Зачет сұрақтары



бет19/27
Дата14.03.2023
өлшемі88,4 Kb.
#74391
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
1.Капитализм деп жеке меншік билеу құқығын бекітетін және оны капитал ретінде өнеркәсіп орнына салу әрі осыдан пайда көру мүмкіндігін беретін экономикалық жүйені атаймыз. Бұл жүйеде белсенділік пен бәсеке қабілеттілік бағаланады.
Өнеркәсіптік төңкеріс капитализм дамуының сүйреуші күші болды. Өнеркәсіп дамуы жаңа зауыттар мен құрал-жабдықтарға капитал салуды талап етті.
Жаңа өнім түрлерін ендіру және белгісіз жаңа нарықтық аумақтарды игеру үшін ірі материалдық шығынды талап ететін қатерге бас тігу қажет еді. Міне капитализм кезінде осындай адамдар тобы: іскер адамдар, кәсіпкерлер, банкирлер пайда болды.
Кәсіпкер-капитализм дамуындағы басты тұлға. Ол өзінің және басқаның капиталын игеріп, көбейтеді.Капитализм бастапқы дамуында үкіметке тәуелсіз болды. Ол мемлекеттен тек шарттар сақталуын бақылауды және жеке меншікті қорғауды талап етті. Бірақ XІX ғ. Капитализм дамуы аяусыз қанау мен оған қарсы қозғалыстар тудырды. Кей елдерде бұл тіпті әлеуметтік төңкерістерге ұласты. Осыған сәйкесті капитализм мінезі өзгеріске ұшырады. Еуропа және американ капитализмі бірте-бірте үкімет органдары бақылауына алынды. АҚШ-та салық жүйесін және әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру арқылы кәсіпкерліктен түскен пайда қоғамдық бөліске салынды. Әлеуметтік қамсыздандыру, жұмыссыздық, медициналық көмек төлемақылары белгіленді. Өнеркәсіпте, транспортта, коммуникация жүйесінде, фондалық (құнды қағаз) биржаларында жаңа, мемлекет бақылауындағы ережелер бекітілді.
Қазіргі уақытта АҚШ үкіметі өнеркәсіп орындары бәсекелестігін күшпен сақтауға тырысуда. Өйткені АҚШ-та монополияға қарсы заңға қарамастан ірі корпорациялар ролі өсе түсуде. Сол сияқты кез-келген ел үкіметі бақылауынан тыс трансұлттық корпорациялар пайда болды. Қазіргі АҚШ капитализмі корпоративті капитализм деп аталады.
Қазіргі уақытта дүние жүзіндегі экономикалық жүйелер тек қана капитализммен шектелмейді. Американдық социолог Линдблом экономикалық жүйелердің төрт негізгі түрлерін бөліп шығарды.
1)Ең алдымен басшылыққа тұтынушылар мүддесін алатын жеке кәсіпкерліктің дәстүрлі жүйелері. Негізінен Батыс Еуропа, Солтүстік Америка елдері.
2)Үкімет субсидия жасап отыратын және дайын өнімді сатып алып отыратын жеке кәсіпкерлік жүйесі. Олар жеке болса да, оларға жоспарлаушы органдар белгілі бір деңгейде әсер етеді. Н.Смелзер мұның мысалы ретінде АҚШ қорғаныс өнеркәсібін атайды.
3)Баға сұраныс арқылы реттелетін мемлекеттік кәсіпкерлік. Әдетте мысал ретінде қазіргі Қытай, бірқатар ТМД елдері алынады.
4)Жоспарға қатал бағындырылған мемлекеттік кәсіпкерлік. Мысал ретінде Куба, Солтүстік Корея елдері алынады.
Еңбек және айырбас жағдайлары
Көптеген жағдайларда біз тек ақша үшін ғана еңбектенеміз. Біз тауар сол сияқты қызмет түрлерін де ақшаға алып пайдаланамыз.
Бірақ еңбектік қатынастарды ақшамен байланыстырмайтын қоғамдар да бар. Б.Малиновский Жаңа Гвинеядағы меланезий тайпасының экономикалық қарым-қатынастарын зерттеді. Олар бір-біріне тегін көмектесу арқылы өмір сүреді, яғни еңбек тек қана еңбекке айырбасталады.
Сол сияқты біздің өмірімізде де өнеркәсіп, тауар айналымындағы экономикалық емес факторлар өз ролін ойнайды. Мыс., сыйлық үшін ешкім оған эквивалентті ақша төлемейді. Сол сияқты бірқатар жағдайларда бір-бірімізге тегін еңбек етеміз. Әрине бізде мұндай жағдайларда ең басты рол атқаратын туыстық байланыстар.
Қазіргі қоғамдарды еңбек ролдерін бөлісуде жас айырмашылығы мен жыныстық айырмашылық та үлкен рол атқарады. Көптеген қоғамдарда жас балалар еңбегін пайдалануға тиым салынған, ал қарт адамдар экономикалық өмірге араласуды тоқтатады. Сол секілді көптеген еңбек түрлері (мыс., кеңсе жұмысы, медбике, бастапқы мектепте сабақ беру, балабақшада жұмыс істеу) тек қана әйел адам жұмысы болып саналады. Сол сияқты басқа еңбек түрлері (мыс. Қоғамдық тәртіп сақтау, қорғаныс, ауыр өнеркәсіп, шикізат игеру) тек қана ер адамдар жұмысы болып саналады.
Демалудың әлеуметтік контекстісі
Қазіргі уақытта демалу ролі өте көтерілді. Төрт күндік еңбек жұмысы мен жұмсақ еңбек кестесі кең таралуда. Көптеген елдерде өмір сүру жағдайларының көтерлуіне байланысты демалуға және осыған байланысты қызмет түрлерін пайдалануға көп уақыт пен қаражат бөлінеді.Демалыс уақытын өткізу ерекшеліктеріне таптық тек те өз әсерін тигізеді. Мыс., жоғары кірісі бар адамдар мәдени шараларға көп көңіл бөледі, ал орта кірістілер әдетте спорттық ойындарға баруды, ал төменгі кірісі барлар парктерде демалуды ұнатады.
30.Жаһандық қоғамда еңбек рөлінің өзгеруі.
Жаһандану (ағылш. Global — «әлемдік», «дүниежүзілік», «жалпы») — жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. "Жаһандану" бүкіл жер жүзінде жайылу, таралу деген мағынаны да, әлемдік елдердің біртұтас адамзаттық мәдениет қалыптастыру екпініне ілесу дегенді де білдіреді. Экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — нарықтардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар.
Еңбек нарығында қалыптасып жатқан жағдай мемлекеттің, бизнестің және жалпы қоғамның үнемі назарында. Ол елдің экономикалық дамуына, әлеуметтік саясатқа, кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне, сондай-ақ жеке адамның әл-ауқатына да әсер етеді. Сонымен бірге, еңбек нарығының өзіне демографиялық, экономикалық, технологиялық және саяси трендтер тарапынан үлкен ықпал жасалынады. Нәтижесінде, әр мемлекеттің еңбек нарығы бірегей болып келеді. Бұл жаһандық және ұлттық деңгейде жан-жақты талдау жүргізу қажеттілігіне алып келеді.
31. Қазақстан жаһандық әлеуметтік-экономикалық жүйеде.
Экономикалық жүйе -экономикалық өнімді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну барысында туындайтын негізгі экономикалық қатынастардың нысаны мен мазмұнын айқындайтын қағидаттардың, ережелердің, заң жүзінде баянды етілген нормалардың тарихи тұрғыда пайда болған немесе белгіленген, елде жұмыс істеп тұрған жиынтығы. Кеңестік кезеңде саяси құжаттар мен экономикалықжарияланымдарда “әлеуметтік-экономикалық жүйе” және “әлеуметтік-экономикалық саясат” деген терминдерді қолдануды жөн санады. Сол арқылы экономикалық дамудың әлеуметтік мәнін атап көрсетпек болды. Алайда объектінің мұндай атауымен келісуге болмайды, өйткені адамдар үшін және солардың тікелей қатысуымен жұмыс істейді. Экономикалық жүйенің барлық қырларын - экологиялық жағын, аумақтық жағын, әлеуметтік жағын, басқа жақтарын да кешенді түрде алып қараудың маңызы зор. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде Экономикалық жүйені ішкі екі жүйе: макродеңгей мен микро деңгей түрінде түсіну кеңінен таралды. Осы тұрғыдан алғанда макродеңгей республикалық заңшығарушы және атқарушы органдар және жергілікті билік органдары ретінде түсінілді. Микро деңгей түрлі салалар ретінде ұғынылды. Микро деңгей сонымен қатар меншік нысандары тұрғысынан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың жиынтығы ретінде, яғни ірі, орта және шағын бизнестің жиынтығы ретінде де зерделену імүмкін. Кез-келген басқа жүйе сияқты.Экономикалық жүйе оның құрамдас нышандарының арасындағы байланыстармен сипатталады. Бұл байланыстар объективті экономикалық заңдардың әсерімен қалыптасады. Сонымен,экономикалық жүйе -мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізу үшін теориялық тұғырнама ретінде қызмет ететін экономикалық ғылым зерттеуінің күрделі, көп деңгейлі объектісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет