Мысалы, 25мл 0,1н FeSO4 ерітіндісін 0,1н Ce(SO4)2 ерітіндісімен титрлеуді қарастырайық. Тотығу-тотықсыздану титрлеуінде титрлеу қисығының алғашқы нүктесін есептемейді, оның себебі ерітіндіде анықтайтын заттың бірақ түрі жүреді (Fe2+), ал екінші түрінің концентрациясы өте аз және белгісіз. Сондықтан потенциалды титрантты құйғаннан кейін ғана есептей бастайды.
Титрлегенде жүретін реакция теңдеуі:
•Эквиваленттік нүктеге дейін жүйенің потенциалы титрлейтін зат жұбының (Fe3+/Fe2+) потенциалымен анықталады:
• Эквиваленттік нүктеде жүйенің потенциалы ерітіндіде жүрген екі тотығу-тотықсыздану жұбының (Fe2+/Fe3+ және Се4+/Се3+) потенциалымен анықталады. Сондықтан бұл потенциал екі жұптың потенциалдарының қосындысына (Е(Fe3+/Fe2+)+ Е(Се4+/Се3+)) сәйкес болады:
Титрлеудің кез-келген нүктесінде [Fe3+] = [Се3+], ал эквиваленттік нүктеде [Fe2+] = [Се4+] болады. Осыдан
([Fe3+]/[Fe2+]) · ([Се4+]/[Се3+]) = 1;
2E = E0(Fe3+/Fe2+) + Е(Се4+/Се3+), себебі lg1 = 0.
Титрлеу қисығы
• Эквиваленттік нүктеден кейін ерітіндіде титранттың тотығу-тотықсыздану жұбы пайда болады (Се4+/Се3+), жүйенің потенциалы осы жұптың потенциалымен анықталады:
Бұл жұптың тотықсызданған түрінің (Се3+) концентрациясы өзгермей, ал тотыққан түрінің (Се4+) концентрациясы титранттың көлемі артқан сайын өседі.
[Сe3+] = 25,00мл ·0,1н:
[Сe4+]= VСе4+· CСе4+- VFе2+· CFе2+= 26,00 · 0,1 – 25,00 ·0,1 = 0,1М
Табылған мәндерді орнына қойса:
1 - титрлеу секірісі;
2 - эквиваленттік нүкте;
Титрлеу қисығындағы секіріс потенциалдың келесі өзгеріс аймағында жатыр: 0,90 – 1,30, т. е. АЕ ~ 1,30 - 0,90 = 0,40 В, эквивалентік нүктеде потенциал 1,105 В тең. Бұл жағдайда индикатордық потенциал шамасы 0,90—1,30 В интервалында жататын индикаторларды таңдауға болады: N-фенилантранил қышқылы (Е° = 1,00 В) және ферроин (Е° = 1,06 В).