Зачет сұрақтары


Денсаулық сақтау экономикасы



бет24/27
Дата14.03.2023
өлшемі88,4 Kb.
#74391
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Әлеуметтану дифф зачет

Денсаулық сақтау экономикасы –денсаулық сақтау жүйенің қоғамдағы орны мен мәнін, денсалық сақтаудың қоғамдық өндіріске әсерін, сонымен қатар денсаулық сақтау ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерін зерттейтін салалық экономикалық ғылым.
Қоғамның экономикалық құрылымында денсаулық сақтау қоғамдық өндірістің «өндірістік емес аясы деп аталатын» бөлігіне жатады. Денсаулық сақтау туралы бұл ұғым медицинаның қоғамдық пайдасын терістемейді, себебі денсаулық сақтаудың өнімі ретінде халық денсаулығы алынады. Денсаулық сақтау өндірістік сала болмағанымен еңбек қорларының қайта қалпына келтіріліп, еңбек өнімділігін арттыру, ұлттық табысты ұлғайту үшін күрделі үлес қосады.
Кез-келген қоғамдық-экономикалық құрылым өндірістік күштердің тұрақты түрде өсуін қарастырады. Оның себебі біріншіден еңбек ресурстарына деген қажеттіліктің артуы, екіншіден жұмыс күшінің жетіспеушілігі. Халық денсаулығына мемлекеттік саясат ақылы қамқорлық, әлеуметтік басым шаралардың бірі болып табылады. Сондықтан денсаулық сақтау экономикалық және әлеуметтік дамудың және қоғамдық өндіріс тиімділігінің қарқынын арттыратын тікелей және шешуші факторлардың бірі болып табылады.
Денсаулық сақтау экономикасын екі аспектіде қарастырады:
1) ішкі тиімділік (немесе денсаулық сақтаудағы шаруашылық тиімділігі) – медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастырушылық формаларын, медициналық қызметкерлер еңбегін ұйымдастырудың ұтымды түрлерін, медициналық көмекке қажеттілік нормативтерін экономикалық негіздеу, қормен жабдықталу, қорды жабдықтау, қормен қамтамасыз етілу, материалдық-техникалық базаларды пайдалануға беру, қаржылық және маман қорларын пайдалану, медициналық көмек шығыны және т.б.
2) сыртқы тімділік – денсаулық сақтау жүйесінің қоғамдық өндіріске әсері: жұмыс күшінің, қоғамдық өнімнің, қоғамдық қатынастардың қайта өндірілуі.
Қазіргі жағдайда денсаулық сақтау экономикасының кезгелген негізгі мақсаты медициналық қызметті өндіру және тұтыну арасында туындайтын экономикалық қатынастар кешенін зерттеу. Денсаулық сақтау экономикасында қолданатын жаңа қадамдар: қаражат жұмсауды ұтымды ету және азайту, тиімділікті жоғарылату; қорларды бөлу; екі жақтың арақатынастарын реттеу, денсаулықты қорғауға қатысты әр тараптың мәні мен орнын анықтау; қаржыландыру көздерін түрлендіру.

35. Денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі. Әлеуметтік маңызды аурулар.


Қазақстандағы медицина Қазақстан азаматтарының денсаулығы мен салауаттылығын қорғауға арналған. Қазіргі уақытта Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі нарықтық қатынасқа көшу кезеңін өткізуде. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Конституциясына, “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау туралы” Заңға, “Халық денсаулығы” атты мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.
2009 жылы 4 желтоқсанында ҚР үкметінің қаулысы бойынша «Қоршаған орта үшін ұсынылатын қауып қатерлер аурулары және әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесі бекітілген:
1. Туберкулез
2. Адамның иммунды тапшылық вирусының тасымалдаушысы және адамның иммунды тапшылық вирусымен шақырылған аурулар.
3. Вирусты гепатит В, С
4. Қатерлi жаңа түзiлiмдер
5. Қантты диабет
6. Психикалық бұзылыстар және мiнезқұлықтық бұзылыстар
7. Бала ми салы
8. Инфаркт миокардысы (алғашқы 6 айда)
9. Ревматизм
10. Байланыс тіндердің зақымдалу жүйесі
11. Орталық жүйке жүйесінің тұқым қуалау – дегенеративтті аурулар
12. Орталық жүйке жүйесінің демиелинизирленген аурулар. Аурулар тізімінде , сонымен қатар қоршаған ортаға қауып төндіретін жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциялық ауруларда жатады.
36. Жаңғыру және урбанизация.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет