Йодометрия әдісі J2 бос күйіндегі иодтың J– -иондарына дейін тотықсыз-дану немесе J– -иондарының бос иодқа J2 дейін тотығу реакцияларына негізделген әдіс.
Басқа галогендер сияқты J2 электрон қосып алғыш қасиетке ие. Сондықтан, йод атомы реакцияларда тотықтырғыш рөлін атқарады:
J2 + 2e ↔ 2J–; fэкв(J 2) = 1/2 Ал J– анионы, керісінше өзінің электрондарын беріп жіберіп, тотықсыз-дандырғыш рөлін атқарады:
2 J– - 2e ↔ J2; fэкв(J 2) = 1/2 Йод перманганат пен бихромат -иондарына қарағанда әлсіз тотықтырғыш, ал J– -иондары Сr3+ пен Мn2+ -иондарымен салыстырғанда күштітотықсыз-дандырғыш.
Cонымен, йодометриялық әдісте жұмысшы ерітінді ретінде йодтың және тиосульфаттың ерітінділерін пайдалануға болады.