Заголовок презентации



бет11/13
Дата26.04.2023
өлшемі1,88 Mb.
#87023
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Лекция 9. Редоксиметрия әдісі(3) 5

Иодометрия әдісі


Йодометрия әдісімен тотықтырғыштарды да, тотықсыздандырғыштарды да анықтауға болады. J2/2J– тотығу-тотықсыздану жұбының стандартты тотығу потенциалы. Сондықтан, осы потенциал мәнінен тотығу-тотықсыздану потенциалы төмен заттар тотықсыздандырғыштар болып келеді. Тотығу потенциалы ( ) жоғары заттар тотықтырғыш болады, яғни реакция бос йод түзілу жағына ығысады. Осыған байланысты J2 / 2J– тотығу-тотықсыздану жұбын екі жақты пайдалануға болады:
1) тотықсыздандырғыштарды J2-мен титрлеп;
2) тотықтырғыштарды J– -иондарымен тотықсыздандыру арқылы.

Йодометрия әдісі

Иодометрия әдісі

Тотықсыздандырғыштарды анықтау


Йодпен оңай тотығатын заттарды тікелей калий йодиді ерітіндісімен титрлеп анықтауға болады (тура титрлеу әдісі). Мұндай заттарға күкірт(IV) оксидін SO2, натрий тиосульфатын Na2S2O3, қалайы(IV) хлоридін SnCl2 және т.б. жатқызуға болады.
Зерттелетін ерітіндіге артық мөлшерде калий йодидін қосады, тотықтырғыш онда қатаң түрде йодтың эквиваленттік мөлшерін бөліп шығарады.
Мұндай жағдайда жұмысшы ерітінді J2 йод ерітіндісі болады. Йод ерітіндісінің титрін AsО2– арсенит-ионмен анықтайды. Титрлеуді әлсіз сілтілік ортада (рН < 8,0) натрий гидрокарбонаты қатысында жүргізеді.
Сондай-ақ ерітінділердегі қышқылдардың мөлшерін де йодометриялық әдіспен анықтайды (орынбасу әдісі), мысалы:
Реакция нәтижесінде бөлінген бос йод мөлшері, бөлінген сутек ионының Н+ мөлшеріне эквивалентті болады. Сондықтан, йодты тиосульфатпен титр-леу арқылы тұз қышқылының нормальдылығы немесе мөлшерін анықтайды.

Иодометрия әдісі


J– -ионын бос йодқа дейін тотықтыра алатын заттарды анықтайды (жанама титрлеу әдісі). Мұндай заттарға калий перманганатын KMnO4, калий дихро-матын K2Cr2O7, марганец (IV) оксидін MnO2, мыс (ІІ) тұздарын CuSO4, хлорды Cl2, бромды Br2 және т.б. жатқызуға болады.
Тотықтырғыштардың калий йодидінің артық мөлшерімен реакциясы қышқылдық ортада жүреді. J– -ионының тотығу нәтижесінде бөлініп шыққан йодты натрий тиосульфатының ерітіндісімен титрлейді. Мұндай жағдайда жұмысшы ерітінді натрий тиосульфаты Na2S2О3 болады. Натрий тиосульфатының титрін калий бихроматымен анықтайды.
Көптеген тотықтырғыштарды натрий тиосульфатымен тура титрлеуге болмайды, өйткені эквиваленттік нүктені анықтау қиынға соғады. Сондықтан йодиметрия әдісімен тотықтырғыштарды анықтағанда көбіне жанама әдісті қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет