлi батырдың алдында, сол ғазиз жанның
гау
һар тас туралы аманатын орындауға мəжбүр болғаны жайында
едi. Олар осы К
əукеннiң арғы аталары болып шықты. Ұрпақтан-
ұрпаққа сырғып, гауһар тас Кəукенге тиiптi.
– Б
ұл, – дейдi Кəукен, – адамға тəн ең асыл қасиеттiң бейнесi. Ол
қасиетiмiз – батырлық, ақындык, киын заманда жол тапқыш зерделi
а
қыл-ой. Осы гауһар тасты сондай қасиеттiң бiрi дарыған адамға өз
қолыммен тапсыру – менiң мойнымдағы аманат. Жаңа заманның көш
басшысы, ескiге 
ұлағат, жаңаға қолғанат болған, Əбеке, жол сiздiкi!
Мiне, гау
һар тас туралы мен бiлетiн əңгiме осымен бiттi, шырағым.
Мен 
Əбекеңнiң, сарғыш тартып, жылтырай түскен, əжiммен
бiлеуленген ж
үзiне, ұшқын атқан көздерiне, кепкен қайыңдай
кеудесiне 
қарай отырып, өзiм туралы, өзiмнiң жұмысым туралы
ойладым. Зерттеу институтын, онда
ғы аға буын, орта буын жəне өзiм
т
ұрғылас түр сипаты, мiнез құлқы əртүрлi, көңiлi көншiп
жайбара
қат отыратын уақыты жоқ мазасыз жандарды елестеттiм.
Сонымен, сiздер 
қалай ойлайсыздар, осы гауһар тастың ендi келiп
ма
ған тигенiне сiздер сенесiздер ме? Иə, Əбен қарт гауһар тасты
ма
ған бердi. Ол кiсiнiң тiлiмен айтқанда бүгiнгiнiң бəрiнен озық
ж
үретiн көшбасшысы ақыл-ой, ғылым. Мен сол ғылым сарайының
қолына сом балға ұстаған жұмыскерiмiн. Ендеше, жол менiкi.
Əбекең осыны айтты. Гауһар тасты алмауым мүмкiн емес едi. Қарт


оны а
ға ұрпақтың кейiнгi ұрпаққа қалдырар мирас дүниесiндей
қатаң жүзбен тапсырды.
Алматы
ға келдiм. Зерттеу институтының биiк тас қабырғасына қарай
к
өш құлаш табалдырық таспен өрлеп бара жатып, кiлт бұрылдым да,
қала үстiнен алып тостағандай төнiп тұрған, көк зеңгiр аспанның
жиектерiне 
қарадым. Ауылдағыдай емес, қалада көкжиектiң тура
тартыл
ған сызығын көре алмайсың. Бiрақ сол жер мен аспанның
арасын, 
əлем кеңiстiгiн тарамыстай тартып, құрсаулап тұрған бiр
к
үш иiлiп келiп менiң де кеудемдi көтергендей болды.
1968 жыл.
https://t.me/kzkitap


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет