10 нұсқа Нақты x, y сандары берілген. Егер x және y оң сан болса, онда оларды түбірден шығарыңыз; егер тек біреуі оң болса, онда оларды квадраттаңыз. Егер x және y теріс сан болса, онда олардың абсолют шамасын табыңыз.
Бүтін a, b, c, d сандары берілген. Нөлге тең емес сандардың көбейтіндісін табыңыз. Егер барлық сандар нөлге тең болса, экранға мәлімет шығарыңыз.
11 нұсқа Нақты x, y сандары берілген. Егер x және y теріс сан болса, онда олардың әрқайсын квадраттаңыз; егер тек біреуі теріс болса, онда оларды 10-ға кемітіңіз. Егер x және y оң сан болса және біреуі [1;3] аралығында жатса, онда оларды түбірден шығарыңыз. Қалған жағдайда “Шарттың ешқайсысы орындалмады” деген мәлімдеме шығарыңыз.
Бүтін a, b, c сандары берілген. Тақ сандардың қосындысын табыңыз. Егер барлық сандар жұп болса экранға мәлімет шығарыңыз.
13 нұсқа Нақты a, b, c сандары берілген. Егер 0 < a < b < c болса, онда әр санды ең кіші санмен алмастыру керек. Егер a>b>c болса, барлық сандар өз квадраттарымен алмастырылады. Егер кем дегенде бір сан нөлге тең болса, ол жайлы мәлімет шығарып, сандарды өзгеріссіз қалдырыңыз. Қалған жағдайларда сандар олардың арифметикалық отртасымен алмастырылады.
Бүтін x, y, z ( x≠ y, x≠ z, y≠ z ) сандары берілген. Осы сандардың ең кішісін тауып, оның жұп екендігін тексеріңіз.
14 нұсқа Нақты а саны берілген. f(a) –ны есптеңіз.
Нақты a, b, c сандары берілген. (0, +∞ ) аралығында жататын сан үшін натурал логарифмді есептеңіз (сан оң және нөлден үлкен болуы керек).
15 нұсқа Нақты a, b, c, d сандары берілген. Осы сандардың терістерін квадраттап, ал оң сандарын түбірден шығарыңыз.
Нақты a, b, c, d сандары берілген. Егер кем дегенде бір сан нөлге тең болса, ол жайлы экранға мәлімет шығарыңыз, кері жағдайда a-ның b-ға және c-ның d-ға қалдықсыз бөлінетіндігін тексеріңіз.